Жас қазақ

Тақырыпқа көз жүгірте салып," Мынау осы аттас газетті жарнамалап отыр" деп ойлап қалмаңыздар. Біреуге қызықты, біреуге қызықсыз бұл жазбамда Рамазан Елебаевтың (1910-1943ж.ж.) «Жас қазақ» әнінің тарихына тоқталмақшымын. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде талай қандасымыз ерлік көрсетіп, біршамасының ескерусіз қалғаны да рас. Бородино түбіндегі шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровты бүгінде біреу білсе екеу білмейді. Өзінің майдандас досының қазасын Рамазан осы әнімен жоқтап, оның ерлігін бізге жеткізді. Төлеген ТоқтаровБұл әннің неше күнде шыққанын кім білсін, бірақ оның сонау майдан даласынан елге келуінің өзі ерлікке пара-пар дүние. 1942-1943-ші жылдар аралығында майдангерлерге жігер беру мақсатындда қазақстандық концерттік бригада құрылады. Бригада құрамында көптеген өнер жұлдыздары бар болатын. Бірақ, біздің тоқталатын өнерпазымызЖүсіпбек Елебеков. Панфилов атқыштар дивизиясынан аттанғалы тұрған бригадаға түнделеті баян арқалаған, аяғына шаңғы таққан Рамазан Елебаев келеді. Майдандас досы Төлегеннің ерлігі ұмытылмас үшін, кейінгі ұрпақ жырлап жүрсін деген мақсатта «Жас қазақ» әнін елге жеткізіңдер деген аманатын айтады. Жүсіпбек әуенді домбыраға салып алады. Елге аман-есен жеткуен соң «Аманатқа қиянат» жасамайын деп әуенді Ғабиден Мұстафинге тартып береді. Жүректен жүрекке дәл жеткен бұл әуеннің сөзі осылайша туған екен.
soundcloud.com/user306205199/onq9kb9kp6uu Әнді осы сілтемеге өту арқылы тыңдай аласыздар.
Жас қазақ

сөзі: Ғабиден Мұстафин
әні: Рамазан Елебаев


Қар жамылған кең дала қанға бөгіп,
Күрілдейді сұр аспан өлім төгіп.
Жас қазақ мұрттай ұшты уралап.

Жанын қиып кете алмай жас өмірден,
Асқақтаған арманға өрмелеумен.
Жас қазақ жатты көзі от жайнап.

Сол бетінде жан берді ол, тұрмады,
Ары үшін елімнің боп құрбаны.
Жас қазақ атылды оқтай көре сап.

Ел қорғаған майданда жас арыстан
Төлегендей артыңа қалдыр дастан.
Жас қазақ жатты жауын жаныштап.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше