Тіл бұзарға тосқауыл!

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Таза тіл» ерікті жастар тобы, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жастар тобы «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының 21 бабына сәйкес келмейтін Қызылорда қаласында орналасқан ойын-сауық, сауда және басқа да алдын-ала ескерту жасалынған жекеменшік нысандарды қайта аралады. Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейту, қазақ тіліне деген құрметті арттыру.





Айтылған ескертулерді назарға алмай, сыртқы көрнекі, ақпараттарын заңға сәйкес өзгертпеген жекеменшік нысандары жергілікті БАҚ беттеріндегі «Тіл бұзарға тосқауыл» атты айдарына, интернет сайттарға жарияланатын болады. Алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Таза тіл» ерікті жастар тобы облыстық тілдерді дамыту басқармасымен әріптестік байланыс орнатып, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше