Қасиетті аяз (Крещенские морозы)

Блог - ErNur: Қасиетті аяз (Крещенские морозы)
Суреттің сілтемесі мында

Исі Христиан жандардың аяз мерекесі жайлы әңгіме. Осы күндері өзен көлдерден крест үлгісінде ойықтар жасап, суға шомылады. Олардың сенімі бойынша осы суға шомылу күнәларын тазартып, арылтады-мыс. Денсаулықтарына жақсы әсер береді. Ендігі айтпағым осы былтыр кабинеттестеріміздің арасында бәстесу болып, болмай қалған. Кейбіреуі осы күні кәдімгі краннан су ағызып алып сақтаймыз, пайдаланамыз, қанша уақыт өтсе де өзгермейтінін айтып қоймайды, ал біз ( меніңше де) оның мүмкін емес екенін айтып бақтық. Биыл бұйыртса енді суды әкелтіп сенушілерге сол күнгі, біз келесі күнгі судан алып екі ыдысқа құйып қойып бақылап көретін болып келістік. Ал сендер бұл жайлы не білесіңдер? Жалпы сенесіңдер ме?
Әрі қарай

Пост. . .

Блог - esentemir_27: Пост. . .
Өмір –айна секілді екіжақты.Бірде бақыт қасымызға келе бергенде қайғыда ілесе келеді,өмірің енді – енді жақсарып келе жатқанда жамандық келіп аяғынан шалып кететіні жаман-ақ,өмірің енді өз жылуын беріп жатқанда суықта семсерін сүйретіп өз үлесінен құр қалмайды.Әйтеуір бәрі сені көре алмайтын секілді, кейде бәрі сен үшін ең мейрімді адамдар болып көрінеді. Бірақ қайдам бәрі уақытша екені осы мысалдарда жеткілікті екенін біліп тұрып білмей, көріп тұрып көрмей қалатынымыз жаман. Үнемі “бақыт”-деген ұшатын кілемнің артынан қуып жеткіміз келеді, бірақ ұшқан кілем көбіне –көп қасына кеп қона салмайды.Артынан жүгірткенді жақсы көретін секілді.Үнемі бақытқа қолымыз бір елі жетпейтіндей қол созып талпынамызда жүреміз.Бірақ бақытта бұйрықпен басқа орнайтын бақ…

Кейде біз жаман заттарымызды, жаман құтыға қалай салсақ ойымыздан кетпейтін жаман сәттерді, жаман ойларды сол керек еместерді миымыздағы жаман құтыға сала саламыз тап өмірдегідей, ойланбастан.Бірақ сол жаман құтынын ішіндегі жаман ойлар мен сәттер бір күні өз арнасына сыймаған судай ақтарылары анық. Ойланып көрдіңіз бе, бір сәт болса да.

Кейде өмірден жылап жүргенімізде миымыздағы жаман құтыдағы нәрсені төгіп жылап аламыз, сол жас арқылы жаман құтыны тазартып жуғымыз келеді бірақ қайдам іріп – шіріген құты қайтадан қалпына келмейтіні анық...

Миыңыздағы жаман құтыдан ертерек арылыңыз, бұл сіздің өміріңіз үшін өте маңызды...
Әрі қарай

Біздер, Біздер

Тұңғышбай Жаманқұлов айтатын «өнер адамы» өлеңінің ізімен
Біздер, біздер қазақ деген халықтың ұлымыз,
«Интернет» деген қоқыс жәшігінің құлымыз.
Барды-бар деп жоқты-жоқ деп жасырмай,
Әлеуметтік желіні шулатып жүрген жындымыз.

Біреулердің оғы жоқ боп атарға,
Іздеп жүрміз «оппозияциялық» сапарды.
Жыртығынды жамап беріп жақсының,
Ешкім бізді қоса алмай жүр қатарға.

Алдымызда жалт жұлт етіп от шырақ,
Интернетсіз бірдеңе жетпегендей боп тұрад.
Ата-әжелер жаны қалмай жатса да,
Әлі күнге шын түсінген жоқ бірақ…
Әлі күнге шын түсінген жоқ бірақ…

Жанымызға ешкім бермей тынышытық,
Блогерлердің көңілін тауып ұғыстық.
Ғаламтордың пайдасы мол екенін,
Қазақтарға түсіндіруге тырыстық.
Бізге ғашық бейтаныс қыз, шыбық бел,
Бізге ғашық фотосы жоқ жігіттер!
Біз жүрген жер, онлайн мен офлайн,
Ешқашан да үзілмесін үміттер.
Әрі қарай

Ильиннің жаңа қарсыласы

Ауыр атлетика соңғы Олимпиадада қазақ үшін алтынды «күреп» алған спорт түрі болды. Бұған дейін бір ғана спорттың түрінен бір Олимпиадада төрт алтын алып көрмеп едік. Кеңес Одағының тұсында да бір спорттың түрінен үш алтыннан артық алмағанбыз…

Юрий Зайцев, Виктор Мазин, Анатолий Храпатый сынды тарланбоздарымыз Олимпиада алтынымен апталған спорт түрінен Лондон Олимпиадасында төрт алтын медаль олжалап, бөркімізді аспанға атқанбыз.

Ешкімге ұқсамайтын, тума талант Илья Ильин Бейжің және Лондон Олимиадаларында теңдесіз танылғынын білесіздер. Лондон төрінде сондай-ақ сырттан әкелген үш қызымыз да сенім үдесінен шығып, еліміздің мерейін өсірген.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Илья Лондондағы ерен жетістігінен кейін 94 келі салмақтан 105 келіге ауысатынын мәлімдеді. Бірақ чемпион жігітіміз өзіне демалыс жариялап, әлі зілтемір көтеріп, сайысқа түсе қойған жоқ.

Жақында Польшаның Вроцлав қаласында әлем чемпионаты өтті. Осы біріншілікте 105 келі салмақта 1991 жылы туған өзбектің Руслан Нурудинов деген толағайы топ жарды. Ол – ала тақиялы ағайындардың арасынан шығып тұрған тұңғыш әлем чемпионы. Бұрын-соңды Өзбекстанда ауыр атлетикадан чемпион шықпаған екен.
Блог - Bek-enu: Ильиннің жаңа қарсыласы
Руслан – Өзбекстанның Әндіжан облысы, Ханабад қаласының тумасы. Польшада ол үш бірдей алтынға қол жеткізді. Жұлқа көтеруде 190 келіні, серпе көтеруде 235 келіні оңай еңсерді. Осылайша қос сайыс қорытындысы бойынша 425 келімен чемпион атанды.

Ал күміс жүлде алған ресейлік Давид Беджанян одан 20 келі кем көтерді. Негізі, Беджанян осал зілтемірші емес еді. Ол бұдан бұрынғы әлем біріншілігінде 105 келіге дейін салмақта серпе көтеру жаттығуында әлем рекордын жаңартқан болатын (238 келі). Ал өзбек батыры осы рекордшының өзін «шаңына» ілестірмей кетті.

Осы жеңісінен кейін Нурудинов:

– Серпеде көтеруде басты қарсыласым Бенджанян болатынын алдын ала білдім. Ол дәл осы серпе көтеруде әлем рекордын жаңартқан. Ал жұлқа көтеруде чемпионат қожайыны, поляк Бартломея Бонкамен сайысқа түсуге тура келді. Бонка Олимпиада ойындарындағы жұлқа көтеру сайысында меннен озып кеткен болатын. Бұл жолы есе қайтардым. Енді келесі әлем біріншілігінде міндетті түрде рекорд жаңартуға тырысамын. Келесі чемпионатта бәсекелестік бұдан да жоғары һәм шиеленісті болады. Өйткені онда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады. Сондықтан тізгіндерін тартып жүрген таланттардың барлығы сынға түседі, – депті.

Ал келесі әлем чемпионаты 2014 жылы Астанада өтетінін білесіздер. Ильяның жаңа салмақтағы басты қарсыласы өзінен үш жас кіші осы өзбек спортшысы болатын тәрізді.

Естеріңізде болса, Ильин Лондон Олимпиадасында 418 (185+233) келіні көтеріп, өз салмағында рекорд та жаңартқан. Бірақ біздің Илья жұлқа көтеруде аса қарымды емес.

Ал Нурудинов Қазандағы универсиада мен Польшадағы әлем чемпионатында 190 келі қиналмай көтерді. Сондай-ақ серпе көтеруде өзбек баһадүрі Польшада 235 келіні көтеріп, Ильиннің Лондондағы көрсеткішінен асып түсті.

Бірақ біздің Илья 105 келі салмақта әлі өнер көрсеткен жоқ. Сондықтан қорытынды шығаруға әлі ерте. Ол 94 келі салмақ дәрежесінің өзінде 105 келідегі көп зілтемірші көтере алмайтын салмақтарды еңсерген.

Ендеше, 105 келінің қызығы мен шыжығы әлі алда. Қызықтың көкесі Астанадағы әлем чемпионаты мен Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарында болайын деп тұр. Біз өз спортшымызға сенеміз. Орыс пен украинның Ивановтарынан озғанбыз, енді өзбектің Нурудиновінен асу керек…
Әрі қарай

14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Әлем чемпионатына баратын құрамалар тізімі анықталғаннан соң, ел назары осы сенбіде басталатын Еуропа біріншіліктеріне ауғаны рас. «Фифа вирусы» деп аталатын ресми расталмаған ауру түрі осы жолы көп командаға кесірін тигізбей кетпеді. Мысал ретінде, мадридтік Реал сапынан Хедира, Варан, Ди Мария мен Коентрау секілді негізгі құрам ойыншылары жарақат алып тынды. Бір ғана Хедираның жарақаты не тұрады десеңізші, қайдағы жолдастық кездесу үшін Бразилияға бара алмау қаупі төніп отыр.
Әрі қарай

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Мені ауданға жастар форумына баяндама оқуға шақырды. тақырыбы «Жастар — тәуелсіздіктің тірегі». Өз ауылың және ауылыңның жастары туралы, жастар саясаты туралы жаз деді. Майын тамызып, ауылдағы жастар өмірін, олардың жетістіктерін жазып жіберсем, бұл жарамайды деп қайтарып жіберіпті. Енді қайта жазу керек. Жолдау, Жас Отан туралы жазуым керек екен. Қысқаша осылай:
Жастар – тәуелсіздіктің тірегі.
Жастар – қай заманда да, қай жерде де ақсақалдар мен аға буын өкілдерінің, жалпы бір ұлттың сенім артар ұрпақтары. Қазақстандағы жастар, ол-осы шақтағы студенттер, оқушылар, өсіп келе жатқан жасөспірімдер. Біз ¬-талай тарихи оқиғаларды басынан кешіре отырып, ата-бабамыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздікке ие болған Қазақ елінің, ұлы қазақ халқының бақытты да тәуелсіз ұрпағымыз. Еліміздің келешегінің келбетті, бола¬ша¬ғының баянды болуы да біздерге байланысты. Біз – еліміздің «ертеңін жа¬сайтын бүгініміз». Жастарға де¬ген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта оты¬рып, жастардың жағдайын жа¬сауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жол¬дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік ма¬ңызы бар стратегиялар мен ма¬қа¬лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министр¬лігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар сая¬саты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізі¬летіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабыл¬данатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.Тәуелсіздік алған жылдары дүниеге келген балалар қазіргі 22 жасар күш-қуаты мол, білімді жас болып табылады. Олардың алды жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналасуда. Яғни, Қазақстанның тәуелсіз ұрпағының еңбегінің жемісін көрер шағы осы кезден басталады. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманыда осы еді.
Қазіргі уақытта ел болашағына деген негізгі талаптар мынау:
— Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, яғни денсаулығының мықты болып, өз өміріне немқұрайлы қарамау және жаман әдеттерден аулақ болуы; Бұл мақсатта елімізде 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын ұстану» туралы бағдарлама жүргізілуде.
— Патриоттық сезім, мемлекетіне, тарихына, тіліне, халқына деген махаббат, құрмет, тәуелсіздіктің қадірін түсіне білу. Осы мақсатта тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы, ҚР азаматтарының патриоттық сезімін дамыту бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Білімді, тәрбиелі болу, яғни өте сапалы да жан-жақты ақылды болу керек, себебі қазіргі заман талабы солай. Жастар бір уақытта абсолютті түрде барлық нәрсеге үлгеру керек, қазіргі заманда ақпараттар ағыны өте жылдам. Оны қабылдап, сұрыптап, қажетін пайдалануға дағдылану керек.Сонымен қатар мәдениетті, тәрбиелі болуы шарт.Бұл мақсатта 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Жастардың өзіндік өмірлік мақсатының түпкі бастауы, бұлақ көзі «еліме қандай да болмасын бір пайдам тисе екен» деген негізгі мақсат болуы керек.
Ал, бұл талаптар орындалуы үшін жағдай керек. Ал, ондай жағдайлар Қазақстан жастарының қолында бар. Жастардың қоғамдағы орны мен саяси, әлеуметтік құқықтары туралы аз айтылып жүрген жоқ.1999 жылдың 28 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы, 2004 жылы 7 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң бар.Заңда мемлекеттің жастар саясатын жүргізудегі мақсаттары мен міндеттері де айқындалған. Сол заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты жастарды ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде тани отырып, жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн қанағаттандыру, жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру, жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділікті қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатыны белгіленген.
Қазақстанда жастармен жұмыс жасайтын «Жас Отан» жастар қанаты бар. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасын және «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен «Жас Қыран», «Жас Ұлан» сияқты балалар ұйымдары және жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасайтын болады. Саяси доктрина ең біріншіден жастарға бағытталған идеологиялық құжат, онда айтылған құндылықтар, жалпыға ортақ факторлар, барлығы бүгінгі жастарды дамыту жағдайына бағытталған. Сондықтан оны «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі ретінде қарастыруға болады. Себебі бүгінгі жастар 2050 стратегиясында айтылған мақсаттардың барлығына қол жеткізеді, стратегияның жемісінің, нәтижесінің куәгері болады.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жастардың сапалы білім алуы, жұмысқа орналасуы, сонымен қатар жастардың бойындағы отан сүйгіштік, адамгершілік және рухани құндылықтарды дамыту біздің басты мәселелеріміздің бірі болып қала бермек. Осы орайда «Жас Отан» Жастар қанаты өздеріңізге белгілі «Сәтті қадам», «Жастар-Ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар-Отанға!», «Стоп қылмыс!», «Кел, жастар, оқылық!» жобаларын жүзеге асырып жатыр.
22 жастағы жастарда ата-анасының шамалы ақшасы мен өзінің кішкентай стипендиясынан басқа ештеңе жоқ. Бірақ, жастарда күш-қуат, денсаулық пен сапалы білім болса, айқын мақсат болса – олар алға ұмтылады, дамиды, діттегеніне жетеді. Қазақстанда сондай — мақсаты мен байлығы бар, ендігі кезекте жастар оның күш-қуаты, білімді бола білуіміз керек. Сонда ғана ел дамып, биік белестерге жетеді. Сонда ғана байлығымыз өз қолымызда қалып, өндіруші өзіміз боламыз. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тамыры тереңге бойлап, көк туымыз халықаралық аренада нық бекитін болады. Бәрі жастардың қолында.
Елбасының жастарға арналған мына бір сөз¬дері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық: «… жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсеке¬лестік күрестен сырт қалмауға ұм¬тылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсі¬ресе не істеу керектігін жете түсі¬нулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қа-зақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады».
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
Құрметті аға-әпкелер, достар! Сіздердің қандай ой-пікірлеріңіз бар? Не алып-қосар едіңіздер? Өалай қызықты баяндама қылуға болады? Тез арада жауап күтемін!
Әрі қарай

“Тауық ұрлау”

Блог - Harun: “Тауық ұрлау”
9 сыныпта болса керек.Әр нәрсеге желігіп жүрген шағымыз.Жоғары сыныпта оқитын ағаларымызға қызығып, бізде осыларға тартып “бұзық” болсақ екен дейтінбіз.Уақыт өте келе білдік қой, бұзықтықтың шыңына шыққандардың қәзір қандай хәлде екенін.Өмірлері сондай қасіретті, адам аярлықтай.Қарап тұрсақ адам сүйсінерлік іс бітірген түгі жоқ.
Бірде жанымдағы достарым:“жігіттер шашлык істейікші” деді.Бізге бұл әңгіме болып па? Оңай шаруа.Кеттік көлге дедім.Көл жағалауында қаз-үйректер мен тауықтар болатын.Бақытымызға орай 10-ға жуық тауық жүр, бәріміз тас атқылаймыз тауықтарға.Достарымның атқан тастарының бәрі қисық, ал менікі тура тиеді ғой.Қақ шекесінен атып түсірдім.Жолы болғыш жігіттің шашлығы шығар алдынан деген осы шығар деп, мәз болдым.Ол тауық сонда да берілмей, басын қайтара көтереді.Досым Алтынбек тауық басын көтерген сайын,қолындағы таяғымен ұрады.Ұра берген соң, байғұс тауық та бағынды.Сөйтіп тауықты салатын қап іздеп, таба алмай, не керек мен “Shumaher” деген күртешемнің ішіне салдым ғой.Басты шаруаны тындырдық.Енді бұл жерден ат ізін көрсетпей, тайып тұру керекпіз.Жұрт байқап қоймасын дегендей ембіл-дембіл қашып барамыз, алдымыздан бір кісі шықты, түрі сұсты.Одан аяқ тартып, келесі көшедегі айналма жолмен үйге жеттік-ау ақыры.Үйде Әбілхайыр ініміз тауықтардың жүнін алуға су жылытып, бізді күтіп отыр екен.Біз тапқан олжамызды көрсетіп, оны қуандырып қойдық.Өйткені шашлык істейік деген сол болатын.Су қайнап тауықты керсенге салып жүнін тазалап отырмыз, біздің қуанышымыз тап басылды.Қарасақ жүнін тазалаған соң, тауығымыз жұдырықтай екен.“Қап,әттеген-ай шашлык жей алмайтын болдық қой” деп ұнжұрғамыз түсіп кетті бәріміздің.Оңай олжаның пайдасын көрмедік.
Ертесі сыныптасым Нұртілеу айтады:“кеше атамның бір тауығын ұрлап кетіпті, кім болды екен? Табу керек оларды”…
Мен:“ия табу керек, сондайлар қалай жүреді екен ұялмай?”…
Әрі қарай