"Каспий" тобы - Жаз не деді?!

Ұйқыдан көңілсіз тұратын таңдар болады ғой… Күн жексенбі болса да, көл көсір қуаныштан гөрі еңсе езген мұң бар… Балконға шықсам, аспанын бұлт бүркеген, Күнсіз Астана қарайды маған, бозарып… Сұрықсыз сырттан сырғақсып, ішке асықтым… Түнде телефонға да хат келмеген екен.
Әрі қарай

Сен мені енді іздеме

Сен мені енді іздеме

Сөзі: Бақытжан Алдияр
Әні: Роза Әлқожа

Сен мені енді іздеме,
Мен сені енді іздемен.
Жылымас енді мұз дене
Мұңайған бірге күзбенен.

Қайырмасы:
Сен жаққа мен де соқпадым,
Мен жаққа сен де соқпағын.
Жаныштап өзің тастадың
Жанымның жапырақтарын.

Әлсіреп барып көз ілген,
Қал сұрап қайтем сезімнен.
Көрерсің бәрін өзіңнен
Көрермін бәрін өзімнен.

Мені ойлап енді жылама,
Сені ойлап мен де жыламан.
Жайымды менің сұрама
Сен жүрсең болды дін -аман.
Әрі қарай

Құс қанат ғұмыр

Орындаушы: Мейрамбек Беспаев

Өмiрдiң мәнiн кiм бiлген
Бiр күнiм ұқсас бiр күнмен
Таң атса күннiң батарын
Бiлсем де бейқам жүрдiм мен
Тағы да мiне, таң атты
Шапағын тегiн таратты
Манаурап естi жиғанша
Масайрап мезгiл барады

Қ-сы:
Таң атса болды, күн батты
Ұршығын мезгiл зырлатты
Құс қанат менiң ғұмырым
Қанатын тағы бiр қақты

Тұсаудай тұтам тiрлiкте
Тентiреп текке жүрдiк пе?!
Жойылып жерден кетер ме ек
Жобасы түскен бiр нүкте
Не алдым елге, не бердiм
өтеусiз бе едi келер күн
Қырандай баулып өсiрген
Халқыма ендi не дермiн?!
Әрі қарай