"Кариб теңізінің қарақшылары 4" қазақстандық прокатта рекорд қойды

«Кариб теңізінің қарақшылары: тылсым жағалауда» фильмі алғашқы бес күннің ішінде Қазақстанда рекордтық сома жинап үлгерді.
«Меломан» компаниясының мәліметтеріне сәйкес, "Қарақшылардың" төртінші бөлімі бес күнде 164 миллион теңге табыс тапқан. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Осы уақыт ішінде туындыны 160 мыңнан астам адам тамашалапты.
Сонымен қатар, «Кариб теңізінің қарақшылары: тылсым жағалауда» фильмі, алдағы күндердің нәтижесі бойынша, Қазақстанның кинопрокат тарихында ең көп табыс тапқан туынды болуы мүмкін деп хабарланды.
Астам деп тұр ғой.
Раздвоение личности.
Инфо үшін рахмет:) Баджа:)
Қажыдым…