Нөмірі 889-ыншы азаматтық процесс: штат Айдахо @KILYZAMAN-ға қарсы

Уа, Исаның ала жібін аттамаған буддажар болғыр жама'ат!
2011 жылдың 22 қарашасы күні сағат 19:50-де, @KILYZAMAN атты қолданушының жұмбағы жарық көрді. Жұмбақтың — аударма екені көзге ұрып тұрғанымен қоймай, себеп-салдарлық тізбегі жоқ болып шықты. Бірақ ішпиен шынымен мықты бірдеңе жасырған кісінің кейпімен отыра берді. Жауабы, ом манэ падмэ хуум! — жаңқа болып шықты.
Әрі қарай

Айналайын (Рүстем Жанай)

Айналайын,
Тағы да айналайын.
Өзің барда
Жанымда бар ма уайым?
Шыныменен кейісең
О, ғажайып!
Шыңдаламын төске ұрған балғадайын.

Айналайын!
Жырым ғой — қолда барым.
Қартайғанша шын сүю —
Ол да — дарын!
Кемпір- шал деп балалар күлгенімен
Сен — он сегіз,
Мен әлі жиырмадамын.

Айналайын!
Мен сенен айналайын.
Қанағат қып күн кешкен барға дәйім.
Еркелетсем мен сені,
Сен де мені,
Жараспай ма мәңгілік жарға ләйім.
Айналайын!

P.S. Автордың өмірден озғанына биыл үш жыл болыпты. Алайда, өзі өлгенімен артында рухани мұра болып өлеңдері, бірнеше жинақтары («Сағынып кеттім мен сені», "Өмір парақтары"), "Қайыртаң" повесі, «Жанайқай» прозалық жинағы мен «Жанқожа батыр» дастаны қалған.
Әрі қарай

Кровь и песок

Бұрындары осы сайтта ара-тұра айтыстар өтіп тұрушы еді. Алиша секілді келіншектермен кеңкілдесіп отырып айтысатын айлы түндер мен күнді күндер кімнің есінде? АКУ-да қалыса қоймаушы еді? Ал, жаңадан келіп қосылып жатқан қыздардың, келіншектердің ішінде ондай өнерлері барлар бар ма екен? Жалпы, қыз-жігіттер бір-біріңді айтысқа шақыра отырыңдар.
Әрі қарай

Солақайларға арналған шыныаяқ

Жұма күнгі бояннндар: Солақайларға арналған шыныаяқ

Солақайлар да қоғамымыздың бір бөлшегі, тіпті осы Керекинфода да бар шығар. "Қалдан Церен" атындағы Қалмақ техникалық колледжіндегі ғалымдар солақайларға арналған шыныаяқтар ойлап тауыпты.
Әрі қарай

Жол жөндеу

Өткен жылы ауылымыздың жолын өзіміз жөндеген едік. Соңғы рет ауылдың жолы 1980 жылдары жөнделген екен. Содан 8 км жол еш жөндеу көрмеді. Ақыры төзімі таусылған ауыл жастары белсеніп, ақсақалдарға сауын айтып, жол жөндемекке бел шешкен болатын. Әр үй 1000 теңгеден, машинасы бар адамдар 5 мыңнан шығарып, асфальт алып, соны төседік. Сонда небәрі 250 мың теңге ғана шыққан екен. Осы жылы аудан әкімшілігі ұялды ма, әлде біздің Мәсімге жазған хатымыз себеп болды ма, әйтеуір ауылдың жолын тақтайдай қылып бердіЖақында ауылға барып компьютерді ақтарып отырып мына виеоны тауып алдым. Қарапайым ауыл адамдары назарларыңызда
Әрі қарай

Қарағандылықтарды құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында жеңіп алған тұңғыш алтындарымен Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншыларын және жанкүйерлерін құттықтаймын! Өз кезегімде «Ақтөбенің» үшінші орынға іліккені үшін қуанғанымды және бірінші орын ала алмағаны үшін өкінгенімді айтқым келеді. Енді Кубоктық ойындар ғана қалды! Жеңісіміз көп болсын! Жеңісіңмен, Қарағанды!

Жерсілкіністен зардап шеккен Вандағы қырғыз бауырлар көмек күтуде



Түркияның Ван вилайетінде (облыс) қырғыздар тұратынын естіген едім. Бүгін Фейсбукта олар туралы аз болса да ақпарат алдым. Түркияның шығысындағы бұл жерге олар 1980 жылдары Ауғанстан арқылы көшіп келген екен. Бұл аймақтағы қырғыздар курд террористері ПКК-ға да қарсы күреседі екен. Түрік қарулы күштеріне жатпайтын, мұндай тәуелсіз сақшыларды Коруджу (korucu) деп атайды. Қырғыздардан бір адам шейіт болған екен, енді соның өшін аламыз деп отырған көрінеді.

Қырғыздар Ванның Эрджиш ауданындағы Улупамир ауылын мекендейді екен. Жерсілкіністен зардап шегіп отырған ауыл тұрғындары қыстық киім және шатыр жағынан көмек сұрайды. «Ақша керек емес, тек жылы киім мен шатыр болса болғаны, үйге кіре алмай далада түнеудеміз» дейді ауыл әкімі Қасымбек.

Егер мұндай көмек көрсетуге мүмкіндіктеріңіз болса:

Адресі:

Ulupamir Köyü Muhtarlığı
Kasımbek Varol (Köy muhtarı)
Van / TÜRKİYE
тел: +90 432 382 24 28
моб: +90 539 462 54 84
Әрі қарай

Мақаланы алғашқы бетке шығару


«Мақалам неге алғашқы бетке шықпайды» деп ойланатындар көп. Шынымды айтсам бұрын сайттың конфигурациясын дұрыс қарамапппын. Жақында сайтты жаңартқан кезде байқадым. Мақала өздігінен алғашқы бетке шығуы үшін 8 қолданушының плюсі керек екен. Яғни 8 плюс алған мақала өздігінен алғашқы бетке шығады. Ал былай тек админ ғана рейтингіне қарамай алғашқы бетке шығара алады.
Әрі қарай

«Қазақфильм» фильмдері Арбатта көрсетіледі



28 мен 30 тамыз аралығында Алматыда Арбатта Шәкен Айманов атындағы киностудиясы отандық танымал актерлардың қатысуымен соңғы жылдар ішінде түсірілген фильмдердің көрсетілімін өткізеді.
Әрі қарай