Арнағыштарға арнау

Керегіме жарап тұр ғой «Керегім»
Күннен күнге үлкеюде дерегің
Жұрттың бәрі өлең арнап жатыр ғой
Мен де ендеше осы жолмен желемін

Біреу арнап біреулерге өлеңін
Пайдаланды жастығының желегін
Бір қатын мен бір баламыз бар шақта
Жас қыздарға
Әрі қарай

Финн әскерлерінің тесті

Жұма күнгі бояннндар: Финн әскерлерінің тесті
Бұл психологиялық бір тест, финн армиясындағы еркектер де қыздар да өтуге тиіс тесттердің бірі. Тест мақсаты — әскерлердің басында проблема бар ма жоқ па соны анықтау, медиктер және командирлер тест нәтижелеріне жүгіне отырып әр әскермен қалай
Әрі қарай

Түлкінің боғы…



Қолыма крем жағып, бетімді мақтамен сүртіп отырып бір көзіммен ТВ-дегі концертті екінші көзіммен алдымда жатқан газеттегі гороскопты қарап қоямын. Ертең үшін Суқұйғыштарға сәтті күн дейді. Ақша түсетін шығар. Сауда жасау үшін де ыңғайлы күн дейді. Дұрыс айтады ертең сумка алуға барамын. Тааааккк, ертең не кисем екен жұмысқа, блин дым киім жоқ киетін. Сумка алған кезде кофта да қарай салу керек. Ерланға звондап жіберейін, әйелі ақша алыпты ол да ертең шығатын шығар бутик аралауға. Тек алдындағыдай кешігіп келмесе екен. Блин кафеде 1 сағат бойы күтіп, трубкамен 1 кружка сыра ішіп тастаппын ғой өткен жолы. Айтпақшы етік алдым деп жатыр еді, менікіндей емес шығар деп сенгім келеді. Сондай болып шықса бітті онда Ерланмен достығымыз аяқталады. Әйелім телефон линиясын интернеттен босатар емес, әзірше киім үтіктеп тастайын. Сосын звондармын асықпай. Қоқысты да пакетке салып дайындап қояйын, таңертең шығарып тастар. Мен айтпасам өздігінен шығарып тастау деген жоқ қой. Тамақ жеуді де азайту керек сияқты, бүгін айнаға қарасам семірген сияқтымын. Әлде ақ футболка кигесін бе екен? Сағат он бір болыпты ұйықтау керек, мынау қазір тағы да секс сұрай бастайтын шығар өзім и так басым аурып тұрғанда. Өткен аптада ғана айналыстық емес пе?..
Әрі қарай

Шарын шатқалына саяхат

Кемпір екеуміз шатқалға бардық. Таңғаларлық орын. Бұндай ерекше табиғат туындыларын күнде көре бермейсің. Қысқаша видео репортаж жасап жіберуді жөн санадым. Әлі бармағандар таныссын.

Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Жоғары лига. Үлкен үзіліс. Соңғы 1/4 финалдық ойыннан кейінгі мерзімді айтам. Оның аралығында маусымға тиесілі жазғы фестиваль болғаны аян. Ол жерде жартылай финалға берілетін қосымша жолдаманы екі команда әділ түрде ұтып алған болатын: Павлодар жастар құрамасы және Сырдария құрамасы, ОҚО.
Залдан қарағаннан кейін эфирден де қараудың реті туды.
Тарих маусымы жалғасуда. Жюриде бірнеше өзгеріс. Төрт сайыс, бес команда, бес қазы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші 1/4 ойын

Сәлем, Астана! Және "Қазақстан" арнасының көрермендері!
Осылай, командалар сияқты бастайын ба?

Біраз болыпты.
Ленин бабам туған күні Жайдарманның жайдары сайыстары жалғасқан кез еді.
Әрі қарай

Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!

Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қандай дәрі-дәрмек болуы керек?
2015 жылғы 11 қаңтардан бастап елімізде автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасы жаңадан жасақталуы тиіс. Бір жақсысы, «зеленка», «йод», «кеторолак» секілді алғашқы көмекке еш қатысы жоқ препараттар алынып тасталды. Енді жаңа тізім бойынша мына дәрілік заттар болуы керек:
  • сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон),
  • зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана),
  • зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана),
  • қан тоқтатқыш жгут (1 дана),
  • бактерицидті лейкопластырь (5 дана),
  • медициналық лейкопластырь (1 дана),
  • эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),
  • зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп),
  • доғал ұшты қайшылар (1 дана).
(Тізім Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтынан алынды)

Қобдишаға шығындалма
Бұған дейін менде аптечка болып көрмеген еді. Жаңа бұйрық шыққаннан кейін, жасақтап алайын деп шештім. Қобдишаға шығындалмадым, үйде Жаңа жылда біреулер сыйлаған, ішіне тәттілер салынған фанера қорап бар еді. Ішіндегілерді жеп тауысқан соң, соны медициналық қобдишаға бейімдеп алдым:
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаға қатысты нақты талап жоқ. Бастысы дәрі-дәрмектерді сыртқы факторлардан қорғайтындай болса жеткілікті.

Міндетті дәрі-дәрмектерді іздеу
Ең басты мәселе — қажетті дәрі-дәрмекті табу болды. Үйдің жанындағы шағын дәріханадан бәрін тауып аламын десеңіз — қатты қателесесіз. Өз басым талай дәріханаларды аралап, әрең жинақтағандай болдым. Дәлірек айтқанда — толық жинақтауға аз-ақ қалдым. №6 эластикалық түтікшелі бинтті 1 апта бойы іздеп әрең тапсам, ал зарарсыздандырылған таңу пакеті ешбір жерде жоқ болып шықты. Бір фармацевт қала бойынша ешбір жерден таба алмайсың деп қорқытып қойды. 1-2 аптадан кейін тағы сұрастырып көру керек, мүмкін жаңалары түсіп қалар.

Ал бұның бәрі аптечка туралы бұйрықтың шалалығынан ба деп ойлаймын. Олар осы препараттарды жарияламас бұрын нарықты зерттеп алуы керек еді: дәрі-дәрмек қажетті мөлшерде бар ма, жоқ болса дәріханаларға алдын-ала тапсырыс беріп қойыңдар деп ескертілсе — жаңағы мәселе туындамас еді. Таңу бинті деген негізі хирургтардың ғана арнайы тапсырысымен келетін нәрсе екен. Дәріханаларда бола бермейтіні де сондықтан, ол тек операция үшін бірден ауруханаға жеткізіледі. Сөйтіп, 13 міндетті заттың 12-сімен әзірге жүре тұрамыз. Айтпақшы, сатып алуға барғанда қажетті дәрілердің аты-жөндерін орысша апарып көрсетіңіз, бұл заттардың қазақ тіліндегі аттары барлық жерде бірдей емес және жалпы дәрілік атаулардың қазақшасы кең қолданыста емес екенін түсінетін шығарсыз.

Дайын аптечка бар емес пе?
Дайын аптечка туралы армандамай тұра тұрыңыз. Жаңа тізім бойынша жасақталған қобдишалар 2-3 айдан кейін ғана сатылымға шығады екен.

Аптечканы қайда қоямын?
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаның машина ішінде орналасуына қатысты да бекітілген талап жоқ. Ең бастысы күннің көзінен аулақ, қажет кезінде тез табылатын жерде болуы керек. Форумдарда автомобильдің білгірлері ең қолайлы жер — жүргізуші орындығының асты деп есептейді. Күн түспейді, ауа температурасы бір қалыпты, қол жететін жерде.

Барлығы (әрине таңу бинтін есептемегенде) 2100 теңгеге шықты. Негізі бұдан да арзанға шығуы керек деп есептеймін. Ажиотаж кезінде фармацевттер пайда көрудің амалымен бағаны сәл өсірген шығар деген күдіктемін. Ең қымбаты басы доғал қайшы болды — 1400 теңге.
Әрі қарай