Жазым болса быламыққа тіс сынады
Тәтесстің, қазақтың мақалдарының растығына тағы да көз жеткізіп отырмын. @balzaminka айтпақшы, «4 адамның жұмысын істеп» шапқылап жүргенде аяғымды қайырып алдым. Кәдімгі жазық жерде. Әуелі жай сіңірі созылған болар деп мән бермегем. Әріптесіміз шақырған ауыз ашарға дейін барып, одан үйге келгесін тұзды суға салып-салып, юхыға жата кеткем. Сөйтсем, жаным көзіме көрінді. Аяғымды қоярға жер таппай, ауаға "іліп" қойдым. Сөйтіп, бәрібір юхы жоқ болғасын, көңілім біраз бөлінсін деп, агентке кірдім. @altygradus дәрігерге көрінген дұрыс деп, тағы бір танысым жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.
Әрі қарай



2011 жылдың 17 маусымда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына орай көркемсурет көрмесінің ашылу салтанаты өткен еді. Көрмені ұйымдастырған Суретшілер Одағының ықпалымен құрылған «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы болатын.
Жекеменшік Газ-53 мәшинесімен ауданда көмір сатады Қопекең. Бір күні көмір тиеп тұрған бұған өзі қатарлас жігіт келіп,«Мына мекенжайға апарып төк мына көміріңді. Ақшасын келіншегім береді»-деді.Қопекең рөлде қопаңдап отырып жетіп барды. Бұның келуін күтіп тұрғандай үйден әлгінің келіншегі де шықты…
"Қайрат" футбол клубына жаңадан келген ағылшын бапкері — Джон Грегори гей екен. Бұған дейін ол «Астон Вилла», «Дерби Каунти», «Куинз Парк Рейнджерс» және израилдік «Ашдод» командаларын жаттықтырған. Бұл командалардың барлығынан да футболшыларға "қырындағаны" үшін қуылыпты. Енді "Қайрат" жеңіліп қалса, футболшыларын ну енд андай* © тәсілмен «жазалайтын» шығар