#QazzaqDepression. Марғұлан Мэнсон. "Балапандар"

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Марғұлан Мэнсон. Балапандар

Хабарландырумен тауып алдым. Интернет емес, "қолдан қолға өтетін" арзанқол қалалық газеттердің бірі арқылы.

Мамандарды интернет арқылы да жиі іздеймін негізі. Бірақ интернет арқылы үнемі — респектабельді болмаса да, «интернеттен табылғанын» міндетситін, ендеше қызметі әдеттегіден елу-алпыс мыңға қымбат шығатын, және қолынан түк келмейтін мамандар кездеседі. Ал газет арқылы көбіне күн қаққан қарасирақ, «шықпа жаным, шықпа!» деп қалт-құлт күнелткен, жүрек жалғайтын нәпақа ғана сұрайтын мүсәпірлер табылады. Олардың қолдарынан түк келмесе де, берген жұмыстың қыр-сырын жанын салып жүріп үйреніп алады.

Бұл жолы іздегенім — үйректің балапандарын бағатын адам еді. Өткенде дос-жарандармен қауқылдасып отырғанда, біреу үйрек неге ұстамайсың, пайдасы бірге-он бес; дайын кәуап, дайын ет, бейжіңше қақталған үйрек, тұмшаланған үйрек, бұқтырылған үйрек… не керек, ауыздың суын құртқаны рас. Дереу хабарландыру беріп, үйрек бағатын адам іздедім. Сосын жүз елу балапан сатып алдым. Әлгі қужақтың айтқаны рас болса — үш айдан кейін қазанымда кемі екі-үш, әйтпесе төрт-бес килә тартатын үйректердің жүзіп жүруі керек.

… Сіз жүз елу балапанды көріп пе едіңіз? Дәлірегі, жүз жиырма үш балапанды (айтса айтқандай, кейбіреулері алғашқы апатада-ақ қылжиды)? Бұл бір, керемет көрініс. Шиқылдап-шүпірлесіп, алапты сап-сары қылып, бөкселерін қайқаңдатып жүрген кездерінде құдды мультфильмге түсіп кеттім дерсің. Әйтеуір селфи жасамаған бала-шаға қалмады ауланың айналасында.

Екі-үш күн өз бетімше бақтым. Сөйткенше хабарландырумен де адам табылды.

— Шын айтам, бұрын бағып көрген емеспін, бірақ үйреніп алам! Қой бағудан қиын емес шығар! — деді қара бала.

— Онда міне, осыларды семіртіп, үш айдан кейін семіз үйректерді тапсырасың маған! — деп, жүз де жиырма үш балапанды қорадан шығарып, жайып кеп жіберіп едім… бала:

— Неткен… О, сұмдық-ай! Мынау сүйкімділерді қалай ғана дәтіңіз барып жемексіз… Жауыз екенсіз!

Жаңа ғана кіріптар боп тұрған адамнан, және жалпы, табанынан таусылып жұмыс іздеп жүрген сауатсыз адамнан бұрын мұндай лағнет естіп көрмегесін бе, аузымнан сөз шықпай қалды. Тек:
— А? А? А? — дей беріппін.

— Жоқ аға, өзіңіз кескіндеріне қараңыз да — жеп жатқаныңызды елестетіңіз. Құсқыңыз келмей ме? — деді ол міз бақпастан.

— Өй… Өй… Кет! Кет-ей! Жаңа сен "қой бақтым!?" деген жоқсың ба? Оны көрмеге қоюға асырап па едің? Оны да жейді ғой?- дедім мен, ақымақтық пен ақталу аралас ешкібақылмен. Оның жауабы мені әбден есеңгіретті:
— Қойлар сүйкімсіз!

— Қозылар ше? (Осы жерде айтысқа беріліп кеткенімді байқап, өзіме ызаландым).

— Аға болды, кешіріңіз, мен кеттім! — деп міндетсіген бақташы, қақпадан сытылып шығып, қарасын батырды.

Хабарландырумен келесі келген шал балапандарды көре сала:
— Айбыыый, шүпірлеген жандарым-ай! Мен сары жүні түсіп, есейіп қалған үйректер екен деп келсем...-деді.

— А? Сіз де… Неге?

— Өзің қарашы енді, мынадай сүп-сүйкімді жүзден аса балапанды қасапхана үшін асырап жатырмын деп қалай бағасың? Адамсың ба өзі???

— «Адамсың басы» несі, қария? Атам заманнан асырап жүр жұрт! Сендер немене, барлығың келісіп алғансыңдар ма? Бақпасаң бақпай-ақ қой!

— Әрине бақпайм! Жауыз! — деп, шал да зытты.

Хабарландыру бойынша үш апта бойы келгендердің барлығы бірі бірінің ауыздарына түкіріп қойғандай болып, тіпті есім кетті. Барлығының айтатыны — «Фу, жауыз!». Әуелде бір реалити-шоудың кейіпкерімін бе деп, шын қобалжыдым. Жасырын камера түсіріп тұр ма деп, келгендердің алды-артын тінтіп, көзбен ішіп-жеуді шығардым. Ал толық бір ай болғанда — бақташылыққа келгендерді бинкольмен шығарып салып, аңдуды шығардым. Біразын үйіне дейін аңдитын болдым. Сосын келушілер де саябырсыды. Бір жарым ай болғанда, балапандардың… қалай өспегенін де байқамаппын! Әлі сол күйі! Я салмақ, я кәрілік қоспаған! Мен шынымен қобалжиын дедім. Әлгі, алғаш келгендерге күндіз-түні қоңыраулатып, шынымен балапанды жеу үшін бағуға болмай ма деп, жалбарындым. Қап бәлем, әлгі, соңғы келген шал отызыншы қоңырауыма шыдамапты: полицияға ұстатты да жіберді. Полиция бекетіндегі әңгімем де сұйық болды ма деймін: жындаханадан бір шығарды. «Мания!» — деді мені әкелген бике. «Екінші қабатқа!» — деді дәрігер бетіме де қарамастан.

Айтпақшы, балапандардың сырын — «Армия Крайова» партизандарына жылу жинап жүріп қолға түскен көршім түсіндіргендей болды (ол да мен сияқты — сау адам, нақақтан түскен!). Ол бір жерден оқыпты: 120-дан астам құстың ойлары шоғырланып, біртұтас адам ретінде көрінеді екен. Ал сендер мені жынды дейсіңдер, іхе-хе-хе-хе-хе…
Бөлісу:

22 пікір

asaubota
профессионал болу керек та просто, бақ та- өсір, же, болды. мысалы бір діни әңгімеде бір ғұлама ойнап жүрген баланы өлтіріп тастайды. «неге?» десе, бұл өскенде жауыз болады депті. білә, шын айтам. қазір тауып алып келем
asaubota
Сонда екеуін жартастың қасында Біз рахым еткен және білімімізді үйреткен құлымызды кездестірді. Оған Мұса (ғ.с.); «Мен сен білетін білімді үйрену үшін, саған еруіме бола ма?»-деді. Ол; " Сен маған еріп жүруге шыдамайсың ғой"-деді. «Сырын білмейтін жағдайлар кездескенде сенің сабырлық сақтауға шыдамың жетпейді»-деді. Мұса (ғ.с.) «Алла Тағала қаласа, мен сабырлы болармын. Сенің істеріңе қарсы келмеймін»-деді. Ол; «Егер маған еретін болсаң, өзім айтпайынша менен істің жайын сұрама»- деді. Сөйтіп екеуі бірге жолға шығады. Келе жатып ол бір кемені тесе бастайды. Мұса (ғ.с.); «Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Сен өте ауыр қылмыс жасадың»- деді. Ол; «Менімен бірге жүруге шыдамың жетпейді- деп едім ғой саған»-деді..Мұса (ғ.с.); "Ұмытқан нәрсемді есепке алмашы. Ол үшін мені қолайсыз жағдайда қалдырмашы"-деді. Екеуі келе жатқанда оларға бір ұл бала кездеседі. Ол баланы өлтіреді. Сол кезде Мұса (ғ.с.); «Сен жазықсыз біреуді өлтірдің. Өте ауыр қылмыс жасадың»-дейді. «Сен менімен бірге жүруге шыдай алмайсың -деп айттым ғой!»- деді. Мұса(ғ.с.); „Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам мені ертпеуіңе болады“-деді. Екеуі тағы бірге жүріп, бір қалаға жетеді. Қала тұрғындарынан тамақ сұрап еді, олар екеуін қонақ еткілері келмеді. Қаланы аралап жүріп бір құлайын деп тұрған үйді көрді. Сосын оны тіреп жөндеп қояды. Мұса (ғ.с.); „Егер қаласаң, сен бұған ақы алар едің“-дейді. Ол; „Сен екеуміздің бөлінетін кезіміз жетті. Мен енді сенің сабырлық етуге шыдамың жетпеген нәрселердің мән-жайын айтайын“-деді. Бұл кеме теңізде кәсіп істейтін кедейлердікі болатын. Арғы бетте барлық бүтін кемелерді тартып алатын патша бар. Сондықтан мен оны ақау жасап тестім. Өлген баланың әке-шешесі мүміндер еді. Ол өскенде әке-шешесін діннен бездіріп, оларға құлшылық еткізбей, қарсы шығатынын сезіп, содан қорықтым. Раббылары әлгі баланың орнына ниеті дұрыс, мейірімді, таза перзент беруін қаладым. Ал біз жөндеген үй осы қаладағы екі жетім баланың үйі еді. Ол үйдің астында ол екеуіне тиесілі қазына бар еді. Олардың әке-шешелері жақсы кісіден болғандықтан, Раббың ол екеуі ер жетіп, қазыналарын өздері тауып алуын қалады. Бұл — Раббының рахымы еді. Мен бұл істерді өздігімнен істеген жоқпын. Міне, осы сенің сабыр сақтай алмаған сұрақтарыңның түсінігі. (»Кәһф" сүресі).

Ғызыр мен Мұса туралы абайкызыда жазған екен Бақтыбай айнабеков деген жазушы һәм ілім иесі
Rozatai
Сат атай, сіздің жазбаларыңызды сағындым. Мейізбукте мені баннан шығарыңызшы :S:S:S
satibaldi
Сәйкесінше сезімдермен жауап бере алмайтыныма кәдімгідей қынжыламын
Rozatai
Мейірімнен жұрдай екенсіз *demon*
MERmukhanov
Роз атай
Rozatai
Біз, Сатыбалды екеуміз дос кезде сіз бұ жерде жоқ едіңіз. Енді сіз барсыз, ол жоқ :S:S:S
MERmukhanov
да мне пофиг.

сендер Сатыбалды екеуің дос кезде мен басқа адамдармен дос едім, әлі де доспын.
Енді Сатыбалдымен де доспын, ал сен не сатыбалдымен не басқа адаммен дос емессің? :)))
Rozatai
Сатыбалдымен қайта достасуға әрекеттеніп жатырмын. Көмектессең, сені де дос қылам
Rozatai
Сиырдың тобы «табын» деп аталатынын ұмытып қалу дегеніңіз, енді :j
MERmukhanov
:) Қайтейік… Өмір ғо…
Rozatai
Сатыбалды, сізге тағы да ойлануға уақыт беремін. Чао!
ken
Басқа атпен тіркеліп достас
Rozatai
Сондай ұтқыр шешім деп ойлап отырсыз ғой? :j
VKM
*lol* осындай керекбатлдарды сағыныппын. Сатыпалдыны да
Rozatai
Выкымы, мен де сені сағындым. Прикольный комменттерің өртейтін еді ғо кезінде
VKM
Роза, оқу бітірдің бе? Қайдасың? Той қашан? Ой, мен көп нәрсені дұрыс түсінбей,қуыппын ғой. Түсіндірген кейбір адамдар)))
Rozatai
иә, КазГУ бітірдім. Былтыр магистр бітіре сала, Астанаға көшіп келдім. Ал, той, бұйырса, жұма күні ;)
Өзің қай қалада тұрып жатырсың? Отбасың туралы айта отыр)
VKM
охоооо,құтты болсын! Папаң туралы жазушы едің ғой, Роза. Аман-сау ма? Кімге тұрмысқа шығасың? Отбасы норм, супруг, сын) Алматы мен Өскеменнің ортасында жүрміз. Бүгін ұшамын Өскеменге
Rozatai
Молодец, все помнишь! Папам аман-есен, шүкір! Мен ақ боз атты ханзадаға тұрмысқа шығамын жұма күні, тек қай жылдың қай жұмасы екені белгісіз боп тұр %) Бақытты бол, келинка VKM-ка! :*