АМАН БОЛ

АМАН БОЛ
Өмір шіркін тартып маған, азабы мен қайғысын.
Неге сүйдім, не үшін сүйдім, сол бір кезде мен сені.
Сені ойласам жанарыма, жас келеді мөлдіреп,
Сені ойласам қасіреттер төгілер
Әрі қарай

Сен - қазақсың!

Орындаушы: Бағлан Әбдірайымов.
Сөзі: Күләш АХМЕТОВА.

I.
Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!

II.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!

III.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Әрі қарай

Айбек Бекбосын - Кім кінәлі

Айбек Бекбосынның орындауындағы мұңды әнді ұсынамын.

Мөлдіреген қара көздер қараушы еді жасқана,
Сол көздердің тұнықтығын қимаушы едім басқаға.

Кім кінәлі, айтшы маған, аяулым,
Екеумізді екі айырған, кім, кім, кім.
Кім кінәлі, жалыныш жоқ жүрекке,
Кім кінәлі айтшы маған, кім, кім, кім.
Әрі қарай

Көше әні

Жыламашы махаббатым-сен.



1. Жолыңа қарап көз тастаймын алысқа,
Қайда жүрсең жаным мені ұмытпа.
Қанша уақыт өтті арада,
Сүйгенім жоқ ешбір жанды,
Жыламашы махаббатым-сен.

2. Бұл өмірде жалғыз сені сүйемін,
Сені сүйіп бұл өмірден
Әрі қарай

Ғажайып түс - Индира Расылхан



орындаушысы: Индира Расылхан
әні мен сөзі: М.Ынтықбаев, А.Бажанова

Ғажайып түс
1. Бояу беріп таңыма, түсіме ендің тағы да
Жүрегіммен жүрмін аңсап сені сағына
Бәрі бекер деймін де, үміт артып кей күнге
Елеңдеймін, сені келер ме екен деймін
Әрі қарай

Айт сырыңды ақ қайың (Сәкен Майғазиев)



Ақ қайың тұр жағада,
Сағыныш боп санада.
Жалғыз келіп тұрмын мен,
Жылдар салып араға.
Өмірдің сан жолдары,
Біз шешкендей болмады.
Мен сияқты мұң шағып,
Келіп жүр ме ол-дағы.

Қайырмасы:
Айт сырыңды ақ қайың,
Көңілімде сақтайын.
Шығарып сап тұрушы ең,
Бізге тілеп бақ дәйім.
Әрі қарай