Қазақстан жалғыз ұлы қазақтың!

Қазақтың тамағын қонағы жейді десек артық емес шығар. Қазақстан ең үлкен қазан. Қазақстан қазанының қазаншысы жоғарыдағы «көкелер». "Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса" дегендей, олар да өз білгенін істеуде. Қазақ халқы ен байлықтың үстінде отырса да, қолдары ауыздарына жетпей отырғандары қаншама. Қазақ тек салыстыруды ғана біледі,"әйтеуір ана басқа елдерден гөрі шүкірміз" ғой деп. Аллаһ бізге бәрін берді емес пе, неге соны ақылмен пайдаланбаймыз?! Мұнай, газ,қазба байлықтардан бөлек табиғатта қаншама дәрілік өсімдіктер бар. Ал қазір ауырып, емханаларға барсаң, дәрілері қымбат, ауыруға қорқасың, Орыстың саясаты өтіп кеткен қазаққа. Әлі күнге Егемен ел екеніне сене алмай жүр,әлі де орыстарға жалтақтайды. Ойбай, осы күнімізге шүкір, орыс естіп қалып, тыныштығымыздан айырылып қалармыз дегендей. «Ауруын жасырған ауырмай өледі» деген бар, тек қана жетістіктерді ғана айтып, кемшіліктерге көз жұма беруге болмайды. Кішкентай тастар да жинала берсе тау болады. Кішкентай әлеуметтік жағдайларда, жинала келе үлкен қауіп болуы мүмкін. Қазақтың көкірек көзі ашық, намысты халық, халықтың жағдайын ойлау керек, шет елге жақсы көріну керек емес. Қазақстанның басты байлығы оның халқы. Әлде тек Конституцияда ғана солай ма? Аллаһтың бізге берген қазынасын тиімді пайдалану керек, шет елге сата бермей! Қазақ өз қазақ тілінде сөйлеп, ойлай білсе ғана туған ұлтына жан ашиды. Тілі шұбардың ойы да ала. Ел байлығын сататындар да солар! Ата дінімізге қолдау көрсетіп, иманды ұрпақ тәрбиелеу керек. Имансыз ел — азған ел!
Аллаһ елімізге баянды бақыт, жарқын болашақ, иманды ұрпақ, салиқалы қауым, ақылды басшы нәсіп етсін!
Әрі қарай

Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында) (Жалғасы....#2)

Амалсыз қорыққаннан бұлар түсті,
Көрмейміз, — деп едік мұндай істі.
Алдынан қашқан ісің кез қылыпты,
Құданың құдіреті қандай күшті.

Бұл қыздың екеуіне көңілі кетті,
Тамаша, қызық мәжіліс, ойын етті.
Қызбенен екі патша ойнап күліп,
Жұмысы көңілдегі түгел бітті.
Қыз екен диюмен жүріп жаһан кезген,
Телміріп көрінгенге көзін сұзген.
Шығарды бір әмиян қалтасынан,
Ішінде талай жүзік жіпке тізген.

Әрі қарай

Төрт ұста

ТӨРТ ҰСТА

Айтайын мен бір тымса әңгімені,
Мал табу, жер көру ме, әлде нені?
Ойына алып, ел-жұртын таң қалдырған,
Кезіпті төрт өнерпаз дүниені.

Бірігіп бұл төртеуі келер еді,
Біреуі – ағашқа ұста шебер еді.
Біреуі – киім тіккіш, бірі – зергер,
Қолынан алуан жұмыс келер еді.

Әрі қарай

Той әнектері

Тойға бармайтын қазақ жоқ. Тойшыл емеспін деген қазақтың өзі кемінде 3 тойға баратын шығар бір жылда. Туған-туыстың, дос-жаранның тойына қонақ болуымды есептесем орта есеппен жылана 4 мәрте тойда қонақ болады екенмін.
Келіншегіміз баламен демалып отырған осы бір тұста жуанның жіңішкеруін, жіңішкенің үзілуін күтпей ауыздан кеп тұрған соң биыл беттің арын белбеуге түйіп асабалықты бұрқыратыңқырап жібердім. Енді жұмыстың кестесі қызар тұста сәл тоқтай тұрармыз. ол басқа әңгіме.
Біздің айтарымыз… Тойларда қонақ болып келіп, ән айта алмаса да керемет қалжың айтып кететін ағаларымыз болады. Тойдың әнектері дегеніміз, жан-жағынан сүзгіден өткен әнектер.
Әрі қарай

Ауыл жастарының арманы асқақ

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен облысқа қарасты Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Арал аудандарында «Бүгінгі жас — ертеңгі ел болашағы» тақырыбында ауыл жастары, еңбек майданындағы жұмысшы және жұмыссыз жастардың қатысуымен әлеуметтік конференциялар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты -«Дипломмен — ауылға!», «Жастар кадрлық резерві-2013», «Бизнестің жол картасы — 2020», «Қолжетімді баспана — 2020», «Жасыл ел» еңбек жасағы, Қызылорда облысы бойынша құрылған «Жас құрылысшылар жасағы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жастарды кеңінен, ақпараттандыру.
Әлеуметтік конференцияға аудандық әлеуметтік сала басшылары, «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық, аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Жастар бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл жастарының кездесу барысында көтерген мәселелері 27 шілде күні Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі кеңесте талқыланатын болады.
Әрі қарай

Майз гель

«Жылуынан сұлуын» таңдап, "Қымбатынан арзаны" деп өмір сүріп жүрген көбіміздің басымызда бар тізе қақсау мәселесінің шешімі табылды(СПИД-тің емі табылды дегендей джынды кетті ме?). Негізі, оның шешімі аяқты жылы ұстап жүру, құрғақ аяқ киім кию және жылы киіну екені бесенеден белгілі ғой. Қыртылдатпай іске көшейінші…
Тізеңіз қақсаса…
Үйде жүріп-ақ ем-дом жасай аласыз. Ол үшін сізге шамалы күріш, жылқының майы, мәрлі не болмаса дәке, салапан қалташа және он күн керек. Енді, асықпай тарқата айтайын.
Жылқының майын қайдан аламын? Өтте орынды сұрақ. Басқа малдың етін араластырмай асқан жылқы етінің сорпасының бетіндегі май. Қалқып алыңыз да тәрелкеге, баклажкаға қажетіңізше салып алыңыз.
Енді, дайындалу әдісіне тоқтала кетсем.
Күрішті суға бұқтырасыз(шала пісіресіз).
Содан кейін, ені 6 еліге жуық, ұзындығы тізеңізді 3-4 мәрте орай алатындай етіп даярлап қойған мәрліге 1 уысқа жуық күрішті саласыз. Оның үстіне жылқы майын қосасыз. Киіміңізді, төсегіңізді былғамас үшін сыртынан мұқияттап салапанмен орайсыз. Оның сыртынан мәрлімен және бір рет орап тастаңыз.
Бұл әдісті жатарда қолданған жөн. Таңертең немесе 3-4 сағаттан соң күрішті алып тастауға болады. Ескерту, бұл әдісті он күннен артық қолданбаңыз. Себебі, жылқы майының еріткіштік, жібіткіштік қасиеті бар. Баяғы сынықшылар, қисық біткен сүйекті тегіннен-тегін жылқы майымен жібітіп, қайта орнына келтірмеген болар.

Екі-үш ай сайын қайталауға болады. Көбіне, бірінші он күндіктен соң әсері кәдімгідей байқалады.
Әрі қарай