Eркін Жанель - Әке-Ана

Сөзі: Серік Сейітман
Әні: Қанат Қалтай

Сезімің неткен ыстық балаңа тым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.

Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.
Әрі қарай

Сағына беремін (Алмас Кішкенбаев)


Өңім бе едің, түсім бе едің,
Айтшы маған, сен, шыныңды?
Қалай ғана түсінбедің,
Саған айтқан сырымды?
Үнсіз ғана ішудемін,
Сағыныш деген шырынды,
Қол жеткізбес құсым менің,
Пәк жаның кімге жылынды?
Әрі қарай

Сол бір сезім (кажытся) Ғаділбек пен Индира

Бағынба, жүрегім, бағынба,
Мазасыз түндерім, басталды тағы да, оу, тағы да.
Мен сені ұмытқам бұрында,
Көрмеймін азабын, түспеймін торыңа, оу, торыңа…

Қайырмасы:
Сол бір сезім қайта келмес,
Мүмкін емес, мүмкін емес.
Мәңгілікке қалатын елес…
Әрі қарай

Ұмыттың ба? (Б.Жамбозов)

1.Бал-бұл жанып жүздеріміз,
Жан емес пе ек, біздер егіз?
Жастық шақтың еншісіндей,
Жатыр сайрап іздеріміз.

Қайырмасы:
Елеңдеумен хабарыңа,
Жас іркілді жанарыма,
Тағдыр бізді жақындатпай,
Алыстатып барады ма?
Әрі қарай

Махаббат арман (Бақытжан Мұстафаев)

Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Әрі қарай

Өзбекше ән

Фейсбукте қазақтарға ұнап жатыр екен. Сөзін жазып қоюды жөн санадым.



Ғазизім

Әтіргүлдер (раушан гүлдер) ашты шырай
Қара! Күшку (зәулім үй мен) биллур (хрусталь) сарай
Жұлдыздар ішінде тәнһа (дара) ай
Ғазизімсің менің, менің ғазизім

Ләйлі жүзі маған маған бекер
Мәжнүн сөзі маған маған бекер
Шырын сөзі маған маған бекер
Фархад көзі маған маған бекер

Жұлдыздар ішінде тәнһа (дара) ай
Ғазизімсің менің, менің ғазизім

Мен шаһзада, күлме күлме, қара
Көзім саған көзгү (айна) маған қара
Періштелер ішінде сен ягонам (жалғызым)
Періштемсің менің, менің періштем

Шаһзадалар ішінде сен жалғызым
Шаһзадамсың менің, менің шаһзадам
Әрі қарай

Жүрек назы

Әні: Роза Әлқожа

Білесің жаныма ыстықсың өрттей,
Жүректі шарпыдың айықпас дерттей.
Бір өзің жаралап, бір өзің емдейсің неге?
Жаным,
Қасымда қалшы кетпей.

Қайырмасы:
Жанымнан жырақтамашы,
Көзіңмен сыр ақтарғансың,
Сен сөйтіп ұнап қалғансың
Жаным.
Келдің ғой кетем демеші,
Бәрі де бекер демеші
Жүректе мекендегенсің
Жаным.

Жолыңа қараймын жанарым талмай,
Бірге өткен сәттерге ынтығып балдай.
Қасыңда болсам да аңсатып сағындырған
Жаным,
Япырау, жансың қандай
Әрі қарай