Бұл қай Керекші? #9
Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет
Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;
Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
Жолай-сұрақ: Қай шет елге бармаққа, қай кітапты оқымаққа, қай өзге ұлттың адамымен жанаспаққа ниет бар?
Ж: Шет елге бару тасыма да кіріп шықпапты. Соңғы кезде қазақ ертегілері жинағын тауып, соны қайта оқығым келіп жүр. Себебі «керек» болып жүр. Үшінші сұрақтың үшінші тармағында адамның жынысы айтылмағандықтан жауап бермеуді жөн санадым.
Бас-сұрақ: Абайдың қай өлеңі, не қай қара сөзі көңілде ыңылдап, өздігінен тілге ілініп, ара-тұра, анда-санда, күні-түні айтылып жүреді. Абай шығармашылығы шет қалса, онда қай ақынның жазғаны көңілде сайрап тұрады?
Ж: Абайдан бұрын маған Құнанбайдың бір сөзі санамда тұрады. Біреу Құнанбайдан «Балаң өзіңнен асып туды, сен қалып кеттің» дегенде, Құнанбай «Абай бірінші мен сияқты бала туғызып алсын» — деген екен…
Индиго-сұрақ: Керектен басқа, қай блог-тұғырнамадан, қай әлеуметтік желіден тауып алуға болады?
Ж: Ғаламторда «Керектен» басқа еш жерде тіркелмегем.
Тылсым-сұрақ: Жылқыға жалаңбұт жайдақ мініп, тері шыққанша шабу, тақымнан өткен тердің еркек белсенділігін арттырып, қуатын молайтатыны рас па?
Жеке басым растаймын. Одан бөлек футболшының да «шабысы» жаман болмайды деп естимін.
Айырым-сұрақ: Жиголо (ақылы секс қызметін ұсынатын ер адам) мен жезөкшенің (ақылы секс қызметін ұсынатын әйел адам) айырмашылығы, ұқсастығы не?
Ж: Қиын сұрақ екен.
Науқан-сұрақ: Екі, не үш, не одан да көп әйел алу, болмаса екі, не үш, не одан да көп байға тию туралы не ойлайды?
Ж: Екі-үш қатын алған мырзалар көп қой қазір. Өздеріне жарасып-ақ тұр. Жарасқанға ғана жазылатын сияқты бұл нәрсе. Ал байдан байға тиіп тұрмыста жолы болмай жүргендердің жөні бөлек. Қатарынан екі-үш байды ұстап отқан қатын көрмеппін.
Есерсоқ-сұрақ: Адамды 40 күн, 40 түн қараңғы, іші бос бөлмеде ұстап, тостақ сиятындай тесіктен ас-ауқатын беріп, 40 күн, 40 түннен кейін сыртқа шығарса, ол адамның жағдайы қалай болуы мүмкін?
Ж: Адамның не үшін отырғанына және отырғаннан кейін отыру себебінен қандай тұжырым шығарғанына тікелей байланысты.
Езбе-сұрақ: Марс ғаламшарына барып, сонда өмір сүруге адам жинап жатыр. Шарттары бар. Басты шарты: бір кеткен адам адам Жерге қайта оралмайды. Марста қалып қояды. Тілек білдірушілер бар. Аз емес. Не жетпейді, соларға? Отырмай ма Жерде, астыларынан су шықты ма?
Ж: Жерде қарайлайтын ешкімі және етер амалы қалмаған адамға кетуге жақсы мүмкіндік сияқты.
Кәде-сұрау: Ешқайдан алынбаған, ұрланбаған, іштен шыққан күлкілі бірдеңе болса, қатып кетер еді?!
Ж: 80-жылдар. Сәбит үш жыл Қиыр Шығыста әскери парызын өтеп ауылға оралады. Үйге келсе анасы құшақтап жылай беріпті. Сонда әскерде орысша сөйлеп үйреніп қалған Сәбит:
— Мама, не плащь! – депті. Анасы Сәбиттің ауылда жүрген сыңары Ғабитті меңзеп:
— Ойбуй қарағым-ай! Сенің плашыңды ана жүгермек киіп тоздырып тастады ой!- депті…
Қош-сұрақ: Ұнаған және ұнамаған сұрақтар?
Ж: Барлығы күтпеген сұрақтар болды.
пы.сы: превьюдағы және жазбадағы жоғарыдан төмен санағанда 1, 2, 3, 4, 5, 7. 8. 11 суреттер Фейсбуктегі WE ARE FROM SHYMKENT парақшасынан, 9 және 10 суреттер сәйкесінше AOL және Astroinformer сайттарынан алынды.

әдетте дін жолындағы адамдар үшін жауапсыз сұрақ болмайды, бәріне жауапты құраннан табуға болады.
ол адамның қиялынан шыққан ертегілерді іздеп жүріп оқымаса керек
MamaAya , эстафетаның таяғы өзіңде, қысып ұстап ал,
оттақтаймыз, пападес, осы жолы таза пара бермей өз еңбегіңмен алдым деп ойла, тезірек жалғастырып жіберіңіз