Балқаш көлі
Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті.
Күндердің күнінде осы Балқаш айдай толып, алмадай пісіп, кемеліне келіп бой жетіпті. Осы шақта жастайынан айттырып, қалың малын тегіс төлеп бітірген бай құдалық қамына кірісіп «қамдана берсін, келінімді биыл күзде түсірем» деп қыздың әкесіне сәлем жолдапты. Бесік құдасынан хабар келген әке қам жасай бастайды. Ал айттырып қойған күйеудің тілі сақау, есерлеу жігіт екен. Балқашқа бұл хабар төбесінен тас түскендей болып тиеді. Ас ішпей, ұйқы кірмей, сарғайып, сола бастайды. Мұны сезген ата-ана, ағайын-туған «бір байдың еркесі, өсе келе есі кіріп, ел ағасы болып кетеді», «Ақ батаны, шариғат жолын бұзуға болмайды» деп жұбатысады. Күнде ойын, күнде думан жасап көңілін бөлмек болады. Қайғы-қасірет жүрегін кернеген Балқаш мұның біріне де назар салмайды. Жадыраған жаз өтіп, қоңыр күз келе жатады. Қыз елден безіп қаңғырып өлсе де есуас сақауға бармауға бел байлайды. Өзімен көңіл қосып жүрген осы ауылға ертеден сіңісіп кеткен, еті тірі Ерден деген жігітке Балқаш жолығады.
— «Қайтсең де мені мына пәледен құтқар, өле-өлгенше алдыңнан шығып, айтқаныңды екі етпеймін, өлсең көріңе бірге түсейін»- деп асылып отырып алады. Паналар жері, бетке ұстар елі жоқ жігіт не істерін білмей қатты қысылады. Ақыры, қыздың зарынан қабырғасы сөгілген, бір жағынан жатқа қиғысы келмеген ер көңілді жігіт бір түнді қызды атпен алып қашады. Барар бағыты бұдан бір жыл бұрын жау алған жылқыны іздеп жүріп кез болған қалың қамысты үлкен көл. Мұз қатқанша соның жағасында жасырынып жатып, қысқа қарай оның аржағына, Ұлы жүз еліне өтіп кетпек болады.
Екі жас түн жамылып, тау бөктерлеп, жапан түз сусыз шөлді кезіп өтеді. Қамыстың құрағы күректей, сабаулары білектей, толқыны жар слққан үлкен көлге де келіп жетеді. Аттарын арқандап тастап, қамыстан күрке жасап, мұздың қатуын күтеді. Ауыл бұлардың қайда кетіп, қайда қонғанын білмей елден – елге кісі шаптырып, сұрау салып, сабылысуда болады.
Ерден күндіс аң аулайды. Балқаш жартасқа шығып, ұшқан құсқа асыр салып, ойнаған шабақтарға қарап, бір ғана соны ермек етеді. Елін сағынып, болашағын ойлап зар қағады:
Бұл көлдің біз жатырмыз жағасында,
Өмірдің өлім менен арасында.
Шабақтай мына жүрген тайраңдаған
Туған ел, қайран жұртым қаласың ба?
Уа, шіркін, құс боп ұшсам қанат бітіп,
Балық боп су астымен кетсем зытып,
Қолында дұшпанымның пенде болмай.
Қор етіп көрінгенге мазақтатып,
Құдай-ау, шыбын жанды бердің неге?
Күндер өтіп, күн салқындап, көлдің қататын мезгілі де жақындай бастайды. Екі жас мұны асыға күтіп, жүректері алып-ұшуда. Өстіп жүргенде бір күні іңірде арқандаулы аттар осқырып, аласұрады. Қостан жүгіре шыққан Ерден екі аттың жанында жарғалы тұрған қабанды көреді. Жігіт мұны көре сала қос жанында жатқан сойылды ала жүгіреді. Аттарды құтқармақ болып жанталдасып жүрген Ерденді қарыстай ауызымен түйреп өтеді. Сол мезетте осқырынған арқандаулы аттар байлауын үзіп қашады. Қабан солардың соңынан ктеді.
Бағанадан бері безек қағып, маңайларына бара алмай жүрген Балқаш жүгіріп келіп, қызыл қанға боялып жатқан Ерденге бас салады. Сүйемелдеп қосқа кіргізіп жарасына қараса қабан шабын жарып кеткен екен. Киіз тоқымды отқа күйдіріп, жарасына басады. Күл себеді.
Ал босанған сәйгүліктер сол кеткеннен елге барып тіреледі…
… Бұл күндері жарасы денесіне жайылып өне бойын қанды ірің кеулеп кеткен Ерденнің әлі азая бастайды. Қыршын жас көп ұзамай қайтыс болады. Жалаң түзде жан жолдасынан айырылып, қыс Балқаш ботадай боздап, жалғыз қалады. Еңіреген өксігін басып, есін жиғаннан кейін, қостың жанындағы майда құмды қазып, астына қамыс төсейді. Ерденді арулап көмеді. Жас қабірді құшақтап жылаған Балқаш енді өзіне ор қазады. Содан кейін дүниемен қоштасу үшін жартастың басына көтеріледі.
«Айрылдым айдалада Ерденімнен
Соңынан қолын ұстап ергенімнен.
Болған сон тағдыр солай шара бар ма?
Көп еді көрмегенім көргенімнен
Қош-сау бол, елім-жұртым, ата-ана,
Айдын көл, туған өлке жалпақ дала
Мен кеттім жас жанымды құрбан етіп,
Таба алмай өз ортаңнан ешбір пана.
Аққу, қаз қабіріме келе кетші,
Ғаріптің не болғанын көре кетші,
Тәнімдлі қарға-құзғын шұқымасын,
Сабалап қанатыңмен көме кетші» — деп өмірмен қоштасады.
Осы мезетте иек ортадан бір топ атты сау ете қалады. Қыз олардың ішінен өз туыстарын, қайын жұртын таниды. Қолға түсіп, пенде болмас үшін Балқаш жар соғып, көбік шашып жатқан көлге секіреді. Қаңқылдаған қаз, сұңқылдаған қу көлді айнала ұшіып, адамзаттың аруы Балқашты жоқтасты.
Содан бері көл борйын жайлай қонған ел көлді Балқаш атап кеткен деседі.

7 пікір