ДОСТАРҒА

Менің жерлестерім шығарған әнді сіздерге ұсынғым келеді.Музыкасын жазған Көшеров деген ағамыз Күршім ауданына тұрып,қызмет еткен. Қайтыс болған. Жақында папамның ең жақын досының мерейтойы, сол тойда осы әнді біздің жанұя айтатын болды. Папам маған да
Әрі қарай

Есіл ағады (МузАрт)

Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды…
Әрі қарай

Cүйдім сені (МузАрт)

Махаббат — мәңгі көктем, әні — дастан,
Жалынды жүректерді тәңір қосқан.
Аяулы арманымды аңсағанда,
Көңілдің көгершіні алып-ұшқан.
Құралай көздеріңнен сыр ұққандай,
Жанарың жүрегімді жылытқандай.
Жарқ етсең жарты әлемге, боламын мен,
Есімімді ұмытқандай.
Әрі қарай

Арулар асыл жандар (Роза Әлқожа)



Арулар — әрбір үйдің шаңырағы,
От болып әрбір үйге жағылады.
Таң болып әрбір үйге атты-дағы,
Сәуле боп әрбір үйге жамырады.

Қайырмасы:
Арулар — асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар, арулар — асыл жандар!
Әрі қарай

Сағыныш (Құрмаш Маханов)

Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?
Әрі қарай