Әр жердің сөйлеу мәнері

Ауызашарда пәтер жалдаушылар жиналып жатыр… Жайға жайғасып жатқанда: — тағы үлкен кісі келеді ма? — дегенде: — Бір көкем келуі керек… — деді үй иесі… Жоғарыда бір жайлық орынды қалдырып әңгіме өрбітіп жатыр келгендер. Әңгіме дүкен басталып, сөз таластырып жатыр…
— Сендерде еркекті «Тәте» дейді гой, неге?..
— Ал сендерде апкені «Тәте» дейді, ол дұрыс емес…

Бітпейтін даумен отырғанда бір келіншек келіп төменге жайғасты…
— Жоғары шықпайсыздар ма? — деді үй иесі.
— Жаңа көкем келеді дедіңіз ғой…
— Келді ғой, Айшагүл көкем гой ане отыр…
Үнсіздік… Түсініспеушілік… Жым-жырт…

П.Ы.: Талдықорғандықтар жеңгесін көке дейтінін енді біліппін… е маееееее… Қартайғанда көке атаға айналатын шығар…
Әрі қарай

ПЕШЕНЕ


− Адамзат баласы, қасірет! Қасірет!
Халық түсінбей тұр. Аса таяғы шошаңдаған дәруіш олардың арасында жүгіріп жүр. Мен де мектептен шыққан болатынмын. Елдің бәрі мәдениет үйінің алдына жиналып қалыпты. Жолым осылардың үстін басып өтетін болғандықтан жиылып тұрған жандардың санын көбейтіп, қастарына келіп тұрдым.
− Қарғыс атты бізді! Қарғыс атты! Ұғасыңдар ма пенделер, бізді қарғыс атты!
Пенделер! Адамзаттық ақыл-ой дәрежесінің шыңына шығып алып тырбаңдаған тіршіліктен арыла алмаған пенделерге төбеден қарап тұрған не қылған әулие екен деген қызығушылықпен үлкендерді итере-митере ортаға кірдім. Көрдім.
Қайдан тауып алғаны белгісіз, дәруіш басына шошақты киіз қалпақ, үстіне етегі тозған сұрғылт шапан киіпті. Бет-бейнесі бұрынғы бақсыларды елестеткендей.
− Не, не боп қалды, түге?, − деді жақында ғана зейнетке шыққа математика пәнінің мұғалімі Зейнеп апай. Дәруіш екіленіп сөйлей жөнелді.
− Ақырзаман болмайтын болды! Болмайды! Қасірет адамазат! Қасірет! Соры қалың сормаңдай адам!
Әрі қарай

Ұқсамасаң тумағыр....

Баяғыда… баяғыда болғанда менің 3-4 жасар кезім.Балқаш жаққа тұрмысқа шыққан әпкеміздің дүниесін апармақшы болды әжеміз. Бес жасыма дейін әжемнің қасында жатқан мен қала қоймадым. Дәм айдап Балқаштан бірақ шықтым. Әпкеміз шай ішешің бе, кофе ішесің
Әрі қарай

Акция

Күрк-күрк жөтеліне тырп-тырп еткен гәлөшінің дыбысын қоса ерткен түнгі сұлба қызыл киоскінің кішкене терезесін қақты.
-Не керек?-іштен шыққан дауыстың иесі не қатын дауысты еркек, не болмаса еркек дауысты қатын екенін айыру қиын еді…
-Прима
Әрі қарай

Ең рақат жұмыс

— Әбілдің, рақат жұмыс сенікі! — дейді көлік жүргізуші налып, — комптан «сау» немесе «науқас» деген флаг қойып, отыра бересің!
Оған, осы флагты қоя салатын жұмыс үшін қаншама арақ ішіліп, ет желінгенін, профессор Қарсақбаевты ақыры тоймағасын,
Әрі қарай

"Лексус Қазақстан" 2010 жылды қорытындылады


Бүгін Алматыда «Лексус Қазақстан» компаниясы 2010 жылдың қорытындысын жариялады. Былтырғы жылы компания қызметі табысты болғанға ұқсайды, 219 Қазақстандық, бағасы бас айналдырар су жаңа Лексустың кілтін ұстапты. «Бұл біздің жоспардан 10 пайызға
Әрі қарай

Gastarbaiter Алматыға бара жатыр...

Құдай біледі, біразыңның ойыңа «барсаң қайтейін?» деген ой келді. Бірақ мен іссапармен, не бір сұмдық мәселе шешу үшін, ия гастрольмен бара жатқан жоқпын.
Жәй, 4-5 күнге демалып, нағашы жұртты аралап, достарымды көріп (көре алсам) қайту үшін бара
Әрі қарай

Жазаланса, ох, қайыс қамшымен құйрықтан қырық дүре соғылса - 8 !!!

Кейбір банкоматтарға кезектің ұзындығы — мавзолейден бетер болады. Сезімдер де — мавзолейдегідей: біреулер қазір алатын жалақысының көлемін ойлап, көздеріне жас алып тұрады.
Енді қызығы: банкоматтан ақшаны алған қатын… сол жерде тұрып алып санай
Әрі қарай

Қауымдастықтарға модераторлар тағайындаймын



Сайттағы офттоп, флудты азайту мақсатында қауымдастықтарға модераторлар тағайындаймын. Әзірше @Ojdan мен @aues Ғибратты әңгімелер қауымдастығына администраторлар болып тағайындалды. Басқа қауымдастықтарға админ немесе модер болғысы келгендер
Әрі қарай