Пәрөл ұмытпау амалдары

Бұл күнде интернетте тіркелген қолданушының үштен жартысы, бестен қыртысы өзінің құлаққа салынған енін ұмытқандай, жеке кәбінетіне кіретін пәрөлін де ұмытып қалған. Facebook-тың көмегімен кіре салуға саусақ еті үйреніп кеткен. Десек те, қазақтың жеріне жер жетеді, қазақтың тілінен асқан тіл бар, ал жеке кәбінетіңе өзіңнің админ бере салған пәрөліңмен кіргенге не жетсін, шіркін!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

Шығу тарихы

Білесіз бе, білмейтін де шығарсыз… Білерсің-дағы жыларсың, кірерсің-дағы тығарсың демекші, пәрөлдің шығу тарихын мен білмейді екенмін. Білетін академиктер болса, пікір алаңында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бөліске сала жатар. Жалпы, пәрөлдің шығу тарихы сіздің акаунтыңызға кедергі келтіре ме? Ендеше, мына сенімді серіктесім Сергейдің кеңестеріне қүләқ* түріңіз.
* Орал казактарының сөзі
Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдары

1. Қызыл дәптерімді көрмедің бе? Шошқаның суреті бар...

VKontakte-дегі акаунтыңыздың пәрөлін ұмыттыңыз ба? Поштаңыздың мекенжайын жіберіп, жаңа пәрөлді енгізудің амалын жасадыңыз ба? Сөйтіп, жеке парақшаңыз ашылған да болар. Мейлің! Амал бар, тақырыпты тырдай етпес үшін мәтінін жазуды әрі қарай жалғастырайын. Келесіде қандай да үш-төрт сайтқа тіркелетін болсаңыз, қолыңызда қалам, алдыңызда дәптеріңіз/блакнотыңыз болсын. Бастысы, тіркелген логиныңыз бен пәрөліңізді сол мезетте жазып алыңыз. Дәптеріңіз көзкөрінді жерде қолжетімді болатын болса, айыпқа бұйырыңыз. Дәптерім жоғалып кетеді, кола төгіліп кетуі мүмкін, жаңбырдың астында қалсам зонт ретінде пайдаланам, әжетханада қағаз болмай қалса… тағы да айыпқа бұйырыңыз. Себебі дәптерге пәрөл жазудың бұл жолы сізге ешбір пайдасы тимейді, 45 теңгеңіз де сатушы Светаның төс тартқыш қалтасына кетеді.

2. Кәмпитерім бұзылып қалды. Айгүл мен Серіктің тойы бар еді...

Жалпы, қазіргі күзде кәмпитермен жазылған/жасалған дүниежалғандарыңызды кәмпитердің D: дискісінде сақтаған дұрыс. Алайда кейбір постмодераторлық шығармалар жазған жазушылар, өлең ұрлаған ақындар кәмпитерінің істен шығуына байланысты қуындыларын жойып алғандықтан, апталап ішіп кеткен. Әлбетте, логин мен пәрөлді максимум Microsoft Word-та, әрі кетсе минимум WordPad-та сақтаған тиімдірек. Дегенмен, сол файлдың Facebook-ке жарияланып кету, форумдарда флудталу, қас досыңыздың немесе жан жауыңыздың флешкіге тігіп әкету қаупі де жоқ емес. Сондықтан бұл әдістің де сізге айтарлықтай берер пайдасы нөл бүтін жүзден бір. Кім біледі, ноутбукыңызбен оңашада қыдырып жүрген кезде орындықта күзгі жапырақтардың арасында қалып қоюы да мүмкін. Ақыры, ғұн деп мақтанасыз ғой, сондықтан сақ болыңыз. Алты жыл бойы жинаған дүниелеріңіз бір сәтте наққа кетуі мүмкін.

3. Миғұла неме, миыңның бәрі су боп кеткен ғой...

Негізі, ең дұрысы ақпаратты мида сақтау. Бұл заманда ешкім миыңызға құрылғы тігіп қойып, кинодағыдай барлық ақпаратты суырып алмас. Егер ішкіш болсаңыз, ойда жоқта пибілете отырып шер тарқатып, пәрөліңізді бомждарға айтып қоюыңыз мүмкін. Тіпті, мұндай келеңді жағдайда Ішкіштер Департаментінің нақ өзі сізге жағымсыз жаңалықты естіртуі әбден мүмкін. Дегенмен, миыңызды басқару қолыңыздан келсе… Іһэқ-іһэқ… Іһһуұүммь… Миыңыз сізді басқарады екен ғой. Миыңыз сізді басқаратын болса, басшылыққа сенім артыңыз. Тек болатын нәрселерге бола миыңызды ашытып, пәрөлдердің бұзылуына жағдай жасап жүрмеңіз.

4. «Неверный пароль»… «Я забыл пароль»...

Менде бір керемет сюжет бар...: Пәрөл ұмытпау амалдарыМінеки, жоғарыдағы осы сөздерді келесіде тіркелуде пәрөл етіп жазыңыз. «Ваш пароль неверный» деген жазу шығарып, пәрөліңізді есіңізге түсіреді.  Дегенмен, A1abkhazia= деген сарындағы пәрөлдер мықты деп жатады осы. Әлбетте, пәрөл сақтаудың әдісін таңдау өз мәжбүрлігіңізде.
P.S. Пәрөл сақтаудың тағы қандай қитұрқы әдісін білесіз? Қазіргі күзде қолданбайтын немесе күзінде өшіріп тастаған акаунт/логиныңыздың пәрөлі қандай еді, есіңізде бар ма? Міне, осы сұрақтарға пікірлер georgia-сында ерініп болса да жауап жазсаңыз еken .
Бөлісу:

16 пікір

zholantai
4- 5 түрлі пароль бар
zholantai
соны айналдырып қоя беремін
qonyrbai
Айналып жүріп, ми айналып кетпей ме? :)
zholantai
шынымды айтайынЧ, айналып жүріп, айналып кетеді, ондайда сол 4-5 паролді теріп шығамын, біреуі болмаса біреуі келед )))))
vvvwww
Менің тек қана бір парольім бар, қай сайтқа кірсем де, компьютерге де, электронды кілттерге де соны қоя берем
qonyrbai
Ұмытып қалмайсың ба сонда?
ken
Бұның атын лағу дейді.
qonyrbai
Ешкіу, сиыру, бұзауу, малу, тағыбасқау — кете бередіу.
RaymbekEgemberdiev
KeePassX деген бағдарлама пайдаланамын, телефонға да версиялары бар. Пароль арнайы шифрленген файлда сақталады, ол файл менде dropbox-та. Ол файлға бір мега пароль қойып қоясыз. Және әр сайтқа парольдеріңізді сода сақтасаңыз болады. Ең бастысы пароль генераторы бар, 20-25 символдың пароль генерить ете саласыз, ешқайсысын есте сақтау қажеті жоқ, тек файлдың өзіне мега парольді есте ұстау керек. Файл басқа біреудің қолына түскен күннің өзіне оны бұзу үшін 100 жыл кететін шығар.

Аналогтары көп, көңіліңізге ұнағанын пайдалансаңыз болады.
qonyrbai
Қызық екен. Ең жақсысы осы ма сонда?
RaymbekEgemberdiev
Мен үшін, иә )) Егер тек windows-та жұмыс жасасаңыз бұдан басқаларын қарастыруға болады. Ал жоғарыда аталған бағдарлама windows, linux, mac os x, android, iOS үшін бар.
qonyrbai
Керемет екен! Бағдарламашыоидқа жақынсың-ау? :)
MickThatsMyNick
сан пәрөлдер сақталған уорд докымның және жиі отыратын әлеуметжелілердің пәрөлдері ғана есте.)
qonyrbai
Мен уордымды пәрөлге қойып қойғам. :) Бірақ барлық жерде пәрөлім — сол бір ғо.
Madi
мен активте 245 номеріне бос мәтін жіберіп содан алған парольді қоятынмын бұрын…