Әр жердің сөйлеу мәнері
Ауызашарда пәтер жалдаушылар жиналып жатыр… Жайға жайғасып жатқанда: — тағы үлкен кісі келеді ма? — дегенде: — Бір көкем келуі керек… — деді үй иесі… Жоғарыда бір жайлық орынды қалдырып әңгіме өрбітіп жатыр келгендер. Әңгіме дүкен басталып, сөз таластырып жатыр…
— Сендерде еркекті «Тәте» дейді гой, неге?..
— Ал сендерде апкені «Тәте» дейді, ол дұрыс емес…
Бітпейтін даумен отырғанда бір келіншек келіп төменге жайғасты…
— Жоғары шықпайсыздар ма? — деді үй иесі.
— Жаңа көкем келеді дедіңіз ғой…
— Келді ғой, Айшагүл көкем гой ане отыр…
Үнсіздік… Түсініспеушілік… Жым-жырт…
П.Ы.: Талдықорғандықтар жеңгесін көке дейтінін енді біліппін… е маееееее… Қартайғанда көке атаға айналатын шығар…

ұлдарынан бастап тәте деп сыйлап ел құрмет тұтқан
Әпке-жездемнің үйінде, тойыс фазендасында, қырғыздар жұмыс істейтін. Жиенімнің жаңадан тілі шығып жүрген кез. Сонда әпкем өзі жұмыс істеп, баласын сондағы жас үлкен қырғыз әйелге қаратпай ма. Сөйтсе, жиенімнің тілі жартылай қырғызша шыққан. Бір күні біздің үйге жаяу келе жатса (ауыл мен олардың үйінің арасы бірталай жер), баласы жылайды дейді. Не болды деп сұраса, «Бұтым ауырды» дейді екен. Оның шалбарын шешіп қарайды — ештеңе жоқ. Сөйтсе, байғұс бала ұзақ жол жаяу жүргеннен аяғы ауырып кеткен көрінеді. «Аяғым ауырды» дегенді қырғызша айтқан ғой
Алматыдан келген құдағидың әңгімесі:
-Бұтыма салқын тиіп ауырып джүр.
Мүмкін расы сол жері суыктаган шыгар… ондайда, естімеген мән бермеген сыңай таныт
Бастайық…