1 миллион сиыр табиғатта жоқ болып шықты!!!
18.04.2012, Наталья Терентьева, «Экспресс-К» газеті хабарлайды

Ауылшаруашылық Министрі Асылжан Мамытбеков таң қалғаннан көздері шарасынан шығып кеткенін жасырмайды:
Әрі қарай

Ауылшаруашылық Министрі Асылжан Мамытбеков таң қалғаннан көздері шарасынан шығып кеткенін жасырмайды:

Сегіз бітіретін жыл. Гимназия-лицейлер жаңа ашылып, гүрлеп жатырған кез болатын. Бір күні апай (класс жетекші) бір бума листовка алып келді. Қазақ-Түрік лицейінің жарнамасы екен. Жазылымға қарағанда бір жыл тіл үйретіп алады екен. Үйге келіп, соған түспекші болдым. Барлық құжатты мектеп дайындап берді (табель қырт-сырттың көшірмелері). Емтиханға келіп, алғаш рет тест (ол кезде тест болмаған) тапсырдым. Еш қиын болмады, кешке нәтижесін қарауға келсек 80-нің 78-і дұрыс екен. Келесі күні жақсы балл жинағандарды шақырып жиналыс өткізді. Үйдегі активист әкем екеуміз. Жиналысқа әке-шешем бірге барды. Айналып келгенде әлгілер бір жыл бойы ағылшын мен түрік тілін үйрететін болды. Әрмен қарай сабақтар ағылшын және түрік тілінде болады демесі бар ма. Келген жеріміз сол болды. Мен дым түсінбеймін, әке-шешем үйге келгенше ұрсысып келді. Әкем маған -Оқисың ба?!- деп қояды арасында. Шешем -Бала не біледі?- дейді. Обшым түсініп отырсыздар, мен ол мектепке содан кейін бармадым.


