Чектің әуресі...

Әбіләкімнің  ауылы: Чектің әуресі...

Балқаш жаққа жол түскендегі оқиға.Автовокзалдан автобусқа билет алдым.Жеңіл күртешемнің қалтасына сала салдым. Қалта телефоныма ақша лақтырдым және шөлдесем ішермін деп салқын сусын алып көңілімді бір жайландырдым.Менің құзырымдағы он-он бес минуттай бос уақытты вокзал ішінде сандалумен өткіздім.Бірдеңені күткенде бір орында көп отыра алмайтын жаман әдетім бар.Қалтама қолымды не үшін салғанымды білмеймін, бірақ осының керегі жоқ деп манағы ақша салған түбіртек пен сусынның түбіртегін қоқысқа арналған кішкене жәшікке тастай салдым. "Қарағанды-Балқаш" автобусына отырғызу басталды десімен сол жаққа қарай аяңдадым.Есікке кимелемей елдің артынан кірмек болдым. Билет тексеруші билетімді сұрады. Мен қалтама қолымды салып көрсетіп жатсам, «Сіз маған не көрсетіп тұрсыз?» дейді.Қарасам қоқысқа билетімді лақтырып жіберіппін.Ішке жүгіріп кіріп, қоқыстың ішін ақтарып тауып алдым әйтеуі.Абырой болғанда қолымды жуатын жерге де кіріп үлгердім.
Бөлісу:

47 пікір

alisha
бағана бір сөзің «анау-мынау» иіске құмарлығыңды байқатқандай ең:)
alisha
сөзіңде демекші ем…
asaubota
сәйкестікті қарашы! жаңа ғана үйден жұмысқа келе жатып қолымдағы 2 пакеттің біреуін қоқысқа тастауым керек еді, шатастырып алсам деп өз өзіммен күліп келе жаттым да осындай байқамай қоқысқа кеткендер туралы жазам деп келе жатыр едім, сен жазып қойыпсың :)

мен бір рет 20 мың теңге футболға бәс тігіп 35 мың ұттым да соның квитанциясын асханада тамақ ішіп отырып, үстелдің үстіне қойып қойғам, қазір басқа қалтама салып қоямын деп. сөйтіп ұмытып кетіппін, жұмысқа келіп қарасам квитанциям жоқ. содан асханаға жүгіріп бардым, барсам қыздар қоқысқа тастап жіберіпті. тауып алдым, қағаз шамалы суланып, шетіне томат жұққан :)

кептіріп қойдым, жұмыстан кейін тапсырып, ақшамды алдым :)
Abilakim
бұйырып тұр ғой
alisha
бұйырту үшін де жүгіру керек екендігінің бұлжымас айғағы!
Abilakim
Әжем бір қонаққа барған қалаға келген кезінде.содан балаларыңыз ауыз тисін деп бірдеңелер салып бермей ме.сол үйдің иесі өз машинасымен үйге дейін әкеледі.Содан әжеміз пакетін алып,«сендерге беріп жіберді» деп үстөлге ақтарғанда мүжілген сүйек, салфеткалар, алманың қалдықтары сау ете қалғаны бар.пакетті шатастырған ғой.Көк пакеттер пәле болды қазақтарға…
alisha
ішім… тәңірдің саған бұйыртқан сыбағасы сол болған ғой ендеше!
sammita
Айкен деген көк пакеттен ығыр боп жүрсек, дәл соның қарасы шығыпты ғой:))
Бірде үй жинап жүріп үйіліп тұрған газеттерді қоқысқа тастай салғам. Содан бірнеше күннен соң үйдегілер көліктің құжаттарын (доверенность, техпаспорт) іздеп жүр. Газеттің арасына тыға салған ғой. "Қоқысқа лақтырдым" деуге ұялып, 2-3 күн бірге іздестім, тіпті линолеуімді көтеріп астын да қарап қоям;) Қайтадан құжаттарын жасатты ғой сонымен.
Abilakim
уууууууууууууууууууу
alisha
мына жерде кілең қу, жымысқы, жылпыс, өтірікшілер жиналыппыз ғой өңкей;)
Abilakim
Шұңқырға апарып атып тастап, көмусіз қалдырса да обал жоқ екен десеңші
alisha
қой, неге, қай адам өзіне жамандық тілейді, айтшы, а?
sammita
«жаман сырын айтам деп шынын айтады» деуші ме еді:)) Қайтейік енді, өмірде түрлі жағдайда небір образға енуге тура келеді))
alisha
мен бір рет пластик плентустардың бұрыштамаларын түгелімен қоқысқа тастап жібергем… сыртынан қарасам қоқыс салынған пакетке ұқсайды, қайтейін… айтпақшы, тағы бірде күйеуімнің қан тапсырғандығын растайтын түбіртегін "құрбандыққа" жібердім, ол түбіртекті көрсетпесе, донорлыққа берілетін тиісті демалысын ала алмайды екен. Мен сіздер сияқты қоқысқа ұмтылмадым, себебі екі жағдайда да 3-4 күннен кейін ғана "іздеу операциясы" басталып, нәтижесінде бұрышқа тұруға тура келді;)
Abilakim
Өмір осындай оқиғаларымен қызықты
alisha
осының бәрін еске түсіруге түрткі болатын Дабайға мың алғыс! Қарап отырсақ, бастан кешкен қызықты хикаялар көп екен!
omarbirat
Алған чектің бәрін қалта салып алып жүре беретін әдетім бар. Бір рет гәйішниктер тоқтатқанда, қалталарыма қол салған сайын қайта-қайта чектер шығып ұятқа қалғаным бар еді. 500 теңгеге келісіп тұрған жерден братанның қалтасындағы 1500 теңгелік бензиннің талоны кетті. Былай шыққанда қалтамды қарасам, 4500 теңге жүр!
sammita
бағанағы чек жайлы дау мына жаққа да жеткен бе:) Бірде Активтің картасын өшіріп соткама тердім де, қоқысқа тастай салдым. Шамалы жүрген соң "қате терілді бірдеңе-бірдеңе" деген жазу шыға келсін. Кері жүгіріп (астаналықтар біледі Артем сауда үйін) ұялсам да қоқыс жәшігіне қол сұғуға тура келген:))
Abilakim
сол маңайдағы «бомждар» салып алмаған де соткаларына
sammita
тақырыбыңнан ауытқуыма рұқсат ет (как будто үнемі тәртіп сақтап түзу жүргендей боп қояйыншы):) Үйде із-түзсіз өте түсініксіз күйде заттарың жоғалған жағдай болды ма? (біздің үйде шайтан бар сияқты)
Abilakim
Болып тұрады. «Шайтан алып кетті ме?» деп жататынымыз сондай кездерде ғой.Кейін басқа нәрсені іздегенде баяғы іздегенің табыла қалады.мың рет қараған жеріңнен.
Ондайда әйелі қараған жерді күйеуі, күйеуі қараған жерді әйелі қайта қараса тез табылады.әрине егерде әйелі қоқысқа лақтырып жіберіп өтірік іздеспесе))))
alisha
болады, және оған деген аса бір қажеттілік туындамаған кезде көз алдыңнан көлбеңдеп кетпей қояды ғой… керегінде шырақ алып іздесең де таппайсың… Негізі үйдің иесі болатыны рас дейді… олардың көбісі өздерінің иелеріне қамқоршы болады екен… сондықтан да қоныс аударғанда немесе ұзақ сапарға кетер алдында үйдің иесін өзіңмен бірге ала кетуің тиіс екен. Ол үшін «Бізбен бірге жүріңдер!» деп айқайласа жетіп жатыр… бұлармен бірге, таңертең қожайынын қылғындырып оятатын, қажет затын тығып қоятын "қыңырлары" да болады-мыс…
Abilakim
Біздің үйдегілер «алқаш ептілер».Азанда жатарда түзу қойған нәрселер қисайып тұрады ғой. Кейбірде бір жаққа кетіп бара жатып «БІзбен бірге жүріңдер» деп қояд өздері
alisha
Дейтін шығар…
sammita
бұл орыстың домовойлары. Қазақтар бұған сене ме екен? Бірақ, Жас алаштан бір оқиға оқығам, сол есімнен кетпейді. (Бір үйде үнемі ақша жоғалады екен. Әкесі қызынан күдіктеніп, үнемі оны ұрып соға беріпті. Бір күні үйге келген қонақтың қалтасындағы бар айлық ақшасы жоғалып кетіпті. Ұялған үй иесі үйді түгел ақтарады, таппаған соң не істерін білмей, сасқанынан ағаш еденнің шегесін босатып, ашып қараса, жоғалған қаншама ақша-тиын сонда жиналып жатыр екен. Кейін бір көріпкелге барғанда айтыпты "үйіңде сендерге өш бір ие бар, соның әрекеті т.б.«деп). Біздің үйде із түссіз жоғалып кеткен оқиға болды 2-3 рет. Мүлдем табылмады ақыры.
alisha
техпаспортты іздеп жүрген кезде линолеумнің астынан шыққан екен деп ойласам;)
alisha
ай, осы рас-ау…
asaubota
осы атыраудың келіншектері кілең сондайларға сенгіш болып келеді, а? тіпті көзімен көргендер де бар. тоқтың розетка тығатын тесігінен шығады екен :))))
alisha
тоқтың розетка тығатын тесігінен… қиындатып жібердің ғой, ағасы…
asaubota
и кәдімгі жардағы розетка
Abilakim
қай тесігінен екенін айтпайма, екі тесік қой)))
sammita
Әбіләкім, жақсылап ет қосып картоп қуырып Алиша екеуімізді шақырсай үйіңе, қызды мына әңгімеміз.
Abilakim
Нешеге шақырайын? 2-ге ме, 5-ке ме?
sammita
2-ге шақыр, 5-те барып қалармыз;))
alisha
ех… мен Атыраудан ат арытып жеткенше…
alisha
қаспағы бұйырар ма екен…
Abilakim
онда 12-ге шақырайын, сонда 5-те келесің
alisha
е, осы отырғанда үйіңде картоптың бар-жоғын білмейсің ғой…
Abilakim
бар екеніне сенімім мол
sammita
;))) картоп болмаса, амал жоқ ет жеуге тура келеді;))
asaubota
сосын Әбіләкімді орталарыңа алып жатып, түнімен әңгіме айтыңдар домовой, ие, ес т.б неше түрлі полтергейсттер туралы айтып. қорқып, бір біріңе тығылып :)))
sammita
:))мен сыйлық ала барам, Әбіләкімнің үйіне Айкен пәкетке салып;)
alisha
«Ба-балап» жатқан Әбекең елестеп кетті…
Abilakim
мамалап жатқан Саммита елестемеді ме)))
alisha
;))) сенің мына бастамаңа қатысты тақырып аштым жаңа… оқы