Таныс болыңыздар: Delhi
Delhi — Бибінұр Чапайқызы, Батыс Қазақстан облысында, Шыңғырлау ауданында 29 мамыр 1983 жылы дүниеге келді.Ақтөбе Политехникалық Колледжі мен Қайнар университетінің түлегі. Бос уақытында жазда суда жүзгенді, қыста шаңғы тепкенді ұнатады.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— КерекИнфоға Жастар.біз арқылы келдім. Ол жерге @bazuka алып келген еді, шәй ішеміз деп. Одан ол жерде жастар қалмады ғой, бәріне де КЕРЕК керек болды. Менде қалмадым)


кішкене кезімде, шашки ойнағанды қатты жақсы көретін едім, қыс мезгілде, демалыста, үйде ұстауға, сыртқа шығармауға мамка бар күшін салатын еді, сыртта жүрсем, сырғанақтан шықпай үсті/басым су, кешке үйге әрең кіргем талай :) от сондай кезде, шашки ойнауға ешқандай кедергі келтірмей, мейлі, үйде отсан болд дейтін еді :)


