Сен мені енді іздеме

Сен мені енді іздеме

Сөзі: Бақытжан Алдияр
Әні: Роза Әлқожа

Сен мені енді іздеме,
Мен сені енді іздемен.
Жылымас енді мұз дене
Мұңайған бірге күзбенен.

Қайырмасы:
Сен жаққа мен де соқпадым,
Мен жаққа сен де соқпағын.
Жаныштап өзің тастадың
Жанымның жапырақтарын.

Әлсіреп барып көз ілген,
Қал сұрап қайтем сезімнен.
Көрерсің бәрін өзіңнен
Көрермін бәрін өзімнен.

Мені ойлап енді жылама,
Сені ойлап мен де жыламан.
Жайымды менің сұрама
Сен жүрсең болды дін -аман.
Бөлісу:

3 пікір

TERISKEI
… бұрын естімеппін бұл әнді, дегенмен сөздері керемет екен. Әуені болса, мұнда қоя салсаңыз немесе қайдан алатынын сілтеме арқылы көрсете қойса білгендер?!..
AKY
Ия, мр3 код в студию!
TOTY
Өкінішке орай өзім де таба алмай отырмын, қазақ радиосынан жазып алғамын, комп оқымайды екен.