ДОСТАРҒА
Менің жерлестерім шығарған әнді сіздерге ұсынғым келеді.Музыкасын жазған Көшеров деген ағамыз Күршім ауданына тұрып,қызмет еткен. Қайтыс болған. Жақында папамның ең жақын досының мерейтойы, сол тойда осы әнді біздің жанұя айтатын болды. Папам маған да қосыласың деді. Әнін жаттап отырмын. Инеттен тапқан запись нашар екен, бірақ сіздер естімеген болсаңыздар, таныс болсын деп қойдым.
ДОСТАРҒА
Муз: Көшеровтікі
Сөзі: Х.Закарияныкы
Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.
Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым,
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым,
Сендерге арнап, достарым.
Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,
Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.
Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,
Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.
Десек те қанша баянсыз достан түңілді,
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,
Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бер
Достарым.+Х.+Закариянов,+О.+Кoшеров
ДОСТАРҒА
Муз: Көшеровтікі
Сөзі: Х.Закарияныкы
Толтыра біліп көңілдің олқы, бос жағын,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс-қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүрдіңдер, сендер,қолтықтан демеп, достарым.
Қайырмасы:
Жабыққан сәтте қас қағым,
Жанымды ұғар басқа кім?
Жаңа бір әуен бастадым,
Сендерге арнап, достарым.
Сағыныш толы кеудені кернеп жыр-көшкін,
Достықтың келді сазына әнмен үн қосқым.
Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,
Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.
Десек те қанша баянсыз достан түңілді,
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін,
Соларға тағдыр,өкінбей өтер ғұмыр бер
Достарым.+Х.+Закариянов,+О.+Кoшеров
кетсең кетші, уфф дейтін(