Қазақстан жалғыз ұлы қазақтың!
Қазақтың тамағын қонағы жейді десек артық емес шығар. Қазақстан ең үлкен қазан. Қазақстан қазанының қазаншысы жоғарыдағы «көкелер». "Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса" дегендей, олар да өз білгенін істеуде. Қазақ халқы ен байлықтың үстінде отырса да, қолдары ауыздарына жетпей отырғандары қаншама. Қазақ тек салыстыруды ғана біледі,"әйтеуір ана басқа елдерден гөрі шүкірміз" ғой деп. Аллаһ бізге бәрін берді емес пе, неге соны ақылмен пайдаланбаймыз?! Мұнай, газ,қазба байлықтардан бөлек табиғатта қаншама дәрілік өсімдіктер бар. Ал қазір ауырып, емханаларға барсаң, дәрілері қымбат, ауыруға қорқасың, Орыстың саясаты өтіп кеткен қазаққа. Әлі күнге Егемен ел екеніне сене алмай жүр,әлі де орыстарға жалтақтайды. Ойбай, осы күнімізге шүкір, орыс естіп қалып, тыныштығымыздан айырылып қалармыз дегендей. «Ауруын жасырған ауырмай өледі» деген бар, тек қана жетістіктерді ғана айтып, кемшіліктерге көз жұма беруге болмайды. Кішкентай тастар да жинала берсе тау болады. Кішкентай әлеуметтік жағдайларда, жинала келе үлкен қауіп болуы мүмкін. Қазақтың көкірек көзі ашық, намысты халық, халықтың жағдайын ойлау керек, шет елге жақсы көріну керек емес. Қазақстанның басты байлығы оның халқы. Әлде тек Конституцияда ғана солай ма? Аллаһтың бізге берген қазынасын тиімді пайдалану керек, шет елге сата бермей! Қазақ өз қазақ тілінде сөйлеп, ойлай білсе ғана туған ұлтына жан ашиды. Тілі шұбардың ойы да ала. Ел байлығын сататындар да солар! Ата дінімізге қолдау көрсетіп, иманды ұрпақ тәрбиелеу керек. Имансыз ел — азған ел!
Аллаһ елімізге баянды бақыт, жарқын болашақ, иманды ұрпақ, салиқалы қауым, ақылды басшы нәсіп етсін!
Аллаһ елімізге баянды бақыт, жарқын болашақ, иманды ұрпақ, салиқалы қауым, ақылды басшы нәсіп етсін!
1 пікір