Ұқсамасаң тумағыр....
Баяғыда… баяғыда болғанда менің 3-4 жасар кезім.Балқаш жаққа тұрмысқа шыққан әпкеміздің дүниесін апармақшы болды әжеміз. Бес жасыма дейін әжемнің қасында жатқан мен қала қоймадым. Дәм айдап Балқаштан бірақ шықтым. Әпкеміз шай ішешің бе, кофе ішесің бе деп сұрады әжемнен.Ол кісі ауылдың адамы ғой шай ішті. Кофені естіп алған мен «кофе ішем» деп саңқ әлде маңқ ете қалдым. Содан кофем келді. Қарасам шайға ұқсайды. Мынау кофе емес,ішпейм деп қырсығып жатып алдым.Сондағыма қазір күлкім келеді. Кофені қалай елестеткенімді білі алмадым.
Содан қаланың әжетханасына отырмаймын деп бүлікті салдым-ай. Ақыры әжем үйдің артындағы талдардың арасына апарды. Ал, кеп рақаттанайын, ал кеп, тыша… сол жерде.
Жақында менің туған шешем, ұлымның әжесі тағы сол Балқашқа барды. Тағы сол әпкемнің үйіне)))(Балқашта қазір біздің Жақыповтар көп). Немересімен, үшке кеп қалған. Енді сол қу қиғылықты салыпты. Далаға отырам, далаға отырам деп)))))

сосын біздің әулеттің балалары пияз жей қоймаймыз. Біздің үйде пиязды көрінбейтіндей қылып турайды)))
Ал, балалық бұзақылық бар балада болатын шығар.Дегенмен ештеңені сындырмай отырғызып кеткен орнында отыра беретіндер де бар екен