Жастар кадрлық резерві – 2013

Жастар көп жиналатын қоғамдық орындарда Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Ақпараттық насихаттық топ» еріктілері «Жастар кадрлық резерві — 2013» жобасы туралы, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жоғары оқу орындарын бітіруші және жоғары білімді жастарға жобаның жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
2010 жылдың 14 мамырында «Жас Отан» Жастар қанатының І Съезі барысында Елбасы Н.Назарбаев жастар арасынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек» деген болатын. Бұл мәселе 2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының II Форумында да көтерілгені белгілі. Осыған орай, бүгінде «Жастар кадрлық резерві» жобасы еліміздің барлық аймақтарында конкурстық негізде, 29 жасқа дейінгі ұшқыр ой-пікірі бар, жоғары білімді жастар арасында өткізілуде.





Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты ҚР Президентінің «Болашақ" стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен бірігіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жұмыс қызу жүргізілуде.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше