Күзгі елестер

Күзгі елестер
Арайланған таңғы уақ шырайымен
Жүрегімнің мұңлы әні Күн, Айым ең
Күзгі бақ… Мен таңдаған ақ қайыңның
Жапырағы сарғайды уайыммен.

Жарық әлем қарасаң бір шеті жоқ
Жан серігі барлардың көңілі тоқ
Бар дүние астан- кестең болғанымен
Күзгі бақ пен тек менде өзгеріс жоқ

Манаураған күзгі бақ жабырқатты
Жабырқатты жаныма қатты батты
Тереземді, бір менде өші бардай
Тамшысымен жаңбырдың тарсылдатты

Күзгі бақта қалайық екеуара
Пәк жүрекке салмашы мұңлы жара
Дәл қазір, көз алдыңда серт етейін
Мына бақ пен сүйемін сені ғана

Жасыңды тый, кел қане жұбатайын
Жұбатайын қайғыңды құлатайын
Бақытында бірге ойнап бірге күлген
Күзгі бақты мен қалай ұмытайын

Арамызда қалмасын өкпе нала
Жырларыма куә ғой дархан дала
Қаншама ару жолыма тұрғанымен
Әлі күнге сүйемін сені ғана

Махаббатта тағдыр мені аямады
Аямады тек қайғы аялады
Мені тастап кеткенінді естігенде
Жүрегімнің дүрсілі баяулады

Көктен жаңбыр жауады арқырап дүр
Сар далада аунайын көсіліп бір
Күз болсада, сол сезімнің оты өшпей
Әлі күнге кеудемде жарқырап тұр

Жапырақтар айналаны нұрландырды
Нұрландырды кей сәтте мұңдандырды
Күзгі бақта жолығысқан сол бір ару
Өміріме өшпестей із қалдырды

Содан бері қанша күз, көктем келді
Күзгі бақ сол баяғы өзгермеді
Жараланған жүректерді емдеп жүріп
Жалғыз болып қалмасам жарар еді…
Әрі қарай

Теміртау – құлбазардағылар

Бүгінгі адамды ақша билеп тұрған нарық заманында жақсы тұрмыс кешіп, азық-түлік пен киім-кешектен кемшілік көрмеу үшін тұрақты жұмысың не болмаса жеке кәсібің болуы керек. Ал егер тұрақты жұмысқа тұра алмасаң, кәсіп ашып өз наныңды табуға ебің келмейтін болса ше?
Қоғамда ондай адамдар да бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағанды қаласында күшін сатып, күнін көріп жүрген адамдар туралы blogtime.kz сайтында жазба салған болатынмын. Суретті басып оқи аласыздар.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Қарағанды ірі қала, облыс орталығы, тұрғындардың саны да көп, кәсіпорындар да жеткілікті. Сәйкесінше 200-300 адам күшін сатып, түрлі жұмысқа жалданып өз күндерін көре алады. Ал Теміртау тәрізді шағын қаланың жұмыссыз тұрғындары ше?
Қарағандыдағы тәрізді бұл жақтың азаматтары да базар маңын торуылдайды. Кейбіреулері саудагерлерге жалданып, базарда арба сүйреп жүрсе ондай «бақыт» бұйрмағандары жылу трубасын жағалап, базардың кіре берісінде өз нәпақаларын күтумен жүреді. Труба жағалағандардың ұзын саны 70-80 адамға жетеді. Көпшілігі күзетші, аула сыпырушы болып тыйын-тебенге жұмыс істеп, қолдары босаған сәттерінде, демалыс күндерінде трубаға келіп, жұмыс істейді екен. Ал басқа ешқайда еңбек етпейтін, нәпақасын осы трубадан табатындардың саны шамамен 15-20 адам.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Осы жерде жүргендердің пікірін білмек болып қастарына барған кезімде бәрі жақтырмай қарады, расында мына суықта таңертеңнен бері дірдектеп ашқарында жұмыс күтіп тұру кімге жеңіл болсын? Қабақтары салыңқы, ит көрген ешкідей ежірейіп, қастарына жолатқысы келмеді. Ал суретке түсіру тіптен мүмкін емес еді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Амал жоқ әңгімені алыстан суртпақтап тұрып, біраз жайттың басын ашып алдық. Бұл жердегі жігіттердің көпшілігі Өзбекстаннан қоныс аударып келгендер екен, ол жақта комбинатта ұзақ жыл бойына жұмыс істеген металлург жігіттер де бар болып шықты. Елге келген соң, өндірісті қала, мамандығымыз бойынша жұмыс табылып қалар деген ниетпен Теміртауға қоныстаныпты, бірақ, завод басшылығы жастарың 40-тан асып кеткен деген желеумен жұмысқа алмаған екен. Басқа кәсіп істеу қолдарынан келмеген соң, амал жоқ осы жерді паналапты. Басқалар суретке түсуден қашып жатқан кезде мына бір ағам:
«Құлбазарда тұрып, нан тауып жүргендерің өтірік емес, несіне қашасыңдар? Басқа түспесе мен түсейін, түсіре бер» — деп тұра қалған еді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Суретке түсуін-түскенімен аты жөнін айтудан бас тартқан ағам осы жер туралы қысқаша айтып берді. Енді сол кісінің сөзімен берсем:
Трубада тұрғандардың денімен сонау Өзбекстаннан бері таныспыз, бізді жастарың асып кеткен деп жұмысқа алған жоқ, бірақ, шүкір деймін әйелім мен балаларыма жұмыс табылды. Олардың тапқан нәпақасына ортақтасып отыруды жөн санамай, тиын-тебен болсада тауып, еңбек етейін деген мақсатпен осында келіп отырмын. Көбінесе орыстар келіп жалдайды, ұсынған жұмыстарының көлеміне қарай ақша төлейді, кей-кездері кісі басына 5-6 мың берсе кей уақытта 2-3 мыңның айналасында ғана ақша ұсынады. Сәтін салған күні 2-3 жұмысқа түсіп, үйге 10-15 мың теңгемен қайтатын күніміз болады, ал кей уақыттарда бірнеше күн бойына жұмыс таппай бос қайтамыз. Күн жылы болып тұрған кездері осы жерде, базарға кіре берісте топталып тұратын болсақ, қыстың аязы қысқан шақтарда анау жатқан жылу трубаларына барып отырамыз, аяқ-қолымызды жылытып алуға көп жәрдемі тиеді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Бұлай тұра беру денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді. Аязда табаннан өткен суықтың салдарынан әрі ауыр жұмыстың кесірінен беліміз, бүйрегіміз сыздап ауырғанда шыдатпайтын сәттер болады. Бірақ, күн көру керек, амалсыздан осын жерді торуға мәжбүрміз.

Теміртау қасындағы құлбазар мен Қарағанды қаласындағы құлбазардың арасында біршама айырмашылықтары бар екен. Алғашқысы адамдар санында және жасында. Қарағанды қаласында «пиятаққа» шығатындардың басым бөлігі студенттер мен араққа ақша іздеп келгендер және жұмыссыз жатудан шаршап, нәпақа іздеп келгендер болса Теміртау қаласында «Трубаға» шығатындардың арасында студенттер жоқ. Себебі Теміртау шағын қала, таныстары құлбазарда тұрғанын көрсе ұят болар деп, ешкім тани қоймайтын Қарағанды қаласына барады екен. Екінші, Қарағандылық «Құлбазаршылардың» көпшілігі «местный қазақтар» болса Теміртаудағылары, елге көшіп келіп жатқан оралман ағайын екен.
Ал ұқсас тұстарына келер болсақ. Біріншісі, екі жақтағылардың мақсаты біреу, амалын тауып, күшін сатып ақша табу. Екіншісі екі жақтағы құлбазарында тек ҚАЗАҚтар ғана тұрады.

Пы/Сы: Жатақхана туралы жазба салып, бірақ оны аша аламадым. Сіздердің пікірлеріңіз былай тұрсын тіпті өзіме ұнамаған жазба еді. Енді, көптен бері көкейде жүрген, өзім барып, көзбен көрген жағдай туралы жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмын.
Әрі қарай

Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі

Сәлем — сөздің атасы демекші, танысып — амандасып алайын. Ең әуелі сәлем! Орталарыңызға жаңадан қосылып отырмын. Мені жылы шыраймен қарсы алады деген үміттемін. Ендеше, алғашқы жазбамды оқып, сындарыңызбен пікірлеріңізді айта отырыңыздар .
Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі
Бүгінгі таңда, тәрбиелі және зиялы ұрпақты тәрбиелеу басты мәселе. Соның ішінде, жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру. Заман дамып тұрған шақта, соның ішінде біздің елімізде көптеген спорт залдары және түрлі үйірмелер ашылып жатыр. Күні бүгінде бірнеше сараң жастарымыз ішімдікке салынып жатады. Осы мәселені өзекті етіп, Атырау қаласындағы химия — биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәнінен дәріс беретін мұғаліммен әңгіме — дүкен құрдым.
Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі
Жалпы, қай елде болмасын салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет нәрсе. Әсіресе, өзіміздің еліміздегі кейбір қалаларда экология мәселесі жақсы жағдайда емес. Сол себепті, спортпен шұғылдану жастардың денсаулығын физиологиялық тұрғыдан нығайту таптырмас мүмкіндік. Болашақта болашақ ұрпағымыз дені сау болсын десек, барлығы спортпен айналысу керек. Мынау қарыштап дамып отырған заманда, сонау шет елдерінде қарт — кәрісінің салауатты спортпен шұғылданатынын байқаймын. Өзім мәселен, спортың бірнеше түрімен айналыстым. Мектепте ұстаздық етіп жүрсем де, спорттан алыстап жүрген жоқпын .
Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі

Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі
Ия, спорт бұл тек қорғаныс емес. Сондай — ақ, адамның рухын жігерлендіре түсіретін, жан — дүниесін шыдамдылыққа үйретеді.
Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі

Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі

Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі

Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі
Осы тақырыпты жаза отыра, өз ойымды ортаға салсам деймін. Мейлінше, жастарды спортқа қызықтырудың амал — тәсілдерін табу керек. Сондай — ақ, тек оқу орындарымен шектелгеніміз дұрыс болмас. Жұмыс орындарында небір қызықты тренингтер өткізсе нұр үстіне нұр болады. Өйткені, ылғи жұмыс, жұмыс деп, бел омыртқалары және буындары ауырады. Бұл белсенді қозғалыс болмағандықтан. Онысы ол, семіздіктің алдын алуға мүмкіндік туады. Ең қызығы жылына бір рет болса да, марафон секілді жарыс ұйымдастырған жөн. Ең біріншісі, марафонның өзі қызықтырып тұр. Екінщі, адамға уәж (мотивация) ретінде болады. Ең бастысы, қаладан қашық орналасқан жергілкті жұртқа спорт кешендерін салу жұмысын іске асыру. Сөздің растығы керек, кей ауылдардан спортпен шұғылдану үшін қалаға келетіндері бар. Шынайы өмірден мысал, менің бір танысым сонау Махамбеттен келіп жүреді. Бұл адамға физиологиялық тұрғыдан шаршаңқы болады.
Міне, солай. ) Ойларыңыз болса, жаза отырыңыздар !)
Керек тілші: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі
Әрі қарай

Пәрөл ұмытпау амалдары

Бұл күнде интернетте тіркелген қолданушының үштен жартысы, бестен қыртысы өзінің құлаққа салынған енін ұмытқандай, жеке кәбінетіне кіретін пәрөлін де ұмытып қалған. Facebook-тың көмегімен кіре салуға саусақ еті үйреніп кеткен. Десек те, қазақтың жеріне жер жетеді, қазақтың тілінен асқан тіл бар, ал жеке кәбінетіңе өзіңнің админ бере салған пәрөліңмен кіргенге не жетсін, шіркін!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

Шығу тарихы

Білесіз бе, білмейтін де шығарсыз… Білерсің-дағы жыларсың, кірерсің-дағы тығарсың демекші, пәрөлдің шығу тарихын мен білмейді екенмін. Білетін академиктер болса, пікір алаңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бөліске сала жатар. Жалпы, пәрөлдің шығу тарихы сіздің акаунтыңызға кедергі келтіре ме? Ендеше, мына сенімді серіктесім Сергейдің кеңестеріне қүләқ* түріңіз.
* Орал казактарының сөзі
Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

1. Қызыл дәптерімді көрмедің бе? Шошқаның суреті бар...

VKontakte-дегі акаунтыңыздың пәрөлін ұмыттыңыз ба? Поштаңыздың мекенжайын жіберіп, жаңа пәрөлді енгізудің амалын жасадыңыз ба? Сөйтіп, жеке парақшаңыз ашылған да болар. Мейлің! Амал бар, тақырыпты тырдай етпес үшін мәтінін жазуды әрі қарай жалғастырайын. Келесіде қандай да үш-төрт сайтқа тіркелетін болсаңыз, қолыңызда қалам, алдыңызда дәптеріңіз/блакнотыңыз болсын. Бастысы, тіркелген логиныңыз бен пәрөліңізді сол мезетте жазып алыңыз. Дәптеріңіз көзкөрінді жерде қолжетімді болатын болса, айыпқа бұйырыңыз. Дәптерім жоғалып кетеді, кола төгіліп кетуі мүмкін, жаңбырдың астында қалсам зонт ретінде пайдаланам, әжетханада қағаз болмай қалса… тағы да айыпқа бұйырыңыз. Себебі дәптерге пәрөл жазудың бұл жолы сізге ешбір пайдасы тимейді, 45 теңгеңіз де сатушы Светаның төс тартқыш қалтасына кетеді.

2. Кәмпитерім бұзылып қалды. Айгүл мен Серіктің тойы бар еді...

Жалпы, қазіргі күзде кәмпитермен жазылған/жасалған дүниежалғандарыңызды кәмпитердің D: дискісінде сақтаған дұрыс. Алайда кейбір постмодераторлық шығармалар жазған жазушылар, өлең ұрлаған ақындар кәмпитерінің істен шығуына байланысты қуындыларын жойып алғандықтан, апталап ішіп кеткен. Әлбетте, логин мен пәрөлді максимум Microsoft Word-та, әрі кетсе минимум WordPad-та сақтаған тиімдірек. Дегенмен, сол файлдың Facebook-ке жарияланып кету, форумдарда флудталу, қас досыңыздың немесе жан жауыңыздың флешкіге тігіп әкету қаупі де жоқ емес. Сондықтан бұл әдістің де сізге айтарлықтай берер пайдасы нөл бүтін жүзден бір. Кім біледі, ноутбукыңызбен оңашада қыдырып жүрген кезде орындықта күзгі жапырақтардың арасында қалып қоюы да мүмкін. Ақыры, ғұн деп мақтанасыз ғой, сондықтан сақ болыңыз. Алты жыл бойы жинаған дүниелеріңіз бір сәтте наққа кетуі мүмкін.

3. Миғұла неме, миыңның бәрі су боп кеткен ғой...

Негізі, ең дұрысы ақпаратты мида сақтау. Бұл заманда ешкім миыңызға құрылғы тігіп қойып, кинодағыдай барлық ақпаратты суырып алмас. Егер ішкіш болсаңыз, ойда жоқта пибілете отырып шер тарқатып, пәрөліңізді бомждарға айтып қоюыңыз мүмкін. Тіпті, мұндай келеңді жағдайда Ішкіштер Департаментінің нақ өзі сізге жағымсыз жаңалықты естіртуі әбден мүмкін. Дегенмен, миыңызды басқару қолыңыздан келсе… Іһэқ-іһэқ… Іһһуұүммь… Миыңыз сізді басқарады екен ғой. Миыңыз сізді басқаратын болса, басшылыққа сенім артыңыз. Тек болатын нәрселерге бола миыңызды ашытып, пәрөлдердің бұзылуына жағдай жасап жүрмеңіз.

4. «Неверный пароль»… «Я забыл пароль»...

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдарыМінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді.  Дегенмен, A1abkhazia= деген сарындағы пәрөлдер мықты деп жатады осы. Әлбетте, пәрөл сақтаудың әдісін таңдау өз мәжбүрлігіңізде.
P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .
Әрі қарай

Әлем чемпионатының басты фавориті?

Сонымен ағайын көптен күткен, дүбірлі доп додасы да, жақындап қалды.Түн ұйқымызды төрт бөлетін, төрт жылда бір келетін осынау тамаша теңбіл доп додасында қайсы құраманың бағы жанады деп ойлайсыз?Әрине, басым көпшілік алаң қожайындары саналатын Бразилияны фаворит деп санайды.Бірақ Германия, Испания, Аргентина,, Голландия, Англия, Италия, Франция айта берсем кете береді т.б құрамалар бұл пікірмен келіспейді. Әлем чемпионатына осал командалар қатыспайтыны белгілі.Бельгия, Швейцария, Колумбия, Хорватия құрамалары да, өздерінің әдемі ойын өрнегімен ерекшеленеді.Уругвай, Португалия құрамаларында айтпасам ұят болар.Көршіміз орекендер (Ресей) құрамасы да бірденеден дәмелі болмасада, алысқа баруды көздейді.Алжир, Камерун, Нигерия, Кот- д ’Ивуар, Гана сияқты Африканың жұлдыздары да, белін бекем буып отыр.Азиядан Оңтүстік Корея, Иран, Жапония бар.Австралия да, жеке өзі бір құрлықтан келген, жайы бар).Мексика, Эквадор( бір ағамыз екібатыр деуші еді), Гондурас, Коста-Рика, Чили, АҚШ сияқты Оңтүстік және Солтүстік Америкадан келген теңбіл доп шебердері тағы да бар. Еуропадан Босния мен Грекия құрамалары да, осалдар қатарынан емес.
Ал сіз кімді фаворит деп деп ойлайсыз.
П.С. Осындайда қазақемдер қашан әлем біріншілігіне қатысады екен бір ой ма, арман ба, пайда болатынын қайтесің…
Әрі қарай

Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет емес, сайт идеясы бар…

Бұл идеяны қазіргі интернет қолданушыларының өздері беріп отыр. Олардың орналастырған контенттеріне қарап сондай тұжырымға келіп отырмын.

Жедім.kz — тамақ суреттері, тамақ жеу видеолары, тамақтану гифкалары, қалай тамақ жегендері туралы хикаялар…

Сайт категориялары мынадай болар еді: Қазақша тамақтар, Азия, Еуропа, Латин, Тин, Араб, Жапон, Топтық тамақтану, Қарттармен тамақтану, Қырттармен тамақтану, Жігіт жігітпен, Қыз қызбен.

Видео бөлімінде Лайв камералар да болар еді. Видеосыз да тез ләззат алғысы келетіндерге гифкалар. Ал әдебиетсүйерлерге тамақты кіммен, қалай ішкендері туралы әңгімелер.

Жасаймыз ба? Идея қоса отырыңыздар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz
Әрі қарай

Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"

Хард-әдебиетімізде өзінің өлімі туралы бірінші жақтан жаза беретін хайуандар бар. Оларды қисын тікпейд. Ал: «Адам өліп қалғаннан кейін өзі туралы қалай жазад?» дейтін оқырмандар — олардың жаназығы деуге де болады. Олай деген оқырмандардың фотоларын әлеуметтік желілерден көшіріп алып, принтерден басып шығарып, бетіне бітіру — өзінің тұзы таусылған сәтін суреттеушілердің әлде хоббиі, бәлкім ауруы. Солардың бірі — Ескендір. Спам жәшігін тазартып жатқанда табылған, осыдан екі жыл бұрын жіберілген мынабір қуындысын жариялауды жүн көріп отырмыз. Шешесстің.



Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"
Әрі қарай

Реал - Боруссия Дортмунд: есе қайтару

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Реал - Боруссия Дортмунд: есе қайтару

Бүгінгі түнді әлемнің барша реалфандары ширекфинал жеребесі тартылғаннан-ақ күткені анық. Сонда не үшін күтті дейсіз ғой, я бар мақсаты — кек қайтару, мұны спорт тілімен қарапайым түрде есе қайтару немесе реванш деп те атай беруге болады. Өткен жылғы Испн клубтарының жартылай финалда немістерден ойсырай жеңілгенін әлі ұмытқан жоқ шығарсыздар, міне «жер — дөңгелек» демекші араға жыл салып тағы жолдары түйісіп отыр. Ендігі мақсат біреу, сол жолғы матчты ұмыттыратындай есе қайтару, ал бұл Анчи бапкердің жігіттерінің қолынан келеді деп ойлаймын.
Әрі қарай

Блогкемп - 2014. Блогиада. Қарағанды.

Блог - kaztube: Блогкемп - 2014. Блогиада. Қарағанды.
Биыл Қарағанды қаласында өткен IV Блогқұрылтайдан блогер Эльвира Ерғалина видео дайындап әкелген болатын. Өткен посттарымызда атап өткендей, Эльвира түсіріп келген видеоларды үшке топтастырдық: Блогқұрылтай, Блогиада және Қарағандыға саяхат.
Бүгін Блогиада жайында түсірілген видеоны ұсынамыз.
Бұл видеода Блогиаданың келесі турына өткен 32 қатысушы өз әсерлерімен бөліседі және Блогиаданың алдағы уақыттағы ережелері мен тәртіптері түсіндіоіледі.
Кімнің 32 қатысушы арасында бар екенін көріңіз.
Сіздер үшін :)