kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Алқашқы дәрісте қаззақ оқырманның қыңыр келбетіне жарық түсіргендей болатынбыз және kariim өзін адамзат жазбагерлік баспалдағының соңғы сатысындағы бейбақ екендігін қабылдаған болатын. Ендеше көрмегеніміз алда, уа муллакариим! Себебі екінші сабақта біздер — қаззақ оқырманның бетіне толықтай жарық түсіріп, оның нағыз айуан бейнесін көреміз. Сонымен, Орташа Есеппен Қаззақ Оқырманы мына жаңалықты қалай оқитынын бірге қарайық.

Менде бір керемет сюжет бар...: kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Енді осыны қаззақ оқырманның не ойлап отырып оқитынын қарайық (ойлар — жақшаның ішінде асты сызылып жазылған):



Хайуанаттар бағына екі пума және бір салпыерін (шешесс, салпыерін???) әкелінді

09 Қыркүйек 2013, 20:15 (Тоғызы күні бұл жаңалық болған жоқ, бүгін — өткен датамен салып отыр ептібайымайдтар, осылар несіне ақша алады екен, мың доллар шығар айлықтары, лібәдтің)


Астана. 9 қыркүйек. Baq.kz – Алматы хайуанаттар бағы қыркүйек айының басында екі пума, яғни жабайы мысық және бір салпыерінмен толықты (жұрт баласын асырай жүргенде құтырды-ау мыналар!).

Енді Алматыда (тасыма Астана деп басталад онда?) бір жасар екі пума – Мәскеуден әкелінген Шеба мен Пума және бір жарым жасар салпыерін – Калининград (салпыеріннің аты — Калининград???) хайуанаттар бағынан әкелінген Мартин(қазақша ат қойса тасақтары түсіп қалады ғой ептібайымайдтардың!) өмір сүретін болады. Пумаларды алу үшін хайуанаттар бағының басшылығы ресейлік(әйтеуір орыстан қайыр сұрамаса болмайд осы) циркке бір өркешті (нар де, ептібайымайд-ау, ой шешелеріңді сендердің!) және қос өркешті түйелерді (жәй түйе, оу лібәд!) берді.

«Қазір салпыерін Мартинге жұп іздеп жатырмыз(проблемаларыңның түрін ептібайымайд, өзің жұп бол керек болса, артыңнан айдасын лібәд). Өткен жылы ригалық хайуанаттар бағында салпыеріннің ұрғашысының дүниеге келуінің куәсі болдым(аха елестеттім: сен шырақ жағып, әлгі жеріне үңіліп тұрсың). Біз оны резервтеп(білә, тап осыны қазақша басқаша жазуға болады ғой!) қойдық. Бірақ, кімді және қайдан алу керек екенін жұптастыру кітабының(ох шешесс, типінақ — хайуандардың АХАЖы, сақина да тағатын шығарсыңдар, шығад шешесстер сендерден!) иелері өздері айтады. Біз сұраныс жіберіп қойдық(жіберіп қоймағандарыңа шүкір!). Енді қан араласудың алдын алу үшін(жеті ата???) олар өздері біздің хайуанаттар бағы үшін ұрғашы іздестіріп жатыр (вокзалға барыңдар лібәдтің, сағатына 3 мыңнан ит жемейд)», – деді Алматы хайуанаттар бағы меңгеру ісі директорының орынбасары Жанат Ахметова.

Оның айтуынша, салпыерінді Алматыға алып келу ұзаққа созылуы мүмкін(бітті, тиын істевалд, айтып едім ғой!). Себебі, небәрі екі айдан кейін күн салқындайды(қазірдің өзінде көт бүрісіп отыр суықтан, шешесс). Ал жылуды ұнататын жануарларды қыс мезгілінде мекен ауыстыруы өте қауіпті. Көптеген әуе компанияларының өз ұшақтарының бортында хайуанаттарды тасымалдауға қарсылық білдіруі де(SCAT ала беретін болар) бұл іске кедергі келтіріп тұр.
«Бізде салпыерін мекен еткен болатын. Ол қартайып өлді(шешесс, ал Ғанибет амигоға қырыққа келмей хуяк келгенде жазған жоқсыңдар!). Пумалар да көбейіп, қартайып өлді(түбінде өлген болса, көбейгенін бұтағыма жазасыңдар ма?). Жабайы мысықтар 13-15 жыл өмір сүреді(шешесс-ай десейш!). 8 жылдан сатм(SATM???) уақыт бойы біздің хайуанаттар бағымызда пумалар болған жоқ(неткен қайғы десейш білә!). Жыл соңына дейін тағы бірнеше жануарды алып келуді жоспарлап отырмыз(біздің Қамашты да ала кетіңдер). Бірақ, әзірше құпияның бетін ашпай-ақ қояйын(ой білә, пензесс болған түріңді)», – деді Ж.Ахметова.



Қарап тұрсақ, қаззақ оқырман — Беляковтың оқырман түрі. Өзінің әлеуметтік, тұрмыстық, пәлсапалық, діни, ұлттық көтқарастары тұрғысынан тіпті Қасиетті Кітапты қасиетсіз қылып жібереді. Ол туралы — келесі сабақта.

(Ертайы бар...)
Бөлісу:

22 пікір

zholantai
әрнәрсе ойлауға мәжбүрлейтін текст ғо өзі де
zholantai
аңын шығарып, редакциялайтын текст екен өіз де,
asaubota


мен де Беляков екенмін, алдымен суреттегі бақкизет мәтінін оқып шықтым, ішкі каменттеріммен
torgai
Сонымен салпыерін деген не болды өзі?
Marco
 дәл-ай, епті!!! Жампозым менімен жаңалық қарамайды үйде
asaubota
сен де Беляковсың ба?
Marco
Әсіресе жаңалық қарағанда
dark_nazgul
хехе. Мына жаңалықты менің Әлима деген тілші қызым жазған, орысша. негізгі сарыны осындай болғанымен, көп нәрсе дұрыс емес, өйткені текст менің қолымнан өткен.
Соңғы түзету:
MERmukhanov
ыхыхыххы
Үлес:
Ал жылуды ұнататын жануарларды қыс мезгілінде мекен ауыстыруы өте қауіпті.

Айқындықтың майоры аң-таң: бұ қалай? деп… қыс салқын, салқыннан тоңасың, тоңғаннан ауру болу мүмкіндігі бар деп неге жазбаған?
ещио байымастар табыс септігінде ұрып жіберіпті, іліктің орнына.
xsanatos
шошқа сияқты қорсылдатып қойдың ғо адамды
Aya
кішігірім көркем шығарма ма дедім.
ademi_alem
)))))))))
Пумалар да көбейіп, қартайып өлді(түбінде өлген болса, көбейгенін бұтағыма жазасыңдар ма?)
)))))))))))
Соңғы түзету:
omarbirat
Ерні салпиып тұратын қандай аң бар екенін еске түсіре алмай отырмын
omarbirat
Мына жерде «салпыерін» деп балықтардың түрлерін тізіп беріпті. Өзіміздің Қазақстанда-ақ мекендейтін көрінеді. Онда оған ұрғашысын сонау Ригадан наққа іздеп жүр?
Соңғы түзету:
omarbirat
Орысша мәтінді іздеп таптым. «Тапир» екен, бірақ оның ерниі салпиып емес, тұмсығы салбырап тұрған сияқты көрінді:
AybekBeken
Сонымен салпыерін деген не болды өзі? salpierin degenge men Bulldog pa debem...susiir eken goi pil tukimdas