Мен сені қаладым (С. Майғазиев)

Шаттықта күн кешкен,
Қос жүрек үндескен,
Біздер едік, іздеп едік жол бірлескен.
Болмаған бақ па екен?
Алдамшы сәт пе екен?
Бал шақтар-ай, аңсатқан-ай, қай жақта екен?
Қайырмасы:
Мен сені қаладым, бал әнім.
Арнадым саған жүректі,
Жанымның жақтың алауын.
Мен сені қаладым, жанарың,
жайнаған жарық жүзіңді,
Жадымда сақтап қаламын.

Асығып уақыт тым,
Жалт етті жақұт күн.
Жүрмін ойда, кілті қайда сол бақыттың?
Айтылмай әніміз,
Жаурады жанымыз.
Қалғаны тек, арманы көп тек сағыныш.
Бөлісу:

4 пікір

ushkin
Күшті ән. Маған ұнайды. Жүрек тербетер әдемі әуенмен басталады ғой.Сол жері күшті)
Nurgisa
Жазбаның атауына қарап, гастарбайтердің салып болған үйіне қарата айтқан монологынан үзінді бола ма екен десем…
TERISKEI
Жаңылмасам, Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның әні ғой деймін. Тамаша ән, әнші де тамаша айта білген.