Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға...

Программистке күйеуге шығатындарға/шыққандарға алтын сырға…

Бақытыңызға/өкінішіңізге орай, программистке күйеуге шықтыңыз. Әдетте программистер “маған күйеуге шық!” деп қинамайды, себебі, ол баяғыда-ақ компьютеріне үйленген.
Қыз-келіншек табиғатынан қылықты ғой, сондықтан программист-күйеуіңіздің қасынан әрлі-берлі жүріп, комплимент күтіп жүретініңіз рас. Алайда программист-күйеуден оны күтпей-ақ қойыңыз. Оның Сізді әйелдікке алғанының өзі — бүкіл өміріңізге жететін комплимент болуы керек.
Программист қайсыбір жобаларды алғанда, не өз бетімен код кеміруді бастайын деп жатқанда бақұлдасып, сөйлесіп қалыңыз. Редакторды ашып алғашқы сөздерді тере бастағанда-ақ сыртқы дүниемен байланысы үзіледі. Күйеуіңізден анда-санда «қап, әкеңді!», «қазақша әріп құртты ғой!», «си пи он екі елу бір деп қойыппын ғой», «ремембе дедім ғой саған!», «аха», «эхе» деген сияқты міңгірлеген хабар-ошар болып тұруы мүмкін. Олардың шешімін іздемей-ақ қойыңыз. Сосын «не боп қалды?» деп те сұрамаңыз. Жалпы код кеміру сияқты майдан кезінде дым айтпаңыз.
Программист дегенмен сүтқоректі болып тұрғандықтан, ішіп-жем қажетсінетіні рас. Арасында дәретке тұруға мәжбүр болған кезде, бірдеңе бере салыңыз жейтін. Алайда ол қайсыбір ресторанның сайтында ілулі тұрған қымбат тағамның суретін қарап алып, тоқ жүре беруі де мүмкін. Тәтті немесе дәмі жаман деудің орнына «фотограф — мал екен!» немесе «дизайнерге — респект» дейді де қояды. Тамаққа байланысты нағыз программисті айыратын мынадай бір тест бар. Оған жұмысқа кетерде «тоңазытқышта тамақ бар!» деп айтып кетіңіз. Егер келгенде тамақ әлі орнында тұрса — құттықтаймын, күйеуіңіз — нағыз программист! Себебі ол Сіздің не айтып кеткеніңізді естімей де қалған…
Жасап жатқан дүниесінің қиын тұстарында сыраға сұранысы арта бастайды. Бұған ішімдік ретінде емес, отын ретінде қараңыз. Будақтатып көк түтін қылмас үшін, оның жұмыс үстелін мұржасы бар жерге орналастырған дұрыс. Мысалы, ас бөлмедегі газ плитаның орнына…
Отыратын орындығы қаратопырақты жерге жақын болмағаны лазым. Әйтпесе бір айдан кейін күйеуіңіз тамыр жайып, бүршік атып тұруы да ғажап емес…
Жалпы, программисті таң қалдыратын дүниеде бірде-бір уақиға жоқ! Сондықтан оның назарын жаңалық айту арқылы аударамын деп, әуре болмаңыз. Сіздің құрбыңыз Әсия, күйеуіңіз үшін — қайсыбір программаның лақап аты ғана. Құда қайтыс болыпты дегеннен гөрі, Кнут қайтыс болыпты десеңіз, елең етуі мүмкін. Жалпы өлім дегеніңіз — программист үшін айнымалының логикалық мәні ғана…
Ал енді ай сайын шашын алдыру да жүз пайызға Сіздің мойныңызда! Әйтпесе, шашқа берген ақшаңызға бір қорап CD-R алып, ыржиып келіп тұруы мүмкін…

Ерлан Оспан, Азаннан — кешке дейінгі ITтірлік

Дереккөз
Әрі қарай

Шойқараның туған күні!

Уа, ағайын! Бүгін арамызда «Дәуқара Еркебұлан»,«Шойқара Еркебұлан» атанып кеткен Ерке бауырымыздың ту(ыл)ған күні.Бейресми ақпараттардың берген мәліметі бойынша. Газеттен, «Алаш арыстары» айдарынан оқыдым деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Ерекеңе пендеге бұйырар бар жақсылықты тілей отырайық!
Әрі қарай

"Халық сөзі" халыққа жетіп жатыр ма?

  • KazNET


Маған соңғы кезде ұнап жүрген газеттердің бірі — Халық сөзі. Шыны керек сатып алмаймын, бізге жұмысқа әкеліп тастайды. Сондықтан алып, оқып жүрмін. Дизайны да, мазмұны да мықты газет. Ешқандай ұлтшылдық пафос жоқ. Әсіресе тек Айгүл Аханбаева үшін ғана алып оқуға болады. Іш пыстырмайтын газет.
Әрі қарай

"Жауапты хатшылар клубы" 2012 жылдың басты тақырыптарын жариялады

Кеше Алматыда «Жауапты хатшылар клубының» кезекті отырысы өтті. Еліміздің маңдайалды газеттерінің жауапты хатшылары жиналып, 2012 жылы жазылатын басты тақырыптарды анықтады. Клуб төрағасы Эдуард Алдоңғардың мәлімдеуінше өткен жылғы тақырыптармен салыстыратын болсақ, пәлендей өзгеріс жоқ. Тек аз-кем қосымшалар енгізілген. Сонымен қатар күтпеген, аяқасты оқиғаларға да дайын отыратындарын мәлімдеді.

Әрі қарай

ББ

ББ-Бауыржанға базына

Кәдімгі Бауыржан Ибрагимов ағамызға ренішім скавородкадай. Жаңа жылдың демалыс күндерінің бірінде еліміздің арналарының бірінен осы кісінің есеп беру кешін берді. Шығармашылық кеші. Алдында біздің қаламызға да машинасының капотын тіреп кеткен.Цирк ғимаратына. Бармағаным жақсы болыпты.
«Бауыржан шоу» болып «Тамашадан» бөлініп шыққан кезінде тап-тамаша қойылымдар қойылушы еді. Бұл жолы да сондай бір нәрселер күттім. Езуіме жымиыс әкелген әзіл болмады.Әлде екі баланың әкесі болғалы мен «серйозныймын» ба? Баяғы бір тізесі шығып кеткен трико тақырып. Құдағи мен татар құда жайлы. Оған да не қосарларын білмей қалса керек.Ақырында құдағидың аузына «Менің аяғым ауыр» деген сөзді салыпты. Басқа-басқа Бауыржан ағамызға бұндай әзілдер жараспайды екен. Кезіндегі «Тамашаның тарландарын» көрген Бәкеңнің бұл қай сасқаны дедім де қойдым. Ішім ашыды. Әзілдеріне емес, көрермендердің босқа кеткен уақытына. Билеттерінің құыны екі мың теңге ме, бес мың теңге ме маған белгісіз. Белгілісі, екі жүз теңгеге де татымайтындығында.

Айтпақшы, Бауыржан ағамыздан алынған «Сахна- сайқымазақтардың төрі емес» деген тақырыптағы сұхбатты «Астана ақшамы» газетінен оқи аласыздар
Суреттің алынған жері
Әрі қарай

Экспресс-бәйге: Қай кітаптан үзінді?

Үзінді:
… Осы үзіндіде «біз» деген ғылыми есімдік ерекше көзге ұрады...
Авторын, кітап атауын тапқан адамға — 200 (екі жүз) қалаған операторының бірлігі (24:00-ге дейін).
Әншейін атап отырып, кездейсоқ тауып алмау үшін жауапты келесідей формада жазуыңыз керек:
Әрі қарай

"Орыс қаруы" мен етек алған жүрек-қан тамыр аурулары

Өзін жәй ғана «оқырман» деп таныстырған біреу поштама зымырандар туралы хат жіберіпТ. Оның ойынша, орыстардың қарулары мықты екен де, мен кей тұстарда нақақтан кемсітіп, кәсіби әскери болмағасын, аузыма келгенін оттап жүр екем, нақтың. Аргумент ретінде орыс қаруының тағы бір «кереметі» — «Лайнер» құрлықаралық зымыраны туралы материал жіберіпТ.
Шынымен, керемет зымыран екен. Екі сынақта да мүдірмей өтіпті: Баренц теңізіндегі субмаринадан Қиыр Шығыстағы Кура полигонындағы нысананы атып, дәл тиіпті-міс. «Весь мир в ужасе от новых русских ракет!» деген сықылды көтритоизмнің қотырын қаситын тақырыптар көп екен. Оларға мыңдаған орыс шовинистері «Енді америкостардың әкесін танытамыз!», «орыс инженериясы әлі талай биіктерді бағындырад!» деген каменттер және жазыпты. Шешесстер.
Әрі қарай

Мандарин

Мен үшін Мандариннің шыға бастауы Жаңа жылдың жақындағанын білдіреді. Ең алғаш рет кішкентай кезімде, қалаға көшкен кезімде Жаңа Жыл қарсаңында жедім. Бізге берілетін сыйлықтардың арасында міндетті түрде мандарин болушы еді. Ал ауылда есімде ол кезде мектепте оқитын апайларым әкелуші еді жаңа жыл сыйлықтарын, ол кезде пакет жоқ дәптердің екі бетін жіппен тігіп пакет істейді, барлық тәттілер соған салынады. Міндетті түрде ішінде алма болушы еді. Алма — мен туған ауыл балалары үшін әлемдегі ең тәтті, қол жетпес жеміс болып саналатын еді. Алманы қадірлеп, асықпай жайлап, созып жеуші едік.
Әрі қарай

Бояннн шығар, бірақ, мен жақында естідім:)

Бірде Мейрамбек пен Сәкен өлгенше ішіп алып сахнада білгендерін жасапты. Ертесіне таңертең теледидарға қараса, бүкіл БАҚ бұлардың кешегі сахнадағы қылықтарын айтумен әлек екен.
— Енді халықтың бетіне қалай қараймыз? Көшеде жүрсек танып мазақ қылатын болды — деп Мейрамбек мазасызданады. Сонда қиыннан қиыстырып жол тауып кететін Сәкен:
— Мәке, былай етейік, басқаша киініп алып көшеге шығайық, сонда ешкім танымас! — депті.
Сөйтіп Сәкен қызша киініп, боянып көшеге шығады. Аялдама жақтан өтіп бара жатып, жол жағасында кішігірім заттар сатып отырған әжейден
— Мына суыңыз қанша, әже? — деп сұрайды.
— Әй, Сәкен, саған 200 теңге ғой! — деп жауап береді әжей.
Сәкен "қалай ғана танып қойды екен" деп алды артына қарамай үйіне зулайды. Бұл жолы өте қатты боянып қыздан аумай қалады. Сөйтіп жаңағы жерге келіп тағы да сұрайды:
— Мына суыңыз қанша, әже?
— Саған 200 деп айттым ғой, Сәкен! — деп қайта жауап береді әжей.
Сонда ол кісінің тағы да танып қойғанына жағасын ұстап таңырқап қалған Сәкен:
— Әже, қалай ғана менің Сәкен екенімді біліп қойдыңыз? — десе, әлгі әжей:
— Қуасың ба, Сәкен? Бұл мен ғой Мейрамбек! — деген екен!
Бұқақақақа, за то өзіме қызық
Әрі қарай

МАҒАН НЕ ҰНАП, НЕ ҰНАМАЙДЫ...

ҰНАЙДЫ:
Суда жүзу;
— Форель шаруашылығындағы түрлі балықтар;
— Қазіргі қазақ поэзиясынан Н.Бердалының әр түрлі тақырыптағы өлеңдері;
— М.Түсіпбаева оқитын Н.Бердаланың «Тағы бір күн»монологы";
Редакцияға келетін оқырмандардың (өз қолдарымен жазылған) пошта арқылы жіберген түрлі тақырыптағы хаттары, оларға жауап қайтару;
Коллективтің жиындары;
— Кеш ұйықтау, ұйқыдан күліп ояну;
Сергек кездегі жұмыс, таңертең немесе түнде
— Тып-тыныш кезде жазылған мақала;
— Тап-таза ауа. Көрікті аула. Табиғаттың тылсым сырлары;
— Әдемі сурет көру немесе әсерлі шығарма оқу;
Классикалық туындылар;
— М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» туындысы, Шекспирдің сонеттері, М.Гумеровтің «Құпия дәптер» шығармасы, Джонатан Свифттің «Путешествия Гулливера» атты кітабы;
— Кенеттен келген жақсы идеялар;
Тосын сый;
— Күтпеген кездесу;
Әрі қарай