Қазақтың ұлттық саз аспаптарының өткені, бүгіні және келешегі

Ата бабаларымыздан жеткен рухани мұрамыз ұшан теңіз. Ауыз әдебиеті, қол өнер, ақындық-шешендік өнер, құсбегілік, ат баптау, спорттық түрлі ойындар, ән-күй тағы басқа көптеген әлем халықтарынан ұлттық бояуымен өзгешеленіп тұратын ерекше өнерлер мирас болып қалды. Солардың бірі және бірегейі ұлттық саз аспатары.

Алғашқыда ел арасындағы әнші күйшілер өздері қажетті аспаптарын жасап алып ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берді. Келе келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспаптары үндік ерекшелігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа Қазақтың ұлттық саз аспаптарының өткені, бүгіні және келешегі да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз.
Әрі қарай

Мен күтіп жүрген форум

Алматы қаласында 23-24 мамырда Достық қонақ үйінде төртінші рет өткізілейін деп отырған InternetCA-2013 форумы жайлы естіген боларсыңдар (әрине, менің әлеуметтік желіге қоймай жазуымнан).

Шыны керек, бұдан алдыңғы форумдарға қатысып көрмедім. Бірақ, керекті ақпараттармен таныстыратындығы анық. Осы форумды ерекше күтіп жүрмін. Мұның бірнеше себептері бар.

Интернеттің жұмысы жайлы толық білмейтін мен үшін бұл ең алдымен қызық. Қазақстандағы интернеттің техникалық тұрғыдан жүзеге асуы, ғаламтордың құрылымы, сайттардың дүниеге келуі, бұл торда өзіңе қатысты ақпараттардың конфедициалдығы, құқықбұзушылықтардың заңдық тұрғыда жазалануы, жалпы Казнеттегі барлық-барлық өзгерістер туралы ақпараттанғым келеді. Болашақта осы салаға қатысты жобаларымды жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Көкейдегі сұрақтар;

Бір жағынан шет елден келетін сарапшылардың қорғайтын тақырыбы да қызығушылығымды оятпай қоймады. Халықаралық ұйымның өкілі ретінде арнайы шақырылған ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ-тағы сөз бостандығы мәселелері жөніндегі бюросының директоры Андрей Рихтердің «Международные стандарты правового регулирования Интернет» және Литвадағы Журналистер Одағының басшысының "Әлеуметтік мәселелерді шешудегі креативті интернет-шешімдер" тақырыптары қызықтыра түсті. Біз білетін құқық реттеушіліктен басқа не айта алар екен, не қоса алар екен? Аталған сауалдарға форумда көңілге қонымды, пайдалы, тың жауап аламын деп үміттеніп жүрген жайымыз бар. Бізге дейін түрлі интернет саласына қатысты форумдар, конференциялар өткізіліп жатқандығын ескере отыра, өз басым осы күнге дейін тыңдамаған мына бір тақырып назарымды аударды. «Проблемы доступа к правовой информации на интернет-ресурсах государственных органов Казахстана» атты баяндаманы ЖШС «Компания «ЮрИнфо» бас директоры Игорь Лоскутов оқиды. Сонымен қатар, форумға Қазнеттің біз білетін белгілі тұлғалары да баяндама оқып, презентация қорғайды. Қазақ интернетінің дамуы жайлы баяндамалар форумға баланс береді. Садық Шерімбек, Жалғас Ертай, Нұрлан Құлымбетов сынды бізге белгілі тұлғалар презентация қорғайды.(Садық пен Нұрланның презентация қорғағанын көрмеппін) Тақырыптар мен интернетке қызығушылықты бірінші себепке жатқызып келесі себепке көшейік.

Көптен көрмеген достарды көріп, улап-шулап қалу;

Блог саласында, жалпы интернетте араласатын достарыңның көп болғандығына не жетсін?! Күнде кездесуге кейде мүмкіндік, кейде уақыт, кейде,әлің жетпейді. Монитордың артынан хал-жағдай сұрау әдеттегі дүние. Офлайндағы кездесу достардың жаңалықтарымен бөлісуіне, жаңа идеялардың туындауына, Тимур айтпақшы, аралас-құрмалас сөйлемдер айтуға мүмкіндік береді. Облыстардан жиналатын, форумға әдейілеп келген достармен тағы бір рет кездесіп, фотоаппаратқа шырт-шырт етіп суретке түсіп, «былай түсір, менімен түс, мында түсір» деген әңгімелер, бітпейтін тақырыптарда бөсуге күшті мүмкіндік. Кездесулер адамдарды жақындататыны сөзсіз.

Менің жыр болған бір жылдық дипломым;

Неменеге дипломын «пихать» етіп отыр деп сөкпеңіздер. Бұл мен үшін жыры ең көп, жатсам-тұрсам, жұмыс істеп отырсам да, жазып отырсам да ойлайтын ең ауыр, психозды ой. Жылдың басында тақырыбымды бекітіп алып бір жапырақ жоспармен, әлі шегіртке болып жүрмін. Неге жазбайсың енді? Е ее е еее-йй, жоқ оған материал, жоқ! Қазақстандағы алғашқы БАҚ сайттарының пайда болуы жайлы энциклопедия жазған адамды он рет аспанға лақтырар едім. Орысша материалдар болғанымен фотожурналистикаға қатысты кітап жоқ. Сонша шаршайтындай, қандай тақырып? «Отандық сайттардағы фототуындылардың ақпараттық мазмұны мен ерекшеліктері» деген фотожурналистикаға қатысты бір түйір ғана қазақша кітап бар тақырып. Бір түйір кітаптың өзі де фотожурналистикаға емес, фотографияға арналған.
Форумға келген қатысушылар мен қонақтардан, диктофонымды арқалап сұхбат алып, дипломдық жұмысыма материал жинаймын. Егер келейін деп жатсаңыздар маған көмегі тиетіндей материалдарыңызды арқалай келсеңіздер жақсы болар еді… Елдің зығырданын қайнатып, қисық-мисық сұрақтарымды қойып аламын деп жүрмін. Көрерміз қалай боларын…

Мен үшін осындай маңызды себептер бар. Сондықтан достар, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп, бас ауыртатын проблемалардан алыстағыңыз келсе, форумға келіңіз. Сіз сөйлемесіңіз мен сөйлеймін.

Жолда келе жатып адресті ұмытып қалып жатсаңыздар: Алматы қаласы, «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы. Мамырдың 22-23 күні таңертеңгі сағат 09:30-да тіркеуде көріскенше.

Не да, не ғой, материал, ақпарат ұмытпаңдаршы… болып жатса…
Әрі қарай

Сырласу

Өткенде мен бір өлең жаздым,
Ойымды тереңінен бойлай қаздым.
Ойладым қиялдағы идеал қызды,
Бар ма деп шын өмірде ондай адам
Не болса да қарасам жобаласам
Жуықтап жанасса да сол бір қызға
Ойланбастан мен ертен соған барам
Ол қыздың өзі орта бойлы, асқан сұлу
Ойында жоқ әлденеден жасқанып тұру.
Тал шыбықтай иілген мүсінді қыз
Бұйырмаса ол маған жалаймын тұз.
Қалқамның қасы көзі қиылған
Өзі әдеппен ғана сызылған.
Шаштары қара да емес, сары да емес
Көзге шоқ боп көрінген нұрлы елес.
Жүрегі бар тап таза, лүпілдеген
Ешқандай да дақ түсіп үлгермеген.
Күлкісі бар хрустальдай сыңғырлаған
Сөздері тау суындай сылдыраған.
Бұл жалғанда өзің менің қалауымсың
Алтайдың бөктерінде өскен маралымсың.
Айдында қаз арасында аққу құсым
Алыстан көзге түскен дара мүсін.
“Жүрегім” ол қыз маған қарамаса – қаралысың,
Бұл өмірде өлелгенше жаралысың.
Сызылып, талықсыған еркем менің
Өзің мені армандарға жетеледің.
Жанасса да менің қиялым ертегіге
Күмәнданып қараймын ертеңіме.
Кім білер тағдыр қалай шарықтарын
Бірақ сенімен болу менің мәңгі арманым.
Ерке мінез жан құрбым
Ақтардым саған жан сырын.
Қолыңа салдым – міне тағдырым
Бірақ сәл кідіріп тыңдашы
Ғашықпын саған ғашықпын!!!
Әрі қарай

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды


Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы, фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып сонда барғам. Не болар екен деп.
Әрі қарай

Ұлы Жеңіс - ұрпаққа аманат

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернатта Жеңістің 68 жылдығына орай Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» атты мерекелік концерт өтті.

Шара аясында қарттар үйінің тұрғындары мен тылда еңбек еткен ардагерлерге жасотандықтардың атынан мерекелік сыйлықтар табысталды.

Жиынды өткізудегі мақсат — жастарды ұлтжандылыққа, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Қарттарды құрметтеп, мейірім мен шапағат көрсетуге үйрету.
Мерекелік шара соңында, ақсақалды қариялар жасотандықтарғақ батасын берді. Алдағы уақытта да «Жас Отан» Жастар қанатының бекітілген жоспарына сәйкес түрлі бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады.
Әрі қарай

Домбыра Пати Жаңаөзенде екінші рет

Ассалаумағалейкүм, ағайын!09.05.2013 ж. Жаңаөзен қаласында 2 – ші рет Домбыра Пати өтті. Жеңіс күнімен қатар келгендіктен, Жеңіс күні туралы Джалғасов Нұрболат бауырымыз бір ауыз айтып өткен болатын. Екінші рет өткізіліп отырған Домбыра Патиіміз әдеттегідей «Жалын» жастар орталығының алдында өтті. Біраз жамағатта жиналды, өткендегіге қарағанда. Тәтті күймен, әсем ән тыңдап демаалып қайтты. ИншАллаһ Жаңаөзендіктер Домбыра Патиді дәстүрге айналдыратын болады.
Басталар сәттен көрініс
Басталар сәттен көрініс.





Мына кішкентай қызда Домбыра Патиімізге өз үлесін қосуға келіпті. Күй тартып, ән айтып берді. Есімі Мөлдір екен. Риза боп қалдым. Осы қыздың келгені мені қуантып тастады. Алла ғұмыр жасын ұзақ қылсын. Бақыт тілеймін.

Жолымов Әбубәкір бауырымыз әдеттегідей ән салып жатырған кез.

ЖАҢАӨЗЕН. Домбыра Пати. 09.05.2013 жыл.
Балтабаев Серік блог sbaltabai.yvision.kz/
www.youtube.com/channel/UCTOI-9TgefWMAoOKbcUUBeA/videos
Әрі қарай

Хат жазып тұр... (Сұрапыл соғыс кезіндегі хаттар)

Біз соғысты көрген жоқпыз,
Естідік,
Соғыстан соң туғандармыз,
Етек жауып, ес біліп.
Соғыс үні жетім болып, жесір боп,
Тұратындай әлі бізге естіліп…

Ж.Әуелбайұлы

Соғысты көзбен көрмесек те, жүрекпен сезіне білу – біздің борышымыз деп білем. Бір сәтке өткенге оралып, соғыс жылдарындағы үзік сәттерге көз жүгіртелік...

Әрі қарай

Алғашқы пост

Оба деген аты жаман ауру бар. Түгелімен жойып жібермесе де, ауыздықтап отыруды үйрендік (адамзатты айтам). Әйтпесе, оның таралу жылдамдығының қасында құс, шошқа тұмауы деген ойыншық сияқты ғой.
Табиғи ошағы бар бұл сырқаттың негізгі таратушылары кеміргіштер мен қансорғыш жәндіктер. Менің екінші әкем (қайын атам) обамен үздіксіз күресіп, майданның алғы шебінде жүретін жандардың бірі. Мамандығы биолог. Жаңағы айтқан кеміргіштерді аулап, ауру белгілерін іздеп, таралуына жол бермеу үшін жыл он екі айдың төрттен бірінде дала кезіп жүреді.
Бірде оның іссапарлар барысында қағазға түсіріп жүрген бір-екі жазбасын оқып қалдым. Таңырқадым, сүйсіндім, қызықтым. Енді солармен бөліскім келіп отыр. Мұның ешқайсысы ойдан шығарылмаған. Көзбен көрген, өз басынан өткен оқиғалар. Оқи жүріңіз. Бұдан кейінгілерінде тек автор сөйлейді.

Түнгі оттың сыры
Әрі қарай