Жазаланса, ох, қайыс қамшымен құйрықтан қырық дүре соғылса - 8 !!!

Кейбір банкоматтарға кезектің ұзындығы — мавзолейден бетер болады. Сезімдер де — мавзолейдегідей: біреулер қазір алатын жалақысының көлемін ойлап, көздеріне жас алып тұрады.
Енді қызығы: банкоматтан ақшаны алған қатын… сол жерде тұрып алып санай бастайды!!! Ал, мың теңге жетпей қалд делік — құлтемірге бұтағымды істейсің бе, ептібайымайд?! Жоқ, құртқанда құсықбанк мына әжесстің мол айлығын мыңдықпен, бесжүздікпен беретінін айтсайш! Босат ептібайымайд банкоматты, арақ-пұлымызды алып, қарамызды батырайық!!!
bk
Бөлісу:

45 пікір

qisyq
Сатыбалды, осыны да сөз деп отырсың ба? Елге, жерге, жастарға үлгі боларлық дүние жазсаңшы. Бос сөзге үйірлікті қашан қояды екен осы қазақ!? Ұлттық дүниетанымымызды кеңейту керек қой, қырта бергенше!
konvict
Оппа!!! оппа, оппа, оп-па-па!
qisyq
жа… жа… жақсы айттым, ә?!
kirikpishak
Sagan kosilamin qisiq! Satibaldiniki bit-shit
konvict
Scheschesse!!! Бұл енді басқа әңгіме
omarbirat
Банкомат бұндайлардың бүкіл айлығын өзіне алып қалып, бұларға тек чегін шығарып берсін!
AKY
Ондайды көрмеппін))
VKM
жазалансын;))))
satibaldi
Ааа, біреудің қолымен кісі өлтіруді әлі қоймағансың ба?
VKM
осы жазалансын ұнайды.Тарихта болған ғой,өздері жасамайды, ал біреуді айтақтайды… отқа май құйып па еді? солай
satibaldi
Тарихта болған ғой,өздері жасамайды, ал біреуді айтақтайды… отқа май құйып па еді? солай
Болған, болған. Мысалы — кардинал Ришелье. Бірақ ол кісі Ұлы Францияның мүддесі үшін айтақтаушы еді, Сіз кім үшін? Қазақстан үшін??? КетЧ.
VKM
))) асқабақтар жасасын!
Ahi
Сатеке, сізге жеке сұрақ: ана асқабақтың басында тұр ғана не нәрсе?
AKY
Жеке сұрақты жекеде қой))))
saken
Оңтүстік африкада өткен футбол додасынан естелік қой.
satibaldi
Менің шатырым — жөйіттер екенін білдіреді, иншМұса!
asaubota
көп ойланып тұратындарға да жыным келед. әсіресе азық-түлік дүкендерде сенің алдыңда қыздар немесе әйелдер тұрса біттің дей бер. мың ойланад не аларларын білмей, бір кезде болған шығар деген кезіңде ол конфеттер өлшетіп жатад, артықтау болып кетед бір екеуін алдырып тастайды. алған заттарын да қарап-қарап қайтадан береді, басқасын алады. қажып жүрм…
sammita
қолындағы ақшасына шақтап алатын шығар.
Gulistan
Банкоматтан ақша ларда не болмасын қандай да бір операция жасарда, кейінгі тұрған адам 2 метрдей артта тұрғаны жөн. Ал біздерде иығыңның үстінен тұрып алып, «ананы бас, мынаны бас» деп ақыл айтатынын қайтерсің:)
Dzhuli
+ стиль А-лЯ @Satipaldi
edige
Satibaldi дұрысы
Dzhuli
ой, кешірім өтінемін!
Zilola
Банкоматттың экранына төніп тұратын, өзі қолдануды білмейді, көмек бергісі келетіндерден қорқатындарды да жазалау керек.
Тездетіп ақша шешіп алайын деп барсаң, жұбайлар бір бірін прикрывать етіп тұрады, біреуі айналаны бақылап, екіншісі 2 сағат ойланып батырмаларды әзер басады.
alisha
сондағы түсіретіндері 2000 теңге деші)))
Gastarbaiter
2000 теңге үшін тамағыңды бәкімен сипап кететіндер де бар.
alisha
бар ғой, 100 граммға бола көршісі кемпірді жер жастандырды бізде біреу
Abilakim
ненің 100грамы екеніне де байланысты емес пе шаруа?
alisha
ненің 100 грамы екенін біліп отырсың ғой, қойшы
Gastarbaiter
Білә, сен ішіп алсаң үндемей қалатын шығарсың ә?
alisha
Мен бе? Ішіп көрмеппін…
alisha
Гастаның жазғанына тым қатты сеніп, оны жүрекке жақын қабылдау, және оған терең үңілу
дегенді оқып тәубеме кеп отырмын
Gastarbaiter
Негізі Құрдастың постына жауап боп жіберілген. Стрелкамен тексершейш, ақталмас бұрын:))
alisha
ақталып жатқам жоқ, түсінбей қалдым да… кейін барып түсіндім Жаратқан жазалағыштардың кәріне ұшырата көрмесін
Gastarbaiter
Әне тағы ақталып жатырсың:) Түсінбей қалдым деп:)
Abilakim
Құрдас-оу, мен ішпей әзер адам болып жүрмін,ішсем не болам
Gastarbaiter
Жынды екен деп қалмасын деп жүз грам тартып алмайсың ба? Жұрт тым болмаса мастығыңнан көре салад))))
saken
2000 мың
2 мың мың деген жаман ақша емес сияқты ғой (2 млн тг.). Сақтықта қорлық жоқ деп тұрғандары болар :)))
alisha
түзетіп қойдым)))
Gamk
Лібәәә, өткенде бір-ақ конвалют «Аспирин» аламын деп (25 теңге) тура 15 минут тұрдым дәріханада. Бір 3 қатын (петрушкілер) қанымды қарайтты. Кетіп қалайын десем алып болған сияқты. Күтсем «анау қандай, мынау қандай» деп. Өй өңкей епті…
Milzhyng
Тірнектеп жинаған ақшасын алып жатқандарды асықтырып, күңкілдеп, ұрсып тұратындар одан бетер жазалансын. Ал асығып тұрса да, сыпайылық танытып тұрғандарға ырысбек!
sammita
дұрыс. Кейбірі мойнын созып экранға, ақшаға қарап тұрады ғо:))))
Бір танысым банкоматтан ақшаны санап алады, күлетін едім, сөйтем кем береді екен кейде. Сол кезде қашан, қандай купюрамен алдың барлығын білеуің керек.
Milzhyng
Біздің адамдар қарапайым ғой енді.