Заречная көшесіне көктем қалай келді?

Кинематографияның тарихы бір ғасырдан жаңа аттап жатса да, көптеген шедеврін туып үлгерген өнер саласы. «Ой қазір ол өнер болудан» қалған, коммерцияға айналған" демеңіздер, себебі барлық заманда, барлық өнер саласында да солай болып келген. Шедевр ол сондықтан шедевр, мыңның бірінен пайда болатындығынан. Қазір де кино саласы сондай, шедеврлер шығып жатыр, тек олардың өздерінінің бір дүмпу кезеңдері болады. Тек қазір сол кезең емес демесек, бәрі жақсы менің ойымша.
Сонымен маған шедевр болып үлгерген «Заречная көшесіндегі көктем» фильміне тоқталайын. Бұл фильм 1956 жылы екі кеңес режиссерімен бірігіп түсіріліп, хрущевтік жылымық кезеңінің ең атақты картинасына айналған.
Жанры: мелодрама
Басты рөлдерде: Николай Рыбников /«Девчата» фильмін көрсеңіздер танисыздар/ мен Нина Иванова /дебют/
Не туралы: Жұмысшылар поселкасына педагогикалық институттың түлегі Татьяна Сергеевна жұмысшы жастардың кешкі мектебіне орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруге келеді. Оның сыныбында жол бойында танысқан пысық та көңілді Саша Савченко бар болып шығады. Саша — поселкадағы танымал тұлға, ол — сталевар, еңбек үздігі. Фильмнің басында бірнеше махаббат үшбұрыштары пайда болады, басты назарда Сашаның мұғаліміне деген бастапқыда жауапсыз махаббаты. /спойлер емес/
Фильмде махаббат, шын достық пен арам достық, жаман адамдардың жақсы адамдарға бөгет болуы сияқты бәрімізге танымал өмір суреттеледі. Фильм «Аспан балалары» сияқты таза, пафоссыз, тіке ештеңе айтылмайды.

Мынау фильмнің постері:

Саша және мұғалімі:


Фильмнің өзіне сілтеме:
baskino.com/films/melodramy/1323-vesna-na-zarechnoy-ulice.html
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше