Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…
Әрі қарай

Кім едің?

Орындаушы: Сержан Али

Жаздағы жылы нөсердей,
Мұншалық ғашық етердей, кім едің?
Дауыл боп соғып өтердей,
Тынышымды ұрлап кетердей, кім едің?

Қайырмасы:
Көрмесем, күнім, жабығам,
Көруге дәйім асығам.
Тастамашы жерге сөзімді,
Мендегі қойшы төзімді,
Ұқпадым бірақ мұң толы көзіңді.

Төбемнен төніп бұлтты аспан,
Сырыңды сенің ұқпастан, жүрмін-ау
Күтудің жолы тым ұзақ,
Өтуде күндер зымырап, түн мынау
Әрі қарай

Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?
Әрі қарай

Қазақтай ел қайда?!

Қазақтай ел қайда
орындайтын: Музарт тобы

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда.
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Әрі қарай

Қазақ қызы (Жанар Айжанова)



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Әрі қарай

Ойлай берме (Ринат Ғайсин)



Еске алып айлы түндерді,
Өкінбе сен өткен күндерге…
Өкпелеме, сөкпе мені.
Жанарыңнан мұңды аяулым,
Кездескенде көріп аядым…
Ойлай берме...Қасыңдамын.
Ойлай берме… мені! ойлай берме… жаным!
Ойлай берме… мені, ойлай берме…
Әрі қарай

"Жас қалам" әнінің шығу тарихы



«Жас Алаш» газетiнiң түнеукүнгi нөмiрлерiнiң бiрiндегi «Ырғақ» музыкалық бетiнде бiр оқырман «Жас қалам» әнiне қатысты пiкiр бiлдiрiптi. «Кейбi­реулер бұл әндi Қорабай Есе­новтiкi деп жүр. Ал жазушы Қабдеш Жұмадiловтiң айтуынша, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған. Мұның қайсысына сенемiз?», — дептi оқырман.

Кездессем ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек
Мен сенi жаныма балаймын,
Сен үшiн менде бар бiр тiлек…

Мен бұл әннiң шығу тарихын жақсы бiлемiн. Республикалық радиодан бұл әндi Қорабай Есенов жазған деп терiс айтып жүр. Шын мәнiнде, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған.
Әрі қарай