Qiwi - интернеттегі жаңа онлайн төлем жүйесі


Бір айдай уақыт болды ОСМП терминалдарының орнына QIWI терминалдары келді. Бұл жүйенің комиссиясы аз және төлем түрлері көп. Сосын бір байқағаным бұл жүйеден өзіңе жеке есеп ашуыңа болады және соған ақша салып, кейін интернет арқылы ол ақшаны қолдануға болады. Qiwi кошелек деп аталады бұл. Алдымен qiwi.ru сайтына тіркелесің өз телефон номеріңмен, сосын SMS арқылы құпиясөз беріледі. Кейін терминал арқылы өз есебіңді толтырасың да ол ақшаны интернетте Webmoney-ге ауыстыруға болады, домен/хостинг, телефонға, интернетке аудару сияқты неше түрлі қызмет түрлеріне қолдануыңа болады.
Бұл жүйе сайт басқарушылар үшін де тиімді. Мысалы сайт қолданушыларынан көмек жинағың келсе, Qiwi-дегі номеріңді бересің, сосын қолданушылар терминал арқылы сол номерге сала қояды.
bk
Бөлісу:

12 пікір

Nurgisa
Осыларды меңгеріп алу керек еді. Әйтпесе, ОСМП дегені құйтырқы бір бәле екен ғой барып тұрған. Біреуі бар, мың теңгеге толтырсаң, жүз теңге ұстайды, екі мың салсаң екі жүз… («Керуенде» бар сондай әлжуаз машина). Дәл сол типтес бұрышта тұрғаны мыңнан алпыс, екі мыңнан жүз жиырма ұстайды. Олардың бір жаман жері, ақшаңды сап болғасын ала да алмайсың-ау кері. Транспаренттілігі аз сияқты.
Abilakim
Біздің «Керекинфоның» гүлдене түсуіне пайдалануға болады екен.Егер, сенде жеке шот болса
asaubota
иә, жыл соңында хостингке бірігіп ақша жинап төлеп тастаймыз ғой деген ой бар. 200-500ден кім қанша лақтыра алады лақтырса, хостингке жиналып қалады. осындай аз көлемдегі ақша жинау үшін керемет тәсіл бұл, 500тг үшін банкке барып жүрмейді ғой ешкім.
Abilakim
Иә,әйтпесе саған бірлік ретінде сала саламыз ба деп жүр едік…
VKM
Дұрыстап отырып соны оқып, түсініп,қолдану керек еді)
omarbirat
Бұл кәдімгі дүкендерде тұратын терминал ма? (Qiwi сөзін "Қайвай" деп те оқуға болатын сияқты )
asaubota
мындай терминалдар ғой

алдымен тіркеліп ал да сосын өзіңе ақша салып көр сол жерден. сосын ол ақшаны мысалы Майлруға аударып көр, сосын қыздарға стикер жіберіп, вип статус қойып понт ұста
edige
omarbirat айтпайтының жоқ нақ
bazuka
өте керек нәрсе!
asaubota
қолданып жүрсің бе?
serjan
Уебмонейден гөрі қарапайым ыңғайлы екен, уебмонейден кошелок ашудың өзі өте күрделі.
Erlan
ия веп моней есінді тандырады ал киви кашелеок оп -онай, тел номермен паролінді жазып тіркелесін болды. Покер ойнаганда унеми пайдаланам.