Айхай дәурен, аңғал досым-ай...

Түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Түсіме қайтыс болған кластасым кіре берді. Құран оқытамын-ау деймін…Марқұмға құран бағыштайтын да ешкім жоқ шығар…
10-11ді Балқашта оқыдым. Класта есімі бірдей екі бала болды. Бірін “Ұзын Алмас”, екіншісін “Карибаев Алмас” дейтінбіз. “Біздің атымыз бірдей емес. Мен Алмазбын, анау Карибаевтарың Алмас” деп ұзыны дауласушы еді. Ұзынымен қатты араласып кеткенім шамалы. Кәрібаев екеуміз Балқаштың бір шетіндегі жер үйлер жағында бір маңайда тұрдық. Екеуміздің қызығушылығымыз, біраз ұқсастығымыз бартын. Алмас футбол десе жанын беретін. Көшеде футбол ойнағанда бір-бірімізбен ойынымыз үйлесіп жататын. Алма қайтыс болғаннан кейін ешкіммен де футболды сәтті ойнай алмадым. Келе-келе ойнауды мүлде қойып кеттім. Осы футболқұмарлығымыз арамызды ашып жібере жаздады. Бірақ, қалай екенін білмеймін, қайта достасып кеттік. Бала кезде адам кекті қатты көп сақтамайды екен ғой қазір қарап отырсам… Бір күні Сәкен Сейфуллин атындағы қалалық кітапханадан Несіп Жүнісбайұлының “Мексикадағы футбол тойы” деген кітабын алдым. Жата-жастана оқыдым. Алмас екеуміз атақты футболшылардың суретіне қарап, ағамыздың әдемілеп жеткізген әңгімесінен олардың ойынын көргендей әсер алдық.
Әрі қарай

Шәй әлде кофе?

«Чай или кофе?». Осы сұрақты бала кезіңізде талай рет кинолардан естігеніңіз анық. Өсе келе қызмет бабымен офистік жұмыстар атқарғанда, басқа да кездесулерде, әйтеуір бір жерлерде осы сөзбен ұшырасқан да боларсыздар. Ал, мен бұл сұрақпен тым ерте ұшырасыппын қарап отырсам. Сексенінші жылдардың орта шенінде туған ауыл баласының бес-алты жас шамасындағы кезінде кофе туралы түсінігі болмаған да екен ол кезде. Біздің үйдегі (ата-әжемнің баласымын ғой) қыздардың екіншісі тұрмыс құрды да күйеуінің қызмет бабыменБалқашқаласына көшіп кетті. Шешей марқұм (әжем) буынып-түйініп қаладағы «аш-жалаңаш» (Марқұм өле-өлгенше қаладағы біздерге азық-түлік тасушы еді) қызына азық-түлікке толған үлкен-үлкен сөмкелерімен пойызға мінеді. Мен шешейдің қасында еріп жүрмін.
Әрі қарай

Балқашқа жол түскенде...

Демалысымның басында да барып қайтқанмын осы қалаға. Інімнің тойы болған ол кезде. Енді міне, тағы жол түсті. Балқашқа кіре берістегі көпірдің алдындағы екі балық қарсы алады екен келген қонақтарды..
Әрі қарай

Ұқсамасаң тумағыр....

Баяғыда… баяғыда болғанда менің 3-4 жасар кезім.Балқаш жаққа тұрмысқа шыққан әпкеміздің дүниесін апармақшы болды әжеміз. Бес жасыма дейін әжемнің қасында жатқан мен қала қоймадым. Дәм айдап Балқаштан бірақ шықтым. Әпкеміз шай ішешің бе, кофе ішесің
Әрі қарай

Мне "член" нужен...

Балқаш қаласында тұратын Ғабит ағамыздың үйіне сыйлы кісілер келіп қалыпты.сыйлы кісіге етті мүшесімен беретін қазақ емеспіз бе, үйде ет бар болғанымен көңілінен шықпаған ағамыз ет алуға келмей ме. Ет сатып тұрған қазақтың келіншектері «Ағашка, мякоть
Әрі қарай

Балқаш көлі

Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Әрі қарай

Чектің әуресі...

Әбіләкімнің  ауылы: Чектің әуресі...

Балқаш жаққа жол түскендегі оқиға.Автовокзалдан автобусқа билет алдым.Жеңіл күртешемнің қалтасына сала салдым. Қалта телефоныма ақша лақтырдым және шөлдесем ішермін деп салқын сусын алып көңілімді бір жайландырдым.Менің құзырымдағы он-он бес минуттай бос уақытты вокзал ішінде сандалумен өткіздім.Бірдеңені күткенде бір орында көп отыра алмайтын жаман әдетім бар.Қалтама қолымды не үшін салғанымды білмеймін, бірақ осының керегі жоқ деп манағы ақша салған түбіртек пен сусынның түбіртегін қоқысқа арналған кішкене жәшікке тастай салдым. "Қарағанды-Балқаш" автобусына отырғызу басталды десімен сол жаққа қарай аяңдадым.Есікке кимелемей елдің артынан кірмек болдым. Билет тексеруші билетімді сұрады. Мен қалтама қолымды салып көрсетіп жатсам, «Сіз маған не көрсетіп тұрсыз?» дейді.Қарасам қоқысқа билетімді лақтырып жіберіппін.Ішке жүгіріп кіріп, қоқыстың ішін ақтарып тауып алдым әйтеуі.Абырой болғанда қолымды жуатын жерге де кіріп үлгердім.
Әрі қарай