Қуанышты хабар жама'ат: Палестина бел буды!

Бет қатталып жатқанда Нью-Йорктегі БҰҰ қосынынан жақсы хабар келіп жетті. Бүгін, 23 қыркүйек күні кешке, Палестина Әкімшілігінің бәйменовы, хершірерсіздер — басшысы Махмұд Абас РЕСМИ ТҮРДЕ ӨЗІН ТӘУЕЛСІЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ өтініш тапсырады.
Уа ізгі ниетті христиандар, тілекші бола отырайық!!!
Әрі қарай

Кәндәлеттігімді қолдаңдар, жама'ат! Пыртфолио- бар!

«НегеҰ сендерҒ мені, доС?» ©СаянҮш

Уа, адамның ала жібін — осы күні ешкім тоқыма тоқымау себепті — аттап көрмеген ғақлия* мүкәммал** жандар!
Керек-айтыстың әділ қазыларының төрағалығы болмаса да, әлгі, мүшелігіне қабылдауларыңызды жік-
Әрі қарай

Дәруіш мәдениетінің қорғасын қорынан. «Ақ үшбұрыш»

Виттор Қастеев ( Vittor Qasteyev, 1959, Мазари Шәймерден2033, осы жерде өлем дейді) – дәруіш импрессионизмінің көрнекті өкілі.
Басында живопиське бой ұрған Виттор, кейін группаласы Мүлкіаманды ұрып, 1984 жылы Мәскеудегі УЧРЕЖДЕНИЕ 71А еңбекпен түзету колонниясынан қатты өзгеріп келеді. Жұбайы сол кездерді былай еске алады: «Лібә, қатты өзгеріп келді».
Мәскеудегі сапарынан соң бір жылдан кейін, осы «Ақ үшбұрыш» атты туындысын дүниеге әкелді:
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Марғұлан Мэнсон. "Балапандар"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Марғұлан Мэнсон. Балапандар

Хабарландырумен тауып алдым. Интернет емес, "қолдан қолға өтетін" арзанқол қалалық газеттердің бірі арқылы.

Мамандарды интернет арқылы да жиі іздеймін негізі. Бірақ интернет арқылы үнемі — респектабельді болмаса да, «интернеттен табылғанын» міндетситін, ендеше қызметі әдеттегіден елу-алпыс мыңға қымбат шығатын, және қолынан түк келмейтін мамандар кездеседі. Ал газет арқылы көбіне күн қаққан қарасирақ, «шықпа жаным, шықпа!» деп қалт-құлт күнелткен, жүрек жалғайтын нәпақа ғана сұрайтын мүсәпірлер табылады. Олардың қолдарынан түк келмесе де, берген жұмыстың қыр-сырын жанын салып жүріп үйреніп алады.
Әрі қарай

Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»

Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар салады. Сол-ақ екен, ертегі әлемінде сенделіп жүрген еркек кіндікті жеті кейіпкер желпініп жетіп келеді. Бірақ, Кенжекей жетеуін де «Бірдеңе жетіспейді» деп қабылдамай қояды.
Жетеуден маза кетеді.

«Әттең, тым арықпын, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Желаяқ.
«Әттең, мойным қылдай, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Көреген.
«Әттең, қолым сөздің тура мағынасында ғана ұзын!» — дейді Епті.
«Әттең, қампиған қарным болмағанда!» — дейді Көлтауысар.
«Қап, бойым қысқа боп тұрғаны!» — дейді Қаңбақ шал.
«Мені де «мойның қысқа» деп менсінбей қойған шығар!» — дейді Саққұлақ.
«Ай, дәу де болса, бөксемнен таптым-ау!» — дейді Таусоғар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»
Бұл сөздерін артынан еріп отырған Мыстан естіп қояды да: «Мен сендерге бұл қырсықтың дауасын айтайын, ал сендер маған отынымды тасып беріңдер», — дейді. Жетеуі келісіп, Мыстан кемпір тай сандығын ашып жібереді де, ішінен сымбат кемшіліктерін киіммен жасыру сыры жазылған бір бума қағазды алып, бір-бір парақтан таратып береді.


Жүдеу Желаяққа



ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Қара, қошқыл және қою күңгірт түс;
2. Денеге жабысып тұратын свитер һәм сондай жеңсіз көйлек (футболка);
3. Бір өңірлі пиджак, терең ойықты пальто;
4. Кең, қолпылдақ үлгідегі олпы-солпы киім.

1. Кең балақты шалбар;
2. Жалпақ жаға;
3. Ашық түстер;
4. Көлденең жолақты киім;
5. Ірі әрі жалпақ жолақтары бар киім;
6. Бірнеше қабат киіну. Денеге қосымша көлем беру үшін (мыс: жейде + жемпір + пальто, жеңсіз көйлек + кеудеше + күрте т.с.с.);
7. Жейде, «толстовка», жұқа свитерлердің жеңін әдемілеп қайырып қою (бейресми кездесу, отырыстарда).


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қылмойынды Көрегенге


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. V-пішіндес ойық;
2. Жағасы ашық жейде;
3. Жіңішке галстук;
4. Мойынға тағатын жіңішке, сопиған, салпылдаған алқалар, баулар;
5. Тікірейтілген шаш үлгісі.

1. Биік жағалы сырт киім;
2. Тік жағалы жейде;
3. Жалпақ галстук;
4. Жағаңның түсі жейдеңнің түсіне кереғар болса;
5. Қауға сақал;
6. Шарф.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Ұзынқолды Ептіге:


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Жеңінде тік жолақтары не жіңішке өрнектері бар жейде;
2. Жартылай шолақ жеңді жейде (3/4);
3. Жалпақ манжетті жейде.

1. Жалпақтығы орташа білезік не қол сағат;
2. Ұзын манжетті қолғап.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Кебеже қарынды Көлтауысарға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Денеге жабысып тұратын киім;
2. Тегіс, жеңіл мата;
3. Бүрмелі, қыртысты шалбарлар;
4. Қос өңірлі костюм, пальто, күрте;
5. Жіңішке немесе қысқа галстук.
6. Тым ашық түсті киім;
7. Бір-біріне кереғар түстер (мысалы: қызылға – жасыл, сарыға – күлгін, сарғышқа – көк кереғар);
8. Жалпақ көлденең жолақты киім.

1. Бір өңірлі, сәл кеңдеу костюм;
2. Үштік-костюм (тройка);
3. Суреті, өрнектері тігінен түскен костюм;
4. Белі жоғары шалбар/джинсы;
5. Кеңдеу киім үлгілері.
6. Бірыңғай, қошқыл, күңгірт түстер;
7. Назарды қарыннан алыстату: көзілдірік, сақал, жалпақ жиекті қалпақ, жуан қолсағат.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қарыс бойлы Қаңбақ Шалға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Жалпақ жаға, белбеулер;
2. Бір-біріне кереғар түстер (мысалы: қызыл – жасыл, сары – күлгін, сарғыш – көк;
3. Қосөңірлі пиджак және пальто;
4. Кең шалбар не джинсы.

1. Суреті не жолақтары тігінен түскен киім;
2. Бір өңірлі пиджак не пальто;
3. Ұзын пиджактар не күртеше;
4. Белі жоғары шалбар не джинсы.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қысқа мойын Саққұлаққа


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Мойынға тағатын орамалдар;
2. Жалпақ галстук;
3. Жейденің жағасын "қылқындыра" түймелеген;
4. Жалпақ жағалар;
5. Шарф.
6. Сақал қою.

1. V-пішінді ойықтар;
2. Жіңішке галстук;
3. Үнемі қырынып жүру.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Батпан бөкселі Таусоғарға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Ашық түсті шалбарлар;
2. Тор көз (клетчатый) киімдер.

1. Қара, қошқыл, күңгірт шалбарлар;
2. Суреті тігінен түскен шалбарлар;
3. Ұзындығы бөксенің ортасына дейін жететін свитер, күртеше және пиджактар.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»



Кемпірдің бұл мәрттігіне әбден разы болған жетеуі отынын жарып, пешін жағып береді де, Түркістанның базарына тұра тартады.
Су жаңа үлде мен бүлдеге стильдің барлық ережелеріне сай киінген кейіпкерлер Кенжекейге қайта барып, бақ сынамақ болады. Барғанша қалай боларын ойлап, уайымдаумен болады.
Ер Төстіктің отауына жақындаған сайын тізелері дірілдеп қоя береді. Үйге жақындағанда алдарынан шашы ұйпа-тұйпа, халатшаң Кенжекей шығады.
— Амансың ба, Кенжекей сұлу! — дейді олар бір ауыздан.
Кенжекей әлгілерді бірден танып:
— Қыз сынына қатысатындай біріңнен бірің сұлу болып келіпсіңдер ғой! — дейді.
— Енді өзің «бірдеңе жетіспейді» деген соң...— дейді олар да ұялғансып.
— Жетіскен түрлеріңе болайын сендердің, жүктібайымайдтар! «Жетіспейді» дегенде, мен шүберекті меңзеппін бе? Ой, жын буған, пері қуған, өңшең сайқымазақ! Сендерге Төстікжанның жігері мен сенімділігі жетіспейді! — деп жеті атасынан дым қоймай, қуып шығыпты.

PS. Тонадайда мырс-мырс күліп Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты…



Қолданылған ресурстар:
www.askmen.com — How To Hide Flaws With Clothing
www.ehow.com — How to dress to balance a short waist
www.noubikko.com — Waist tips
www.lifeinitaly.com – Men’s guide to hide body flaws
bitstrips.com/ — Your Own Personal Emoji


Әрі қарай

kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Алқашқы дәрісте қаззақ оқырманның қыңыр келбетіне жарық түсіргендей болатынбыз және kariim өзін адамзат жазбагерлік баспалдағының соңғы сатысындағы бейбақ екендігін қабылдаған болатын. Ендеше көрмегеніміз алда, уа муллакариим! Себебі екінші сабақта біздер — қаззақ оқырманның бетіне толықтай жарық түсіріп, оның нағыз айуан бейнесін көреміз. Сонымен, Орташа Есеппен Қаззақ Оқырманы мына жаңалықты қалай оқитынын бірге қарайық.

Менде бір керемет сюжет бар...: kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Енді осыны қаззақ оқырманның не ойлап отырып оқитынын қарайық (ойлар — жақшаның ішінде асты сызылып жазылған):
Әрі қарай

kariimге ашық сабақтар. #1. Психологиялық баптаулар

Исекең(Ол ішкен ыдыс қайта тола берсін!) дүние есігін бақырып ашқаннан екі мың да он үш жылдың жүзі өтіп, мизанның он бірінші жұлдызының тал түсінде маған шәкірт болдың, kariim . Білмеймін: бағыңа ма, сорыңа ма; әйтеуір аузыңнан уағда шығып, виртуал медреседен ілім мүкәммалын* алып кетуге бел будың. Қош келдіңіз ендеше
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Мола артындағы төбелес"

— Телефонда кіммен сөйлестің?
— Есімі «фак ю»
— Шынымен бе?
— Ия, ол қытайлық © satibaldi

_________________________________________________________________________________________________

Менде бір керемет сюжет бар...: Ауылдағы триллер. Мола артындағы төбелес
Ауыл деп отырғаным өзімнің туып өскен қалам, мен ауылым дегенді жақсы көрем. Георафиялық статусына қарайтын болсақ қала болып саналады екен. Шиваға шүкір 10 мыңнан аса тұрғынымыз бар, көбейтсек пе деген ойда бар. Сол ауылымыз негізінен 4 аймаққа бөлінеді, ешқандай әкімшілік тұрғыдан бөліну емес айтып тұрғаным, байырғы халық бұрыннан өздері-ақ әкім-жақыныңды күтпей бөліп тастаған. Әр аймақтың(бұдан әрі край) өз шекарасы, көшесі, ұраны бар. Әскері, қару-жарағы, басшысы бар деуге де болады негізі.
Әрі қарай