Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы. 1/8 финалдың алғашқы күні

Футболсүйер қауымды сағындыра ұзақ күттірген Чемпиондар Лигасы ертең 1/8 финалдық ойындарын бастайды. Еуропаның кіл жүйріктерінен тұратын командалар ішінен кім жүйрік екенін анықтау үшін ертеңнен бастап көк экранға телміретін боламыз. Сонымен, Еуропаны бағындаруға шыққан, топтық турнирді артқа тастап келесі айналымға өтуден дәмелі мықты 16 команданы еске тағы бір түсіріп жіберейік:
Әрі қарай

Болар бала боғынан!

«Raw» — фильмінен үзінді:


Балаңыз, ініңіз немесе жиеніңіз кішкентай кезінен бастап анекдотты жақсы айта бастаса, оған «заңгер немесе экономист бол!» деп айтудың қажеті шамалы шығар, өйткені ол не комик, не президент болады)))

P.S. Қазақша субтитрін қосқыңыз келсе, ютуб терезесінің астындағы «СС» содан кейін «вкл» дегендерге басыңыз.
Әрі қарай

1941-45 жылдардағы моторлы ұрыс техникалары сериясы. Хермания. "Tiger"(жалғасы)

(Жалғасы. Басы мына жерде)

Алдыңғы жазбамызда 1941-1945 жылдар аралығындағы шынжыр табанды соғыс техникаларының әйгілі Tiger -дің пайда болуының артқышарттарын қарастырған болатынбыз нақтың. Уәде еткеніміздей осы бір темір тажалдың техникалық мүмкіндіктерін қарастыруды бастамас бұрын сәл көттен кері кетіп артымызға қарап алсақ. Нақтың.
Әрі қарай

Бұл қай Керекші? #9

Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
Әрі қарай

Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр

Бүгін тағы бос уақытымды кино көруге арнадым. Күнде қайталанатын үй шаруасынан кейін арасында көңіл көтеріп, демалып көретін «Иллюзия обмана» фильмі сан түрлі фокус, трюктарымен иллюзионизм өнерін тамашалатты.
Фильм – шоу, фейерверк, ғажайып көріністер. Мен үшін бұл фильм үлкен әлемдік сахналарға қоятын көріністі көргендей қуаныш сезімін берді.
Бүкіл уақыт «мұның бәрінің үстінде кім тұр?» деген сұрақпен жұмбақ күйінде өтеді.
Сиқыр — құпияға толы өнер. Жақсы фокустың табыс кепілі төрт қарапайым құрамнан тұрады: алаңдату маневрлері, қолдың ептілігі, әсер ететін көрініс және гипноз. Фильмнің басынан-ақ бізге магияның жоқтығын көрсетеді. Төрт басты рөлдегі кейіпкер — фокуспен айналысып нандарын тауып жүрген жай адамдар. Белгісіз капюшон киген жан бір пәтерде төртеуін түсініксіз мақсатпен кездестіреді. Бір жылдан соң біздің кейіпкерлер «Четыре всадника» тобын құрып, Лас-Вегастың жүрегін жаулауға аттанады.
Сиқыршылардың ізіне ФБР, Интерпол түседі. Қызығы, әртістер фокус арқылы ұрлаған ақшаның бір тиынын да өздеріне алмайды. Әрі қарай қаншама жылдар бойы жоспарланып жасалған қылмыс кек қайтарудың амалы екені анықталады.
Актерлік құрамға келетін болсақ, меніңше, тамаша жинақталған.
Джесси Айзенберг. Мен оны бірінші рет «Социальная сеть» фильміндегі Цукерберг рөлінде көргенмін. Шашы ұзындау болғандықтан ба, бұл жолы көкіректеу, тәуекелшіл кейіпкерді ойнағандықтан ба танымай да қалдым.
Айла Фишер де таң қалдырды. Алғаш рет «Шопоголик» фильмінде көріп, ұнатқан едім. Оған осындай жеңіл, ашық, жарқын мінезді жандарды ойнаған жарасады.
Вуди Харрельсон әдеттегідей харизмалы.
Дэйв Франко – қолының ептілігімен көзге көрінген, түр әлпеті сүйкімді жігіт.
Марк Руффало, Морган Фриман және Майкл Кейн. Мынандай актерлерден құралған фильм өте жақсы болмағанда қалай.
Киностан: Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр
Әрі қарай

Уайтхиллдық Хэтроуда!

Жаңа жылды туған Ақтөбеде өте-мөте қарапайым түрде қарсы алып, 5 күндік демалысымды пайдаланып, сол уақыт аралығында өзіме жаңа қала көру туралы шештім. Сөйтіп ат шаптырым жердегі Атырауды таңдадым. Екі күн ішінде қаланы жаяу аралап, фотоға түсірдім. Сонымен, кеттік:

Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Хэтроуда!
Ауа-райы Ақтөбенікінен жылы және қары өте аз екен… айтпақшы, темір жол вокзалының перронына шығу үшін осы ғимараттың екінші қабатына көтерілу керек, яғни перрон қаладан биік орналасқан.)
Әрі қарай

Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

  • KazNET
15 жылдан асыпты интернет саласында жүргеніме. Бүгінге дейін біраз адам таныдым, таныстым, достастым, қастастым, кейін жаулармен де күшті дос болып кеттім. Қысқасы өмірімнің біраз бөлігі осы Қазнетте өтіп жатыр. Бүгін осы салада көрініп, кейін қол үзіп кеткен тұлғаларды еске алғым келеді. Бұл жігіттердің көп еңбектері болды. Бірақ түрлі себептермен қазір ІТ ортада емес. Мүмкін бір күні қайта оралатын шығар?..

KazNET: Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

Болатхан
Қазақша орта қалыптастырған алғашқы сайт Аколя (Akolya) деп аталатын. Қарапайым, пәлендей функциясы жоқ форум болатын. Алғашқы таныстықтар осы форумда басталды. Ол кезде әлі казах.ру форумы да жоқ болатын. Ешқашан ұмытпаймын бұл ұямызды. Мен үшін әлі ыстық. Қазір бұл ағамыздың қайда екенін білмеймін.
Әрі қарай

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИ

Футбол десе, қатынын төркініне жіберетін жанкүйерлер, атша шауып жүрмісіңдер?! Қалай, мониторға сәл еңкейіп, сол қолмен жақтарыңды таянып, ыңғайланып отырсыңдар ма? «Кім не жазды екен, ә?» миықтарыңнан мырсылдап. Футбол үшін көп сөздің қажеті жоқ, көпәріп деп ешкім оқымайды. Барынша қысқа етіп жазайын. Біршама уақыттан бері ештеңе жазбай кеттім. Жалпы, Керекинфоның «белсендісі» емеспін ғой. Менің Барсаға көкбауыр тұсымның бұратындығы жасырын емес-ті. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Мансити футбол командасымен ойнайды. Жеребе осылай түсті. Бұл команданы зерттеуге тырысып көрдім. Мықты тұсы, әлсіз тұсы қайсы. Сұрақтарыма жауап іздедім. Біраздан бері Манситидің ойындарын әр жерін көріп жүргенмін, былай жақсы команда. Топтық кезеңде Мюнхен-Аренада Байернді ұтты. Кеше Мансити-Ливерпуль ойынын төреші «ойын басталды-ойын аяқталды» деген белгіні білдіретін ысқырық шалған кездерінен, яғни, басынан аяғына дейін көрдім. Команданы бір ойынына қарап, «пәлен екен, түген екен» деген таяз ойлылық пен футболдық мағынада дүмшелік болар. Манситидің бюджеті қомақты, футболшылары шебер. Бапкері — Пеллегрини деген азамат. Бұл азамат Испания футболымен етене таныс, талай жыл Ла Лиганың бірнеше командасында бапкер болған. Барсаны жақсы біледі. Командалары Каталония шеберлерімен сан мәрте кездескен. Манситидің ең мықты тұсы — қос қапталдағы жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар. Испания футболымен таныс — испан Силва (Бұрынғы командасы «Валенсия»), Навас (Бұрынғы командасы «Севилла» — испан акцентімен), Негредо (бұл да «Севилладан»), ЯЯ («Барселона») және Серхио Агуэро. Коларов, Джеко, Фернандинио, Насри Футбол, тек қана футбол!: ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. 1/8. БАРСА VS МАНСИТИсекілді футболшылар бар. Мықты әрі әлсіз тұсы — орталық қорғаушылар: Компани мен Лескотт. Қарсылас команданың шабуылшыларынан әр ойында кемі екі-үш рет «көз жазып» қалатын әдеттері бар. Қателіксіз адам болмайды. Есесіне, осы қорғаушылар қарсылас команданың айып алаңындағы стандарттар кезінде басып-жаншып, баспен гол соғып кетуге қауқарлы. «Зік» еткізеді, болды, доп қақпада! Барсаның шағын денелі шабуылшылары осы екі азаматты әбден терлететін түрі бар. Қақпашы Хартты Барса сынап көреді. Көбіне, қақпашылар жайлы көп айтылмайды. Ойын барысына қарай, дәлірек айтсақ, бабы мен бағына қарай жұмыс істейді. Ал, көрер қызық көбейсін! Әдемі футбол көру бұйырсын!
Әрі қарай