Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар
15 жылдан асыпты интернет саласында жүргеніме. Бүгінге дейін біраз адам таныдым, таныстым, достастым, қастастым, кейін жаулармен де күшті дос болып кеттім. Қысқасы өмірімнің біраз бөлігі осы Қазнетте өтіп жатыр. Бүгін осы салада көрініп, кейін қол үзіп кеткен тұлғаларды еске алғым келеді. Бұл жігіттердің көп еңбектері болды. Бірақ түрлі себептермен қазір ІТ ортада емес. Мүмкін бір күні қайта оралатын шығар?..
Болатхан
Қазақша орта қалыптастырған алғашқы сайт Аколя (Akolya) деп аталатын. Қарапайым, пәлендей функциясы жоқ форум болатын. Алғашқы таныстықтар осы форумда басталды. Ол кезде әлі казах.ру форумы да жоқ болатын. Ешқашан ұмытпаймын бұл ұямызды. Мен үшін әлі ыстық. Қазір бұл ағамыздың қайда екенін білмеймін.
Қоқиқаз
Қоқиқаз менің пірім болатын. Өзімізбен қатар болса да одан үйренетінмін, еліктейтінмін. Қазақша әдемі никнеймдарды осы жігіт бастады. ХТМЛ-мен алғашқы әдемі сайттарды да Қоқи істеді. Мысалы мына Аспан сайты: aspan-2001.narod.ru/ Ол тек техника жағынан ғана емес, тіл жағынан да мықты еді. Мақалаларын да қызығып оқитынбыз.
Айтпақшы оның аты Серік, Жезқазған Қазақ-Түрік лицейінің түлегі, 1979 жылғы. Егер танитын адамдар болса хабарласуын өтінемін.
Марат Жалдекенов
Маратты жақсы танимын, қазір басқа салада. Бірақ @sigma екеуі Қазақстанда интернет енді енді қолданысқа ене бастаған кезде сапалы орта қалыптастырған адамдар. Солай.де форумы форумнан порталға айналды. Біраз адам сол жерден тәрбиеленіп шықты. Сатыбалды да сонда тұлға ретінде қалыптасты. Мәкең қазір әлеуметтік желілерде де көп көрінбейді. Мүмкін бір күні жаңа жобамен жарқ етіп қалар?
Русланннн
Маңғыстау облысындағы Шетпеден шыққан Руслан. Әзілқой блогер, мықты техник еді. Өзінің жасаған сайттары да болды. Wordpress.com блогтары жабылғаннан кейін ол да жоғалды. Блогы әлі тұр ruslannnn.wordpress.com/
Дәурен Көбеев
Дәурен идеялары көп, ойлы жігіт еді. Қазнетке сіңісіп кете алмады. Бірнеше жобалары болды. Бірақ қолдау таба алмаған сияқты.
Сағын
Сағынды көп адам Мәліметтер.орг сайты арқылы танитын болар. Білімге құштар, алғыр, идеялы жігіт болатын. Авторлық құқық бойынша біраз жүгірді. Еш нәтиже болмағасын қол сілтеп кетіп қалған сияқты. Қазір еш жерде көрінбейді.
Қуаныш Мағзуов
Қуаныш жақсы жоба менеджері еді. Қағазбен жұмысқа да, контент пен техникаға да мықты еді. Бұл жігіт дұрыс бағаланбады деп ойлаймын. Әлеуметтік желілерде де өзіне шектеу қойды. Қазір интернеттен басқа салада еңбек етуде.
Бақыт Асқарқызы
Көпшілікке Лола деген атпен таныс шығар. Қыздар арасында алғашқы сайт редакторларының бірі. Мықты контентмейкер де еді. Қыздар сайты Аруларды біраз уақыт жалғыз өзі ұстап тұрды. Негізі әлі де жазары мол қыз. Тек табу керек оны

2011 жылы ма екен, әйтеуір өткен жылдары Алматыға келді. Жалғастыкыне апарып, қонақ еттік
сюрреалисттік Green Dog — тан құр реалисттік Gastarbaiter — ге айналдым Solai.de-де
Аяқ астынан көрінбей кетсең, осылай админнің постына ілігетіндей тіршілік істеп кету керек екен.
Жеке тақырып ашпадым)