kariimге ашық сабақтар. #1. Психологиялық баптаулар
Исекең(Ол ішкен ыдыс қайта тола берсін!) дүние есігін бақырып ашқаннан екі мың да он үш жылдың жүзі өтіп, мизанның он бірінші жұлдызының тал түсінде маған шәкірт болдың, kariim . Білмеймін: бағыңа ма, сорыңа ма; әйтеуір аузыңнан уағда шығып, виртуал медреседен ілім мүкәммалын* алып кетуге бел будың. Қош келдіңіз ендеше — есік мана ашық болған, терезеден секіріп түс!
Кірер ауыздағы шыбық салынған шелекті көріп, Триполидегі соғылған дүрелерің есіңе түсіп кетіп дір ете қалдың білем, ендеше оның бекер! Ол — бұрынғы молладан қалған бәлелер, естелікке тұра берсін дедік. Ал біздің оқу — діннен де толеранс: мәжбүрлік жоқ.
Сонымен, типінақ — оқырмандардың көпшілігі жайыз деп тауып, аямай плюстейтін жазбалар жазу үшін ең алдымен психологиялық дайындықтар керек. Неге? Себебі:
— Қаззақ оқырмандар менмендеу халық. Сондықтан «мен!» деген сипаттағы бірдеңе жазсаң, ол оқыған сайын ішінен: «сен кім едің шешесс?» деп отырады. Сондықтан, үшінші жақтан жазуға әлден машықтана бер;
— Қаззақ оқырмандар жаман мағынасында намысқой: өзінен кіші немесе үлкен, ұзын немесе қысқа, биік немесе төмен адамның сөзін «ақыл айту» деп есептейді. Сондықтан "өйт, сөйт, бүйт" спиртті, кешірерсіз — іспетті императивтерді (бұйрық рай) әлден-ақ қоқысқа лақтыр.
Бұларды маған тек айтуға оңай болып отыр, ал саған осындай психологиялық ұстанымды бірден ұстанып кету қиын. Бұған көнгеннен кейін келесідей психологиялық алданыш сезімдерімен өзіңді саптай бер:
1. Тек қана жазумен тамақ табам деп елестет. Яғни, қолымнан — жазудан басқа түк келмейді деп ойла.
2. Енді қара: түнде Аспан Әміршілері сені сынамаққа әлде мазақ үшін бе — барлық адамзатты жазғыш қылып жіберді делік. Таң атпай жеті милард адамның барлығы тамақ табу үшін өре түрегеліп жүгірді делік. Аштан өлмеудің қамы үшін енді қалай жазам деп жыла (жұбайыңыздан ұялсаңыз — әжетханада, немесе дәрет кезінде тығылып жылап алуға болады). Сенің бәсекелесің — барлық адамзат. Бітті.
Осындай алғышарттарды қабылдай алдым десең — сені келесі сабақ күтіп тұр, уа ғақылия уәсәсуа мұғжыза вә мүрид әм мүджтаһір әл мүджаһид kariim !
(Ертайы бар)
* — kariim, мүкәммал деген не?

Керекті дүниелер.