Мүшейра! Жүлде - қолма-қол 10 000 теңге!

«Көзден кеттім» ©monti
"Құлақтан қайтып келдім" ©СаянҮш



Жер-мақанды басып жүргелі неше түрлі әнек естіп жүрміз. Бірақ айтушылар әдетте күлдіреміз деп алып, жылатып қояды. Немесе күлдіруге уәде беріп, өзі күледі. Бірақ "қазір күлесің нақ!" деп алып
Әрі қарай

Қазақша понттар хит-парады.

1.«Акиматта істейм, өзің кімсің нақ, спецномерді неге тоқтатасың епті?» (салонда – екі жәлаптың үш-төрт жылтыраған көзі мен боққарын бір бұтақбастың арақтан шала-жансар жатқан денесі).

2.«Абзалдың біртишкісімін, вокзалда жүретін ше?» (Ол жергілікті апптаритетті 1997 жылғы «спирт қақтығысы» кезінде атып кеткенін өзі де білмейд, сандалап тұрад. Полиция бір қой тексере берсе, ішінен: «Білә, дым авторитеті жоқ екен ғой нақ Абзал дегеннің!» деп ойлап тұрад).

3.«Әлібекмоладан инвесторларды әкелуге баратрм». Бұл енді, өзінше аздап интеллектуалды алдауға тырысқан түрі. Ойы — полицай: «Облысқа келгелі тұрған 20 млн. доллар инвестиция менің кесірімнен келмей қалып, әкім арттан айдап алып жүрер, жібере салайын» деп, жібере салуы керек. Бір қой тексеріп жатса, заң талабы деп емес, «мына мент ақымақ екен ғой» деп ойлайд.
Әрі қарай

Сізді жұмыстан суытатын қызметкерлер түрлері және сипаттамалары


Бұл жазба студенттік өмірдің кайфынан әлі арыла алмай, шын өмірдің ауыртпалығына әлі кірісе алмай жүрген экс-студенттерге немесе жаңадан жұмыс іздеушілерге арналады. Жаз бойы алдымен таныс іздейсің, резюме тастайсың. Сосын бір күні хабар келеді пәленше деген жермен сөйлесіп қойдым, ертеңнен бастап кіріс деген. Сонымен басталады жаңа өмір, жаңа жұмыс, жаңа орта. Әдбетте басында қиналасың, жұмыс ұнамайды бастапқыда. Жұмыстағы адамдар да бір түрлі көрінеді. Сөйлесіп кетуге қиналып жүресің. Жұмыста да жақсы адамдар мен жаман адамдар болады. Әңгіме осы жаман адамдар туралы болмақ. Бұл адамдардан алыс болғаның жөн. Көп араласпа.

1. Беліне шәлі байлаған әйел
Мұндай адам нағыз кеңсе монстры! Шәлі оның дене мүшесі деуге болады. Онымен бірге өмір сүреді.
Әрі қарай

Бір-түрлі жанұялар

«Бұл қыс артынан көктем келмей, кәдімгі ядролық қыс болса ғой, шіркін-ай!». © Мортиша, «Адамстар отбасы»

Бір үй бар. Лібә… барлығы дұрыс, тек… қантты — тоңазытқышқа салып қояд(?!). Қызық нақ: түскі асқа шақырад, барлығы дұрыс, тек қанттары — тоңазытқышта тұрад. Былайынша, ас бөлмесінде мебель сыңсып тұр нақ, дәулетті үй дер едім, сембаевсстың. Бірақ, қант үнемі тоңазытқышта тұрады.Әуелде — кездейсоқтық дедім, кейін заңды құбылыс екеніне әлгі жерім жетті. Бір күні ұятты қойып, сұрадым:
— Осы сендердің қанттарың неге үнемі тоңазытқышта тұрад?
-Білмейм — деді қожайын, одан кейін сұрауды да қойдым.
Әрі қарай