Нөмірі 889-ыншы азаматтық процесс: штат Айдахо @KILYZAMAN-ға қарсы

Уа, Исаның ала жібін аттамаған буддажар болғыр жама'ат!
2011 жылдың 22 қарашасы күні сағат 19:50-де, @KILYZAMAN атты қолданушының жұмбағы жарық көрді. Жұмбақтың — аударма екені көзге ұрып тұрғанымен қоймай, себеп-салдарлық тізбегі жоқ болып шықты. Бірақ ішпиен шынымен мықты бірдеңе жасырған кісінің кейпімен отыра берді. Жауабы, ом манэ падмэ хуум! — жаңқа болып шықты.
Көті қарақты кез келген христианин, жаңбыр күні ылғал жаңқаны еш жерге қашырмай ұстап алуға болатынын біледі. Тап сондай қисынмен дұрыс жауап шаң-тозаң, бақ-бақ болып та шығуы мүмкін емес пе? Ал кешке кемпірдің қайдағы жаңқа үшін тігіліп қайта баруы тіпті күлкілі. Әрине, бұл күлкінің алдында — адам баласы миының осынша деңгейге түсуіне қаймығып, ойбайлап жылап алатынымыз тағы бар.
Сөйтіп, жұмбақтың принципі — тек қана бір дұрыс жауап болуы екендігін тасшылыққа ала отырып, @KILYZAMAN-ді әділетсіз назарларыңыздың сотына ұсынамын. Жапа шеккен айыптаушы жақ ретінде, аталмыш кісіден Актив — 1 500 бірлік талап етемін.
Бөлісу:

37 пікір

meirzhan
ішпиен шынымен мықты бірдеңе жасырған кісінің кейпімен отыра берді
:))))))))
VKM
Тиіспеңізші Қилызаман ағаға)
satibaldi
1 500 бірлік берсе — ұмытамын.
bazuka
құұұрсын, шығармайтыңыз жоқ))))))))
satibaldi
Жоқ, сен: виновен немесе невиновен деуің керек.
AKY
Қолға кірген тікен ғой. Оны шұқыған сайын кіре береді. Кемпірі алып берген. НЕсі дұрыс емес?
AKY
Невиновен очм.
satibaldi
Рахмет. Дауысың саналды.
satibaldi
Белгілеп қойып ол тығылған жерді
Белгілемесе, кемпірі қолтығына тікен кірген деп ойлауы мүмкін бе еді?
AKY
Ол енді типі образно айтқаны дә)))) Қоя қойшы енді, нең бар?
sigma
Виновен, деп жақтасып қоймасам. Келесі жолы бәлкім пибіге келерсің, әлде қойып жүрсің бе?
satibaldi
Ертең Үкіметтің порталына шағымданам нақ, кінәлі деп таппасаңдар!
Jacqabaies_Chirac
Барщевскийдің бешпетін жепсің нақ
sammita
жаңқа емес, шөгір.
KILYZAMAN
жаңқа, шөгір, тікенек… заноза
sammita
жаңқа деген тамызық отын.
KILYZAMAN
Жаңқаның тым күшкентайлары да болады… Самауырға салатын тамызық отынды — тараша демейме?
sammita
ондай сөзді білмеймін қазақта, диалект сөз сияқты.
VKM
Тікенек дұрысы)
sammita
сол ғой шөгір, тікен, но жаңқа емес.
KILYZAMAN
я вот тут задумался а почему щепка с древня в колбе находится? Носить просто в карманах щепку опасно, полезешь за ключами — случайно воткнётся, посадишь занозу, а там инфекция, гангрена…
… жай бір қыйынды ғой, тынышталшы ;-)
sammita
қыйындысы несі??
енді оқысай өзің жаңқада тікен болады, жұмбағың щепка емес, содан қолға кірген тікен жайлы.
болды, өз пікірімді тықпаламаймын, менің білетінім осы.
Jacqabaies_Chirac
Шағымданушы бұл жерде жұмбақтың мәтінінің түсініксіз берілгендігін басты аргумент қылып отырғандығын аса қадірменсіз назарбыңызға көрсеткім келіп отыр.
Ия рас аудармасы құсық бірақ…
sammita
оны түсіндім. Жауаптың да бұрыстығын назарбына салып отырмын айыпкердің)
Jacqabaies_Chirac
жауап дұрыс, тікенек, шөңге, жаңқа да
Jacqabaies_Chirac
Тоғайды кезіп — қураған бұтақтар теріп,
Байқаусызда оны таптым.
, бұтақты ұстағанда кірген , бұтақ=ағаш, ағаш=жаңқа
KILYZAMAN
Ия рас аудармасы құсық
— Дұрыс аудармасы қалай болар еді?
KILYZAMAN
қыйындысы несі??
орысша текстен қырқып ала салғанымды меңзейді…
жаңқада тікен болады
— :-) жаңқада жаңқа болады
satibaldi
Менің 1 500 бірлігім қайда нақ? Қолыңа бұтақ кіргенше тоғайды кезбей, түске дейін әкеліп таста нақ, ішпиен!!!
satibaldi
Я қазақшаң жарымаған, я орысшаң келіспеген, неткен адамсың өзің? Етігіңді қураған бұтақпен тіктірмей тұрғанда тез әкел моралдық шығынымды!!!
Zhan
«Жұмбақтар шайқасы»)))
Zhan
Көті қарақты кез келген христианин,

Сатекеңді түрлі діндер конференциясының төрағасы етіп қойса қалай болар екен?
KILYZAMAN
Қой, айтпа ондай нәрсені — нағыз қалаймақан басталар…
dark_nazgul
«жаңқа» деген «опилка» да…
Abilakim
Опилка ұнтақ емес пе, Крошка?
sammita
иә, ағашты жонғанда жоңқа, жаңқа болады.