Асанәлі Көшеров "Сағынышым менің"



1. Сен жанымда жүрсең,
Сен жадырап күлсең,
Бақыттымын мәңгі асыл арманым.
Жаутаңдаған көзде,
Сәуле ойнаған кезде,
Шаттығымды елден жасыра алмадым.

Қ-сы:
Желбіреген гүлдей,
Жеке шыққан күндей,
Сағынышым жайнап тұршы алдымда.
Тауды бұлттар асып,
Жерге жұпар шашып,
Бал бұлақтар тасып жатқан кезде
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым сені көріп қалдым ба?

2. Құшағыма кіріп,
Күле қарап тұрып,
Қосылшы әнге сол бір жүрек тербеген.
Тал жанына барсақ,
Таңды күтіп алсақ,
Таңдай аппақ адал тілектерменен.

3. Неге алыс кеттің,
Неге көп іздеттің,
Үмітімді менің болдың үзгендей.
Сағынышты өмір,
Қалды шіркін көңіл,
Көлде аққу шалқып жалғыз жүргендей.

(Авторын, Асанәлі туралы деректерді білгендер жазсаңыздар. Маған ұнайтын әнші).
Бөлісу:

3 пікір

chimaq
Mr Ka ma desem,emes eken ghoi...))
aza
ооо, озімнің Асекем ғой! Маңғыстаудың жаз мінез, жайдары жігіттерінің бірі! Айтулы әнші, халықаралық конкурстардың Маңғыстаудың атынан тұрақты қатысушысы, сыйлас дос, асыл ағам. кеше ғана бір тойға шақырып, екі ән айтып кеткен. Айтқандайын, Маңғыстауда «Асанәлі» деген есімге «Асқар» деген есім қосылады, Асқар туған ағасы Асанның. Толығырақ мәліметтер алда болады, мойныма аламын!
sammita
Әдеттегідей Аза- азамат:) Маған осындай дауысты әншілер өтттте ұнайды. Келесі керекинфо өзіңнен болсын. Суреті, өмірбаяны т.б.