Мақаланы алғашқы бетке шығару


«Мақалам неге алғашқы бетке шықпайды» деп ойланатындар көп. Шынымды айтсам бұрын сайттың конфигурациясын дұрыс қарамапппын. Жақында сайтты жаңартқан кезде байқадым. Мақала өздігінен алғашқы бетке шығуы үшін 8 қолданушының плюсі керек екен. Яғни 8 плюс алған мақала өздігінен алғашқы бетке шығады. Ал былай тек админ ғана рейтингіне қарамай алғашқы бетке шығара алады.
Бөлісу:

12 пікір

sigma
Осы уақытқа дейін көп талқыланған мақала деп, миымызды FAQтап келдің ғой.
Өткендегі бір, комент жазуға тиым салған мақаламды сен шығарған болар деп жүрсем мұқаба бетке…
asaubota
қайдан білейін, сөйтіп ойлап жүрсем
Nurgisa
Бұрығнысында қауымдастық атынан жазылғандар "өздігінен" шығады деп топшылаушы едім. Мынаусында да солай болар ма екен деп. Жаңылысқан сияқтымын.
sigma
Бұл керемет мақаланың да басқа мақалалар секілді ( осы тақылеттес) FAQ бөліміне көшірілмесі анық, сол себепті админ басы сбежий болып тұрғанда (с утра, с қатқақом) бір сұрақ:
Керекинфо доменіндегі почта жасап тұр ма? Бұрын жаңа пост, пікірге жауап деген сияқтылар келіп тұратын еді, қазір тиылды. Себебі неде?
19852407
еее, бұлыңғыр бұлттың астынан айқындап күн шығарғаныңызға рақым еттік, админ мырза
patick
Бұл мәселені өткенде қоНАҚ үйде ішіп тастап едім қой, "ішібі" нес, талқылап дегенім…
patick
түзету: *едік қой
sigma
Админ жігіттің қолы енды босады ма, әлде көңіл күйі жақсы болды ма? Сайтымызға біраз жаңартулар енгізіп тастады. Солардың бірі Мақаланың неше рет оқылғанын көрсету индикаторы.
Жоғарыдағы сұрағыма да осылай жауап алармын. Күтеміз.
asaubota
почтаны шынымен ұмытып кетіппін, кешірім сұраймын. mx-ті жаңаладым.
Beytanis
Админ мырза, жазбадағы қатені түзететін функцияны қосу жағын қарастырсаңыз.
asaubota
алғашқы бетке бұрын 8 плюс жинаған мақалалар шығушы еді, енді бұл санды 20 қылып өзгерттім.

соңғы кезде сұйылып бара жатыр тақырыптар. тек жақсылары ғана шықса деймін алғашқы бетке. пост, пікір жазған кезде ұқыпты болайық ағайын, бағаны да әділ берейік.
rauka
Иә, дұрыс айтасыз! Не болса соны жаза берудің қажеті бар ма екен…