Ауыл жастарының арманы асқақ

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен облысқа қарасты Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Арал аудандарында «Бүгінгі жас — ертеңгі ел болашағы» тақырыбында ауыл жастары, еңбек майданындағы жұмысшы және жұмыссыз жастардың қатысуымен әлеуметтік конференциялар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты -«Дипломмен — ауылға!», «Жастар кадрлық резерві-2013», «Бизнестің жол картасы — 2020», «Қолжетімді баспана — 2020», «Жасыл ел» еңбек жасағы, Қызылорда облысы бойынша құрылған «Жас құрылысшылар жасағы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жастарды кеңінен, ақпараттандыру.
Әлеуметтік конференцияға аудандық әлеуметтік сала басшылары, «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық, аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Жастар бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне қатысты ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл жастарының кездесу барысында көтерген мәселелері 27 шілде күні Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі кеңесте талқыланатын болады.
Блог - 77777_000_abk: Ауыл жастарының арманы асқақ

Блог - 77777_000_abk: Ауыл жастарының арманы асқақ
Бөлісу:

1 пікір