"Лексус Қазақстан" 2010 жылды қорытындылады
Бүгін Алматыда «Лексус Қазақстан» компаниясы 2010 жылдың қорытындысын жариялады. Былтырғы жылы компания қызметі табысты болғанға ұқсайды, 219 Қазақстандық, бағасы бас айналдырар су жаңа Лексустың кілтін ұстапты. «Бұл біздің жоспардан 10 пайызға артық»,- дейді«Лексус Қазақстанның» президенті Шинго Като. Оның айтуынша биылғы жыл да тым қатты қарқынмен басталыпты. Жыл басынан бері 143 Лексус сатып үлгеріпті. Қазақтардың қарқыны қаттылығына қуанған болар,Қазақстанға гибридті Лексустер әкелетінін жеткізді. Гибридті Лексустың биыл санаулы мемлекетке ғана әкелінетінін ескерсек қазақтар жапондардың көңілінен шыққан секілді.
Ескерту: Көлік саласы қызық болмаса пікір жазбай-ақ қоюларыңызды өтінем.Әсіресе Жапондардың дінін айтып, мұсылмандар жасаған көлікті ғана міну керек, деген сияқты пікіріңдісспен тақырыпты дінге бұрып әкетіп, жауап берсең, оған дәлел сұрайтындарға. Мысалы мен дін туралы тақырыпқа түсінбесем пікір жазбаймын, өйткені сыйлаймын әркімнің пікірін. Так что сізде солай қарауыңызды сұраймын, әр тақырыпқа діни түсінік беріп отыратын кейбір ағайындар. Бұл Қазақстанда былтыр, биыл Қазақстандағы ресми өкілдігі арқылы қанша Лексус сатылды екен деген сияқты қызығушылықтары барларға арналған ақпарат. Мысалы өзім былтыр ашылған кезде ойлап едім, әй осылардың Лексустары сатылмай, ыңғайсыз бола ма екен, дағдарыста кім алар дейсің деп.Жоқ сатылыпты. Не болып кетті өзі, Лексус туралы жазам деп едім, пікір туралы жазып кеттім.
Лексус — жақсы машина.
Менің Тойотам жынды машина екеніне әбден көзім жетті, кімге қалай екенін қайдам. Уоот, Лексус осы Тойотаның АҚШ нарығына арнап шығарған люкс санатындағы машина екенін ескерсек (Luxury EXport to the US деп талданады дейді базбір білгіштер), менің Тойотамнан да жынды мәшине екенін аңғаруға болады :))
Lexus LX470 пен Land Cruiser сыртынан қарағанда фарлары, сібеттері мен эмблемалары демесе түр-пошымы бірдей болып көрінгенімен, Лексустың комплектациясы Тәкеңдікінен бай болып келеді дейді мініп көргендер. Анығын солар біледі.
мен тек понт үшін алғым келеді, болмаса жаяу жүргенді жақсы көрем. Жұрттың бәрі алып жатыр ғой, мен не лохпын ба деген ойлар же))))
Ал бір досым айтады ылғи: есть мерседесы и есть остальные машины деп)))
Біздің кейбір азаматтар өте бай ғой, сол себеп таң қалмаймын. Тіпті жуырда бір раритетті машинка көргем))
Негізі өзім былай ойлаймын да:
Немістің машиналары* жүргенде жақсы: жолда олар — машинаның төресі. Орыстың машиналары бұзылғанда жақсы — запчастарына көп шығынданбайсың. Ал жапон машиналары — барлық кезде жақсы. Жүргенде, немістің машинасы сияқты бензин жемейді. Бұзылса — ақша сұраса да, дәл немістің машинасы сияқты көп сұрамайды. Ал орыстың машинасымен салыстыру тым артық боп кететін сияқты :)
*Мерседес пен БМВ
Сороковка конешно күшті ғой (((
сіз алдымды орап кетесіз ғой деймін, өйткені маған он сестерций жетпейді)))
күндердің бір күнінде, арзандап жатырса, Лексусты да мінерміз :)
әзірге Тойотаны (Камри 30-35)армандап жүрген жайым бар.
Көрерміз енді.