Келесі Блогкемп қайда өткені дұрыс

Келесі жылға дейін айтысайық, нақтың.

Келесі Блогкемп қайда өткені дұрыс

Бөлісу:

175 пікір

a63a1
Қарағандыда өтед нақ, білмим ештеңе.
satibaldi
Шамалы техникалық-экономикалық негіздеме айтып қойсайш нақ
a63a1
астындағындай ұсынысым бар
punk
Күздің күні болса, Көкшетау лайық. Ондағы ашылып жатқан, не ашылып қойған қонақүй, лагерьлермен PR туралы сауатты келіссөз жүргізіп, не тегін, не 50 де 50 төлемақыға иітуге болып қалар.
a63a1
каток емес сырт жақтағы разрезге түсеміз, сосын астана алматы трассасының бойында жақсы бір кемпинг бар, әрі арзан, әрі ұшынуға да жақсы, туалет іздемей сыртқа жүгіріп шығып лоқсыта бересің әкесс…
meirzhan
Қарағандыға кім дауыс бергені анық болды
Менің дауысым ұйымдастырушылық потенциалы мол Алматыға кетті.
19852407
a63a1:
Қарағандыда өтед нақ, білмим ештеңе.
Қарағандыда бүгін той өту керек еді ғой, блогкемп не теңі?!
a63a1
тойды да өткердік
User
Ақтөбеде болғаны дұрыс. )
satibaldi
Шулап-шулап Алматыға тоқтасақ, жақС болар еді, оған дейін сапхоз боп кетпесе, эсимовсстың.
araika
Алдымен көпшілігі өзінің қаласын ұсынады. Тыңдап көрейік
19852407
Алматы бәрібір Алматылығын жасағаны дұрыс!

Ешқайда бұра тарту ойда жоқ, ревизизияңды
satibaldi
Тізімде Қызылорда неге жоқ дейтіндерің — ол жаққа жазбаша дауыс бере беріңдер.
saken
Әйтеке би Қызылорданың Әйтеке биі екен деп дауысымды бердім )))
satibaldi
Ол — bazuka -ның Әйтекебиі болатын…
Rozatai
Қызылорда тізімде жоқ деп қорс-қорс жъляйтын менен басқа ешқандай жамағат жоқ-ау бұл маңда. Ең арзаны — Шымқала. Дауысым соған кетті. Тек, онда да Алматыдағы ағайындар белсеніп жүрер ме екенбіз, ынтырысны?!
rauka
Белсенділер қай жерде өтсе де керек
Daniar-Alan
суретке тусырып алдын алп койганым кандай жакс болган
AKA
Қызылорданы туған қалам болғандықтан ғана ұсынғым келмейді. Блог құрылтай — үлкен іс-шара, жауапкершілікті талап етеді. Кешегі Астанада өткендегінің өзінде қанша қобалжу болды. Талғат, Айжан, Асаубота, Нұрғиса, Алдан, Әйгерім, Қарақыз, Қуаныш т.с.с. аға-әпкелердің өзі қаншама уақыт дайындалды. Соның арқасында осылай жоғары деңгейде өтті, шүкір! Шаршады, қобалжыды, ауырып та қалды, бірақ көңіл-күй жоғары.
satibaldi
ауырып та қалды
Бұ гім туралы?
AKA
Қызылорда, әрине туған қаламды жамандамайтыным рас. Бірақ… Біздегі университеттерде интерактивті тақтамен, интернетпен толық қамтамасыз етілген мықты һәм үлкен аудиториялар аздау. Әр корпуста кемінде 5-6 ғана. Сосын үлкен асхана, демалатын орындар, кофе-брейк те көп адамға лайықталмаған. Ол үшін әр корпусқа бөліну керек болады, бірақ шашырап кетеді және корпустың бәрі рұқсатын береді дей алмаймын. Жалпы, ресми бөлімі ақсаңдап тұр. Ал, бейресми бөлімі көңілге қонымдылау, көп адамға арналған мейрамхана жалдау, спорт кешенінде уақыт өткізу, кинотеатрға бару, дүкен аралау т.с.с. істерді шешуге болады. Сонымен қатар, пәтер жалдау, азық-түлік, қыдыру, сауда-саттық, көлік қызметі арзандау. Басқа қаладан пойызбен 1 күн жүріп келе алады, Атырау, Орал, Астана қалалары қашықтау енді. Мұрат аға Әбенов қызылордалық қой енді «Блог құрылтай — 2013» шарасына қолдау көрсетсе, ресми бөлімін де шешуге болады. Қызылордалық блогшылар саны да аз. Сол себепті де өз қаламды ұсынып отырған жоқпын.
satibaldi
Сол бір кесе шәй мен бір асым етке бола тарылып отырсаң — тура бетімізге айтсайш, мәймөңкелемей! Терміспен-ақ келеміз өзіміз, самауырыңды тығып қой!
AKA
 Былайынша, пәтер жалдатпауға тырысамын келсе қонақтар. Үйге шақырамын, біздің үйде тұрады.  Шәй, ет, бауырсақ… ол жағынан еш алаңдамай-ақ қойыңыз енді.
satibaldi
Еште со Бисеновке күніміз түспесін, құда-құдай соған күнімізді қаратпасын!!!
AKA
 Өзіңіз айтпақшы: «Шымкент болыпты, қоя ғой енді» ©
satibaldi
Жоға, Алматының лоббиі сына қоймайтын сияқты.
Gitarist
Ақтау
satibaldi
Неге? Ол жақта сенің туылғаның аздық етеді, аз-мұз себептер келтіріп жіберсеңіз.
meirzhan
Трайбалист қазззақтар.
a63a1
неғой Мейірджон, не айтарымды өзімде білмей отырм
meirzhan
Кемпинг бар ғой )
a63a1
келсеңдер қыл көпірге апарам, түнде барған керемет енд, ұнамағанды құлата саласың
araika
Меніңше, Шымқалаға дауыс берушілер саны көп болатын сияқты. Оның үстіне, тізімде де үшінші орынға түскені жәй емес шығар. Мен дауыс беруден қалыс қаламын.
satibaldi
Әділеттің ақ қылышымын дейсің ғой.
meirzhan
Тізімде ҚызылОрда жоқ дей салсайш
araika
Жоқ, дұрысы әділеттің ақ қылышымын дей салғаным жеңіл болар Әйтпесе Ордаға жазбаша дауыс беру мүмкіндігі бар екені жоғарыда ескертілді ғой
satibaldi
Астанаға әрең аш-жалаңаш жетіп, вокзалдан түсе сала самса жеп тұрған балалардың бәліштерін тартып алып жеген Алматылықтар Батысқа дейін жете алад деп ойламайм
araika
Шығысты да тізімнен шығарып тастау керек. Алдымен жол тасымалы жөнге келсін, асықпай бара жатар
satibaldi
Олжас Қасым сенің атың жазылған қуыршаққа ине тығыватыр
araika
Бір ө-ө-ө-өлеңін арнаса да жеткілікті. Қанша дегенмен, қалам ұстап үйренген қолы инені жатсынуы мүмкін
meirzhan
Қуыршаққа қалам тығуға не кедергі?
meirzhan
иә, ол жаққа әлі әуе жолы салынбапты ғой
19852407
Астанаға әрең аш-жалаңаш жетіп, вокзалдан түсе сала самса жеп тұрған балалардың бәліштерін тартып алып жеген Алматылықтар Батысқа дейін жете алад деп ойламайм
аш әрі ызалы бір топ қораға не шақ келсін
SaWOK
батыс өңірінің бірінде болса болды. без комментариев
Aya
Қойыңыздаршы, тегі… Жол жоқ деп кім айты?! Бір бірін қолпаштап, күліватқандары несі!
KesH
Ақтөбеде болғаны жөн!
bitanazamat
Ақтау, Атырауда өтетін болса көпшілік бармайтын сияқты. Алматыдан артық жер жоқ па деймін. Қай жерде өтсе де жақсы жағдайлар жасалу керектігін ұмытпайық!
satibaldi
Сені кейде қысқа да көлемді тост айта білетін қабілетің үшін жақсы көріп кетем.
bazuka
Дәруішөлгенде өтсін
satibaldi
Барлық трайбалистік, патриоттық сезімдерді, туған жерге деген сүйіспеншілікті, рулық-кландық міндеттемелерімді жеңіп, рационалдық пен адами қисынға салып — Алматыда өткені дұрыс па деп қалдым.
Батыс қалаларына осы қауымның жартысы да жиналмай қалып, кворум болмай қалуы мүмкін. Оның үстіне Алматының қыздары — Құрман, Ебейті, Алтықарасу жігіттерінің Алматыдан келіншек алу жолында кез-келген әдіс айладан тайынбатынын біледі, содан қорқып, тіптен ешкім келмей қалуы мүмкін.
Aizhantabyn
Алматы дедім, тупо Алматыға барғым кеп отыр. Бірақ, Наурызда болмаса екен))))
satibaldi
Сәйкес кеп қалды ма не?
Aizhantabyn
иә, маусымдық грипп свалил меня с ног…
konvict
Алматы! Ерке Алматыда өтсін
Janasil
Блогшылар санын көбейтіп, сапасында арттырып, жалпы аяқтан нық тұрып алғанша Алматы мен Астанада кезекпен өткізген дұрыс.
satibaldi
Кейде сенен сонша ақылды әрі қисынды сөз шығып кететіні сонша, сен емес пе деп қалам.
Janasil
Үйрене бер!
satibaldi
Бәрібір, жекелеген көрініс болар сірә.
madlen
Кеше шешіліп қойған зат ол уже… Шымкентте болатын болды. Ербол, дайындалыңдар
madlen
Ну и мен де как истинная южанка әрқашан сендермен біргемін!
Korkem
Иә, атсалысуға дайынмын!
adayqyz
Ақтауда өткізіңіздер. Теңіздің жағасында.
aza
Маган барибир, тек Актауда отпесе болганы…
Zilola
Парсы шығанағында
ken
Жай0ал5ан жасыл Жамбылда
satibaldi
Шымкент болыпты, қоя ғой енді.
Gastarbaiter
Шымкент қаласы керемет ұнады маған. Адамдары да керемет күтеді қонақтарды.
Сырттан ішіп-жеп қалтасына тыққанын ішке кеп шашатын патриот адамдар екен.
Алматы болса жақсы туыстарым көп, бірақ Шымкент болса да өкінбейсіңдер дегім келеді.
Әдемі қала.
Басқа қалаларға қарағанда бәріне жақын жолторабта орналасқан, Ақтөбеліктерге де, Қарағанды, Алматы, Жамбылға да жақын, маған 7-8 сағат жол.
Алып қашады деп қорықпаңдар, Шымкенттің өз жігіттері ондай емес.
Сендер білетін «шімкент шешшеңдер» көбіне сырт ауылдарынан келеді. Местныйлары көпшілік ойлағанннан әлдеқайда мәдениетті.
Тағы бір плюс бәрі арзан.
Сервис Алматыға жетпейді, бірақ Қызылорда, Батыс, АТырау-Ақтау облыстарынан, және Семейден артық.
ЕШ туысқандығым, жерлестігім жоқ ол жаққа. Қоңырат-Дулаттарға жатпаймын, бірақ әралуандық үшін сонда өткізуге болады.
Көп адамдар барады.
satibaldi
ЕШ туысқандығым, жерлестігім жоқ ол жаққа. Қоңырат-Дулаттарға жатпаймын, бірақ әралуандық үшін сонда өткізуге болады.
Алмағайып тоқсандарда «Шымкентфосфохимді» жекешелендіріп алғаныңды кім білмейді дейсің, несіне артық сөйлейсің
punk
Shimkent bligcamp otkizuge abden laiyk. Dau jok,
meirzhan
Әрине, бірақ мәселе блОгкэпм өткізуде сияқты…
punk
Ербол бастаған блоггерлер ұйымдастыра алады
Altygradus
Кім шешіп, оны кім қолдан екен оны Шымкент деп????? сыраның буынан туындаған ой екенін ескерсек, оны есепке алып дым қажеті де жоқ.
Шымкент варианты жақсы әрине, және жылы да)) бірақ онда блоггер саны аз. тіпті Астананың өзінде қиналып қалды елдер.
Көп нәрсені айтпай-ақ қойайын, бірақ кеше мысалы презентациялар аяқталғасын, кабинеттерде қалған мусор, артық қағаздарды артынан жинап жүрген бір Қарақызды ғана көргенде жаным ашып кетті.Бәрібір басы қасында болмағасын, бәрін білмегесін адамның жаны да ауырмайды. Тіпті оны қай жерінен не көмектесу керек екенін шыны керек білмеді елдер.
Астана блогкэмпы жақсы болды әрине, препати жері жақсы болды, кеш те өте көңілді болды, НУ жері де сәтті болды, бірақ болғанмен де бірінші блогкэмпке жете қойған жоқ. Дайынға келіп ап, онымен қоймай сынап кетті деп Астаналықтар ренжісе де айтқым келіп отыр. Себебі айналып келгенде бәрібір активті блоггерлер санына байланысты, жұмысбасты Астандылықтар әрине барын салғаны көрініп тұр, бірақ та күн демей түн демей жүгіретін ең аз дегенде 10-15 адам керек мұндайда.
Сосын келесі жылға спонсорларды Алматылықтар дайындап қойғанын ескерсек, Шымкент, батыс деп нереальный бірдемелерді айтудың өзі ыңғайсыз болу керек сияқты.
satibaldi
«Адмирал Ямамото» крейсері қайтадан қатарда!!!
Gastarbaiter
Сұраған соң айтып жатырмыз, сұрамаса неміз бар құрсын. Той болған жерде міндетті түрде ренжіп кеткен қытымыр қонақтар болады. Мұныңа Астаналықтар түсіністікпен қарар деп ойлаймын!
Жалпы қай жерге барсам да, өзімді еркін сезінуге тырысамын. СОндықтан, маған қай жер екені маңызсыз, жұмыстан босатса, ешкім өліп, не туылып жатпаса болды. Амиголармен қауышуға тіпті Қытай шекарасындағы ауылға барып, көңіл көтеріп, презентациясына көмектесуге дайынмын.
Негізі блогкемптің өтетін жері мегаполисте емес, басқа бір жерде болғанының да кереметі бар.
Бірақ ол қала тұрақты түрде, Блогкемп ордасы болуы керек те, жылда еш өзгеріссіз сонда өтуі керек.
Сол мекен Блогкемптің атымен ассоцияциаланып, Блогкемп десе мысалы, Көкшетау, Көкшетау десе «блогкемп» деген ой келетіндей қылса керемет болады.
Ол жердің адамдары да жылда өтетін бұл құбылысқа, Астана мен Алматының «Понаехали» көзқарасымен емес, делегация (ох шешесс, рас айтам бірақ) немесе фестиваль ретінде қабылдап, қонақтарға қуанады.
Altygradus
мәселе онда мекен?? мәселе ұйымдастырушыларда, ұйымдастыратын адам болмаса
satibaldi
Редакцияға келіп түскен сұрақ:
Блогкамп ұйымдастыруға ұйтқы бов жүрген қыздардың, келесі жылы 65-70 пайызы күйеуге шығып кетіп, Алматы — ұйымдастыру әлеуеті жөнінен Шымкенттен артық болмай қалмай ма?

Абай Асанкелдіұлы, Тараз қаласы.
rakisheva
Абай Асанкелдіұлы өзі сұрақ қойғыш екен
TERISKEY
сірә, саған да біршама сұрақтар мен ұсыныстар қойған тәрізді ғой
19852407
Altygradus:
Сосын келесі жылға спонсорларды Алматылықтар дайындап қойғанын ескерсек, Шымкент, батыс деп нереальный бірдемелерді айтудың өзі ыңғайсыз болу керек сияқты.
 Домбырам не дейді, мен не дейміннің трейлері екен ғой жоғарыдағы дебатьтың барі
meirzhan
Дұрыс, студенттері көп Алматы жақсы ондай жұмыстарға.
Dinara
Шымкентте форевер  
Шымкенттің тойлары қалай өтетінін бәріңіз білесіздер ғой, Қазақстанның басқа жерлерінен келіп той өткізіп кететіндер бар, арзанға түсеміз деп  
мына жерде әдемілеп жазыпты:
platon.kz/kazakhstan/6899-kz.html
satibaldi
Аздап дімкәстау аргумент екен, басқа айтарың жоқ па?
Dinara
жоқ ағай, көп сөз жазуға ерінем
satibaldi
Онда көрермендер ложасына кішкене әрірек отыруыңызды сұраймын.
Dinara
еденді жуайын деп жатыр медіңіз?
satibaldi
Қуатындарды қуайын деватрым.
bitanazamat
Шымкентте болса болсын! Шырайлы Шымкенткеееее барыыыыыып келмейміз бе?! Бір жағынан Наурыз айында жылы болады. Ақтау қайдааааааа, теңізі несі Наурыз айында? Қайтпай қаласыздар)))))))
AKY
Маған бәрібір. Бірақ Атырауда өтсе, через Ақтөбе, үйге соғып бара қояр едім деп, Атырауға бердім даусымды.
19852407

Пах-пох, сағындым даусыңды
AKY
Саған іренжів қалдым))
19852407
өзм де чоқ қапа булдум

Қапа булма, на обиженных воду возят, алі қорсылдап отырм, температура тастап шығатын емес, ішімде наски тоқып отыр
Қапаланба,2013-те через Орал Атырауға бірге аттана жатармыз
shimaibek
Шымкент!
Солай дейік, солай боларына сенейік! ©«Сонымен, солай дейік..»
Rozatai
сол бағдарламаның аты бар ғой, иә, тупо қойылған
shimaibek
Расымен де, тақырыпта қозғалған ойлардың қорытындысын қалайша айналдырып әкеліп осы сөздердің аясына сыйдырып түйіндейтіндеріне әлі күнге дейін таңым бар.
aikarakoz
Шымкееееееееееент!
asaubota
тек қала атын ғана жазбай, не себепті ол қаланы таңдағандарыңды да жаза отырсаңыздар.
aikarakoz
менің Шымкентті таңдаған себебім — Шымкентті таңдаймын
ushkin
Негізі қай қалада өтетіні емес, қалай өтетіні маңызды болуы керек сияқты. Неге десеңіз, биылғы блогқұрылтайда кейбіреулер удобства жағынан қиналған секілді. Сондықтан, алдында да сөз болғандай, Алматыда жас блогшылардың ұйымдастыруымен өтсе жақсы болар. Биылғы блогқұрылтайда Талғат, Аршат ағай, Айжантабын, Қуаныш, Сәлімгерей аға, Алдекен аға, Қарақыз, АҚУ т.б. Астаналықтардың еңбектері еселі болды. Дегенмен, бірдеме жетіспегені рас. Оның бірден-бір себебі, интернетке қатысы жоқ левый адамдардың көп келуі шығар. Келесі блогқұрылтайда осы жағына мұқият болу керек деп ойлаймын.
satibaldi
интернетке қатысы жоқ левый адамдардың көп келуі шығар.
— Интернетке қандай қатысыңыз бар?
— Майл.руда поштам бар, сосын онлайн-радиодан үнемі жаңалық тыңдап отырамын.
— Кіре бер!
ushkin
Дәл солай, Сәтеке, біреу айтпақшы Назарбаев университеті мен Астананы қызықтау үшін ғана келген адамдар көп болды. Танитындарымнан танымайтындарым көп. Ал презентация жағынан блогшылардың презентация жасаудағы сауаттылығы былтырғыға қарағанда өскен сияқты. Тың дүниелер көөөөөп айтылды. Өзімнің әйтеуір аға буын блогшыларынан үйренгенім көп болды. Кішкене өсіп қайттым.
Aizhantabyn
иә, ондайлар көп болды. Бірақ, екінші жағынан келме деуге де келмейтін сияқты ғой. Кэмптің де өзіндік ережелері бар ғой.
ushkin
иә, Айжанка, былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі дейсің…
satibaldi
Ақтөбеде өткізсеңіздер, «Хрустальная», «Nemiroff» газдалмаған сулары демеуші боламыз деп отыр.
meirzhan
Байқасақ, Шымкент пен Алматы таласқа түскен сияқты. Мұнда Алматыға дауыс бергендердің көбі объективті қарағандар меніңше. Алматыдан кейін барып, блогкэпм Шымкентте өтсе заңды сияқты.
estetika91
Мейіржанның ойымен толықтай келесімін. Шынымен де ендігі болар құрылтайдың Шымкенттке өткені дұрыс сияқты… Барлық жағынан да ыңғайлы.Алматы да өткізуге мүмкіндік көп, дегенмен, эстафета ретінде республиканың түкпін-түкпірінде болғаны дұрыс қой!!!
meirzhan
Алматыдан кейін барып, блогкэпм Шымкентте өтсе заңды сияқты.
яғни 2013 Алматы, 2014 Шымкент.
Altygradus
Шынымен де ендігі болар құрылтайдың Шымкенттке өткені дұрыс сияқты…
материалдық-техникалық базаны аздап болсын ойластырып жазсаңдар болар еді. Не нәрсеге сүйеніп Шымкент деп жатырсыңдар????? Ваааще түсінбедім.
Пыросто жәй Шымкентке барғым келеді немесе Шымкент арзан деген принципке сүйеніп жатырсыңдар ма ұқпадым?? Псевдопатриоттық немесе жәй пыросто Шымкентке қыдырып барғым келеді деген праздный ойларды былай қойып, реально ұсыныстар жазылса екен.
Ана блогкэмп болатын жерде жүгіріп жүрген Талғат пен Сәлім ғана, одан кейін кофебрейк болып еді Алмагүл ғана жүр істің ретін білетін. Бәр презентация біткесін артынан жинап жүрген Қарақыз ғана. Бар көмегім Қарақызға аздап көмектескенім ғана болды. Айналып келгенде Сол 3-4 адам ғана аяқтан сабылып жүрген,өз басым соған қатты көңлім қалды. Қайта ана аяқ жағындағы жерін Ербол Азанбек біраз жүргізіп…
Шымкент Шымкент дейсіңдер, ол жерде Ербол Серікбайды қай жағына жеткізбексіңдер??
estetika91
Жанна мен сіздің де ойыңызбен келесемін, алайда дұрыс қой ұйымдастыру жағына барлығы атсалысу керек!!! Менің сүйеніп отырған нәрсем сол: Шымкентте біраз блогшылар бар ғой Ерболдан басқа да, сосын бөлінгендік емес шыны керек Шымкенттіктерде ұйымдастыру жағы жақсы болатындығы белгілі. Біз де қарап қалмаймыз, қолымыздан келгенше, көмегімізді аямаймыз… Бір жағадан бас, бір жеңнген қол шығарып дегендей ұйымдасар едік.  Ал, басқа жақта өтсе... Көрмей жүрген Шымкент емес, талай рет бардық, шыны керек, мәселе онда емес! Сіз қай қалада болғанын қалар едіңіз???  Алматы ма? Өзімізде де болғаны жаман болмас еді, Алматыда мүмкіндік көп негізі…
Altygradus
мен не дейм қобызым не дейт. Сол Астананың өзінде НУда сабылып жүрген 3-4 ақ адам, ал жалпы алғанда 7-8 ақ адам деп жатсам қолдан келгенше көмектесеміз дейсің
AKY
меніңше, басқа жақтар да ұйымдастыруды үйренгені жөн секілді бір жағынан. біздер де шамалы тәжірибе жинап қалдық, келесі жолы сәл нелеу боламыз.
satibaldi
мен не дейм қобызым не дейт.
Ия, өзіңіздің байқағаныңыз жақсы болды, қобызыңыз Ықыластың "Қабар назымын" тартып отырса, өзіңіз Beyonce шығармашылығынан бірдеңе соғып отырған сияқтысыз.
estetika91
Жарайды, өздеріңіз біліңіздер!!! Мен жалғыз өзім шешпеймін ғой. менікі пікір қосу. көпшілік не дейді, соңында сол болатыны белгілі… Алматыда болса, тіпті жақсы!!!
satibaldi
Коллаборационизм, ымырашылдық
satibaldi
Алматы болатын сияқты. АЛМАТЫЫЫЫЫЫЫЫЫ!!!
Altygradus
Осы жылдың үлкен минусы ПиАр жұмысы жетпей қалды. Ал басқа провинциялды қалада болса ПиАр туралы сөз қозғаудың…
БАҚ өкілдері Астананың өзінде өте аз болды. Шымкентке немесе сондағы бір лагерьге БАҚ өкілдері бара қояды деп кім айтты?? БАҚта айтылмайтын болғасын спонсорды реттеудің де шегі де бар.
satibaldi
Қалай қазақстанға келдің, солай самурайдың сабырын, Фудзиямадай биік талғамыңды, сакурадай нәзіктігіңді жоғалтып, Нәзипа апайға ұқсап кеттің.
Altygradus
сабыр кетсе кеткен шығар, нереальный бірдемелер жазылғасын. Біреусі Семей біреусі Шымкент деп, әрине дайынға барған бәріне жақсы, бірақ соны кім дайындайтынын ойлау керек қой былай.
satibaldi
Сол, мен де ойлайм: Алматыда болса деп.
AKY
очым, Алматыда болсынЧ.
satibaldi
О, ірі лоббистік өкілдердің бірі біздің жақта…
qisyq
Оңшылдар фракциясы куллуарларда бізге қарсы саяси диверсиялық операция өткізуді жоспарлап жатыр деп хабарлады "Қазғұрт" деген лақап аты бар өз адамымыз. «Организэйшн олл Шым нью медиа кэмп» деп атау қойыпты, Акуниннің«Шпионскийроманын»ссс…
Abilakim
Сонымен қай қалада өтеді?
Gulistan
Ең бірінші болып «Атырауда өтсе екен» деп ұсыныс тасталған болатын. Жолдың алыс, шалғайда жатқанын айтып, жұрттар теріс қарады ғой.

АТырауда өтсііііінн!!!!!
Abilakim
Қарағанды да жаман емес
satibaldi
Всех обставлю цветами дейсің ғой
Aizhantabyn
Жаным-ау, сендерге поездбен жеткенше, ужас қой!!! Ұшақпен бәрі бара алмайды бәрі бір. Тым алыс, тым. Хотя, қызыл балықтан фишбармақ жеп келуге ешкім қарсы болмайтын сияқты)))))))
satibaldi
фишбармақ
Aizhantabyn
жаңа естіп отырсыз ба, не?)))
satibaldi
Лібә, барлығын бірінші естим деп ант беріп пе едім, әлде военная разведкадан шығып келе жатқанымды байқап қалдың ба, нақ?
rauka
Шымкент ресми статусы жағынан да еліміздегі үшінші қала, сондықтан, үшінші құрылтай Шымкентте
satibaldi
Енді үстелді қойып қалып, бөлмеден шығып кетсеңіз екен.
Abilakim
блогерлері жоқ демесеңіздер Қарағанды да жаман қала емес.3 орында болмасақта 4 ші орында шығармыз.Негізі бүгінгі күнге дейін біз өзімізді үшінші орындағы қаламыз деп ойлап жүрдік.
satibaldi
Бүгін не боп қалд сосын?
Abilakim
Рауканың пікірін оқыдым
kokbori
блогерлері жоқ демесеңіздер Қарағанды да жаман қала емес.3 орында болмасақта 4 ші орында шығармыз.Негізі бүгінгі күнге дейін біз өзімізді үшінші орындағы қаламыз деп ойлап жүрдік.
Үшінші орындамыз деген сөзді тек Атыраулықтар ғана айтама десем
Abilakim
кейбір конкурстарда бас жүлде мен бірінші орын біреу, екінші орын екеу, үшінші орын үшеу болады.
kokbori
Қалай десе де, үшінші орында Ақтөбе тұратыны белгілі. Бұрын Қарағандыеді, қазір ондай амбициясы жоқ секілді. Ал, Атырау мен Шымкенттің дәрежесі тең. Себебі мәдениетпен екіншісі шикізатпен Қазақ нарығын қамтамасыз етіп отыр ғой
Abilakim
амбициясын да позициясында берген жоқ
kokbori
Позициясында шаруам жоқ, ал амбициясы төмен екені рас қой, мүмкін екінші орынды Ақтөбемен бөлісер
ErNur
Ақтөбе! Ол Ақтөбе ғой… деп мақтанып кеткен дейсің
kokbori
Соны айтам, ішім күйіп отырм да просты, дегенмен «Платон менің досым, бірақ ақиқат одан да жоғарырақ»
Serzha
демократияларыңдыссс
satibaldi
Ешқашан кепілдік берген емеспін.
Botik11
Алматы алға шықты ма, ана жолы Шымкент еді… Келер жылға дейін Үржар да көп дауыс жинар…
Daniar-Alan
19,3 ке шыкт Шымкала…
Gulistan
теңбе-тең…
Daniar-Alan
Атырау 13.3. Шым кала алда
kokbori
Шымкент не істеп жатыр, кеше мен Атырау ақпарат КМК мен келістім, ақпарат жағынан қамтамасыз етіп жатыр
satibaldi
Ақша бермеу үшін уәде бермейтіндері жоқ осылардың.
Ақпарат жағынан мен-ақ қамтамасыз етейін.
kokbori
Өзің білесің ғой, қой демейміз
Daniar-Alan
сен келсыв жургенде биз бастап кеттык
kokbori
Жол болсын
Daniar-Alan
әлей восын. елме барам… эхххх шшшшшшымкент…