Беранектен сәтті дебют



Ойын туралы жазбай ақ қояйын, көрген шығарсыңдар. Көрмегендер осы жердегі видеодан қарар. Беранек сәтті дебют жасады. Алғаш рет құрамаға шақырылған ойыншылар да жақсы ойнады. Тек Мұхтаровтың бірінші таймдағы өрескел қателігі біраз шошытып тастағаны болмаса. Үздік ойыншылар деп Гридин мен Хайруллинді атауға болады. Біздікілер бірінші таймда шашыраңқы ойнап, қатты үміт бермеп еді. Бірақ, екінші таймда өте жинақы және белсенді ойнады.

Қазақстан — Әзірбайжан 2:1 (0:0)
Голдар: Гридин 57 (1:0), Надыров 63 (1:1), Гридин 68 (2:1)
Ескерту: Шмидтгаль 77
Қазақстан: Нестеренко, Логвиненко (Рожков 65), Мұхтаров, Нұрдәулетов (К), Гетериев, Смақов, Щмидтгаль, Хайруллин (Киров 82), Қонысбаев, Гридин, Остапенко (Хижниченко 79)
Қосалқы құрам: Сидельников, Мужиков, Көкеев, Байжанов
Әзірбайжан: Агаев, Меликов, Садигов, Джавадов, Алиев (Гусейнов М 70), Садыгов (к), Гусейнов Д (Надыров 61), Медведев, Левин, Исмайлов
Қосалқы құрам: Велиев, Амирджанов, Чертоганов, Гусейнов В, Амиргулиев
Төрешілер: Юан Норрис, Джеймс Би, Аласдаир Росс (Шотландия)
3 маусым. «Астана-Арена»


Ақтөбелік бір жанкүйер


Шымқалалық бір жанкүйер
Бөлісу:

28 пікір

konvict
Үздік ойыншылар қатарына Смақов пен Қонысбаевты қосар едім
meirzhan
Беранек деген легионер ме, әлде жергілікті ме?
asaubota
Чехиялық бапкеріміз
meirzhan
е-е, мен гол соққан сол ма десем))хехе
meirzhan
Құрама ойыны болғанда барлық клуб арасындағы араздықтар ұмытылады.)
asaubota
біздің жастар құрамасы да сәтті ойнапты. Румыниямен 0-0 тең ойнаған.
izbasar
ФК Актобе ме әлде Ақтөбе ФК ма, Ордабасы маладес дұрыс жазыпты.
meirzhan
ФК Актобе ме әлде Ақтөе Фк ма,
ФК-дан басқасының бәрі қазақша ғой сонда
izbasar
АКТОБЕ казакша штөли
asaubota
орысша Актобе деп жазылмай ма?
izbasar
Түсінікті ғой! Қазақшасы Ақтөбеліктерде жоқпа дегенім ғой.
asaubota
ааа менде жоқ. бірақ, былай ағылшынша түрі де қазақша жазылған да бар. шарф көп қой бізде.
manfan
мен шарфымды жоғалтып алдым. қайдан тапсам болады Алматыда?!!!
meirzhan
ФК-дан басқасының бәрі қазақша ғой сонда
Мына сөздер кекесінмен айтылған болатын
omarbirat
Әңгіме жоқ, есептеледі. Енді осындай дебюттердің жалғасын талап етеміз :)
Lyaila
олэ-олэ-олэ-олэ! 2:1! Жарайсың, Қазақстан! Әйтпесе, 0 гол, 0 ұпаймен УЕФА-ның алдында қарабет боп жүр едик
manfan
осы ойыннан кейін құдды ағылшындарды да ұтып кететіндей рухтанып кеттім!
aktobe88
aytpanız. kimdi jensek ony jeneyik, esebimizge eki gol men ush upaydyn jazylgany mykty boldy.
Beytanis
Ойын тәуір өтті, 1-інші таймдағы бас төрешінің «3 кереметін көрмей-ақ» қойсақ. Көптен күткен гол, көптен күткен 3 ұпай арман күйінде қалмай әйтеуір орындалғанына Жаратқанға шүкір-тәубе!!! «Стивен Спилбергтік» қорқынышты серия" осымен үзіліп, енді тек қана ұпайлармен, голдармен мақтануға жазсын.
manfan
иә, соған жазсын! Осы Беранек бірдеңе қылмаса енді…
Beytanis
Германиямен ойындар өтті-кетті. Енді қалған ойындарда ең құрығанда 1 ұпайға жақсылап жабыссақ…
manfan
соны айтамын! жеңіліске етіміз өліп кеткендей болған… алға, Қазақстан!!!
saken
Штадиумға барып жеңісті өз көздерімен көрген Арекең мен Нұрекең қандай бақытты жандар десеңші. :)

Алматының стадионының ремонты әлі бітпепті :(( жақын уақытта құраманың ойынын көру жоқ шығар бізге…
Nurzhol
аааааааааааа!!! Мен біздікілер жеңетінін алдын ала кейбір таныстарыма қызыл кеңірдек боп өз пікірімді тықпалағам, нәтижесін өз көзіңмен көрген рахат кен!!!!!!!!)))
Erke
Мен айткам Казахстан курамасы женеди деп, солай болды!
satibaldi
asaubota


мен де жаңа Ұқсас жазбалардан көріп қалып күлдім