Айналайын (Рүстем Жанай)
Айналайын,
Тағы да айналайын.
Өзің барда
Жанымда бар ма уайым?
Шыныменен кейісең
О, ғажайып!
Шыңдаламын төске ұрған балғадайын.
Айналайын!
Жырым ғой — қолда барым.
Қартайғанша шын сүю —
Ол да — дарын!
Кемпір- шал деп балалар күлгенімен
Сен — он сегіз,
Мен әлі жиырмадамын.
Айналайын!
Мен сенен айналайын.
Қанағат қып күн кешкен барға дәйім.
Еркелетсем мен сені,
Сен де мені,
Жараспай ма мәңгілік жарға ләйім.
Айналайын!
P.S. Автордың өмірден озғанына биыл үш жыл болыпты. Алайда, өзі өлгенімен артында рухани мұра болып өлеңдері, бірнеше жинақтары («Сағынып кеттім мен сені», "Өмір парақтары"), "Қайыртаң" повесі, «Жанайқай» прозалық жинағы мен «Жанқожа батыр» дастаны қалған.

өзіңнен бірнәрсені жасыру мүмкін емес қой, аАйналып отырып жазған күшті екен:)