Ауылдағы триллер. "Мола артындағы төбелес"

— Телефонда кіммен сөйлестің?
— Есімі «фак ю»
— Шынымен бе?
— Ия, ол қытайлық © satibaldi

_________________________________________________________________________________________________

Менде бір керемет сюжет бар...: Ауылдағы триллер. Мола артындағы төбелес
Ауыл деп отырғаным өзімнің туып өскен қалам, мен ауылым дегенді жақсы көрем. Георафиялық статусына қарайтын болсақ қала болып саналады екен. Шиваға шүкір 10 мыңнан аса тұрғынымыз бар, көбейтсек пе деген ойда бар. Сол ауылымыз негізінен 4 аймаққа бөлінеді, ешқандай әкімшілік тұрғыдан бөліну емес айтып тұрғаным, байырғы халық бұрыннан өздері-ақ әкім-жақыныңды күтпей бөліп тастаған. Әр аймақтың(бұдан әрі край) өз шекарасы, көшесі, ұраны бар. Әскері, қару-жарағы, басшысы бар деуге де болады негізі.

Әскер қатарына өтуіңіз қай мектепте оқитыныңа байланысты болады, қай көше де тұрасың сол крайдың намысын қорғайсың, бітті. Саған ешкім қару-жарақ бермейді, төбелесуді де үйретпейді, бәрін өзің үйренесің. Крайға өту 7-8 сыныптан басталады. Ия, ары қарай триллерге толы өмірің басталды дей бер: бауырым сен сценарийы жоқ кино да жүрсің, ертең не боларын білмейсің де, сондықтан бәріне дайын бол...

10 сынып оқитын кезіміз. Ауылда орталық стадионда футболдан пәленше-түгеншенің духына арналған жарыс өтіп жатыр. Қаладағы негізгі 5 мектеп командасы, ауылдардан келген командалар баршылық. Біздің 59-шы мектеп әйтеуір фавориттер қатарында, ана жақта бас қарсыласымыз 61-ші мектеп жүр, 71-ші мектепте мықты. Бірақ, 61-ші мектептің балалары басқа крайдан, ал жарыс біздің жерде өтіп жатыр наҚ.

— Пензесс шығар наҚ, біздің жерде емін еркін жүретін.
— Бірдеңе десе аңын шығарыңдар олардың.
— Кім төбелеспей қашса, сол бұтақбас.


Міне, осы сөздермен қайрайтын бізді, осылай басталатын Дайрабайдың ала сиыры. Сонымен, 1 күн жүрдік жеребе жолдас болмай аналармен, тісті қайрай-қайрай эмалы кетіп қалды. Шива да қалап тұрған секілді, финалда сол мектепті бұйыртты.

Ал, енд ойландық, футбол ойнаймыз ба әлде бокстың күреспен араласқан түрінен спорттық қойылым көрсетеміз бе? Таңдау қиынға түсті, мына жақта тренер ағайымыз ұтпасаңдар тігемін шеттеріңнен дегенді айтқан. Сонымен не болса да Чемпиондар Лигасынан да бергісіз күткен матчымыз басталды. Алғашқы тайм аңдысумен өтті, ешқайсымыз да ілетін де тігетін де себеп таппадық. Сөйтсек футбол да 2-ші тайм болады екен, міне сол кезде басталды бар қызық.

Бәрін бастаған, Гәлок класстасым, допты қараптан қарап далаға, далаға болған да алысқа тепті. Негізгі мақсатымыз уақыттан ұту еді, соған шыдай алмаған ана мектеп ойыншысы:

— Е, Гәлок жай тепсей.
— Сенен сұраймын ба, наҚ.
— Нақуламай сөйле, е.
— Кет наҚой, сен кімсің??
— Пензесс шығарсың, кет наҚой дейтін??
— Болсам не, көтің тұра ма??
— Аңыңды шығарам жай сөйле…
(Дәл келтіру қиын, шамамен осы шамада)

Осылай, осылай Шымкенттіктер ғана қолданбайтын әкессс, шешессстер кетті. Жаңағы екі батырды айтақтап жүріп, амалсыздан әрең айырып алдық. Төреші бар екенін сол кезде білдік қо, епті. Екеуі де әдебиетке қайшы сөздер айтқаны үшін алаңнан қуылды. (Алайда кешке кездесетін болып шештік, солай миссияны орындап тастадық!!!).

Матч бітті, ұтылдық. Есесіне, кешке бізге мотивация табылды. Кездесетін орын белгілі, талай Мортал Комбаттарды көрген сырт жақтағы моланың арты, өзі сондай төмендеу, ойлы жер. Сонымен, жиналдық небір батырлар-қорқақтар, көті тұратыны бар тұрмайтыны бар.

Енд, біздердің төбелесімізді көрсең Джеки Чанның қойылымдары әдемі көрінеді мынадан, Ван Даммның тебістері өтірік екенін ұқтық. Әйтеуір кезекті ұрыстан тірі қайттық, бірақ жеңгендей болдық, тайып тұрды аналар, сол жеңіс тарих кітабына енбесе де халық аузында қалған еді.

Алпамыс пен Қобыланды батырлар жыры секілді ауылдағы браттардың батырлық жырымен сусындап өстік қой. Бізде соларға ұқсағымыз келді, ұқсадық та, асып та түскен шығарыз. Біз үшін триллер осы, сізге олай көрінбеуі де мүмкін.

_________________________________________________________________________________________________

Жазбаны дайындау барысында ешқандай жан-жануар жапа шеккен жоқ ©
Бөлісу:

22 пікір

Sashok
Еліктемеш, қалқам.
Ispek92
кімге???
Sashok
Кімге еліктеуші едің, соған.
Ispek92
Мен ешкімге еліктеп жатқам жоқ (брат/сестра) сіздің жынысыңызда белгісіз маған. Адамдарды сынап-мінегенді ұнататыңызды байқадым, аспаннан сәл жерге түссеңші, ақылды бола бермей…
Sashok
Сенен Сатыбалды шықпайд бәрібір. Өйстіп тісіңді көрсетіп қойшиш анда-санда, а то анаған да, мынаған да жалбақтап…
Ispek92
іріген ауыздан шыққан сөздер мынау, Сатыбалдыға қай жерін ұқсаттыңыз сонда??? Сатыбалды кім мен кіммін?? Москвич пен Бентлиді салыстырмаңыз, қиялыңыз нашар екен
MERmukhanov
Испектікі жөн. Зайыпты да, ерді де аласыз негізі, өзіңізге жазса, шыңғырасыз.

Александрок, Жазшы бір пост, көрейік.

Еще я в поэзии кое что понимаю, у тебя джасанды дегенсіз

Бірдеңе жазш кароч. бизабид бірақ я)
Соңғы түзету:
Ispek92
Бұл қарапайым шаштан өткен жағдай бала кезде, солай қабылдаңыз хуйрметті САШОК
Adiletshu
Жақсы жазыпсың. Ұнады
Daniar-Alan
Жазбаны дайындау барысында ешқандай жан-жануар жапа шеккен жоқ ©
zholantai
сол жеңіс тарих кітабына енбесе де халық аузында қалған еді.
zholantai
өткен күндер ойға оралды, елестеттім, жаңғырды, рахмет
patick
Мектепте әскери дайындықтан дала жиынына барғанда шет-жағасын көрдік. Аудандық қолбасшыны күтіп сапта тұрғанда әскери жетекшілердің қой-қойларына қарамастан төбеден шебін жауған. Арты ағаш автоматтардың сатыр-сұтыр сынуына алып келді.
AKA
Күшті! Керекинфоға жақсы сіңісіп кетіпсің, аз ғана уақыт аралығында.
asaubota
Сатыбалдыдан басқа Сатыбалды жоқ. еліктеме інім. одан да өзің тұлға болуға, жаңа стиль қалыптастыруға тырыс. алғашқы абзацтардан-ақ әрі қарай оқымадым. минустамадым бірақ, бүгін мейірімдімін.
MERmukhanov
Қайрат Сатыбалдыдан басқа Қайрат Сатыбалды жоқ…
Ispek92
ағасы мен негізі Сатекеңнің табынушысы екенім рас, бірақ ол кісіге ұқсау деген ойда да жоқ. Қолдан келмейтін нәрсені істемеуші едім, ал енді жазбаға келер болсақ ол бастан өткен нәрсе, басқалары да өткен өмірінен жазбалар жазып жатыр екен. Жыланғандай болмайын, тек түсінсеңдер екен. Сайтқа кеше ғана келдім, менен қалай Сатыбалды шығады. Сосын минустамағаныңыз үшін рахмет
Adiletshu
Шива дегеніңді тасташы.
zhanibek
Ауылымды еске түсірдіңғой қай крайдансың?
Ispek92
Ауылың қай жақ еді братан??? Мен Қазалыданмын
bizbike
не ғой, бізде тайраңдап жүрген қытай-мытай, ағылшын-мағылшын, италиян-миталияндарды осылай қуып жіберсеееееее шіркіііііііін десем
boztorgai
қару-жарағы
штакетник (кез-келген үйдің шарбағы) — «орудие пролетариата» тұғын